Мазмұны

 

Кіріспе.........................................................................................................3

 

I тарау.Қаржы терминологиясының жүйесі.............................................5

1.1 Қаржы терминологиясының қалыптасуы мен даму тарихы..............5

1.2 Қазақ тілінің лексикалық жүйесіндегі қаржы терминдері..................8

 

II тарау. Қаржы терминдерін аударудың ерекшеліктері............................11

2.1 Басқа тілден енген қаржы терминдері...................................................12

2.2 Қаржы терминдерінінің жасалу жолдары........................................... 15

2.3 Қаржы терминдерін аудару тәсілдері.....................................................22

 

 

Қорытынды....................................................................................................32

Қосымша........................................................................................................36

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................44

 

 

 

Кіріспе

Қазақстан Республикасы дамыған елу мемлекеттердің қатарына қосылуы үшін шет елдерімен қаржы, экономика саласындағы қарым-қатынасын қарқынды дамытуда. Соған байланысты шет елдік банкілер мен мемлекетіміздің ішіндегі ақша айналымымен, яғни, банкілерімен жұмыс істей келе, олардың тек банкілік жүйесін ғана емес, сонымен қатар қаржы терминологиясын да түсініп, одан дұрыс аудару қажеттілігі туындайды. Ұлт тілінде қаржы саласы терминологиялық жүйесінің қалыптасуы мен дамуына ерекше көңіл бөліне бастауы осы жұмыстың өзектілігін көрсетеді.

Мемлекеттердің жаңа экономикалық, қаржы саласындағы тығыз қарым-қатынастары нәтижесінде пайда болған терминдер мен неологизмдерді аударудың ерекшеліктерін қарастырып, экономикалық лексиканы бір жүйеге келтіру- дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты болмақ.

Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттер орындалуы тиіс:

  1. қолданыстағы қаржы терминологиясының қалыптасуы мен дамуын зерттеп, оған баға беру;

  2. берілген терминологиялық жүйеге құрылымдық-семантикалық сипаттама беру;

  3. қаржы терминдерін аударудың тәсілдерін көрсету;

  4. қаржы, экономикалық терминдерінің қолдану аясын суреттеу;

Бұл жұмыстың нысаны - берілген терминологиялық лексика жүйесіне күрделі сараптама жасап, оның ерекшеліктерін көрсетуде.

Жұмыстың теориялық маңызы - бұл жұмыс шет тілдері факультетінде оқитын студенттерді дұрыс аударма жасау тәсілдерімен, аударманың түрлерімен, қаржы саласындағы терминологияның ерекшеліктерімен, сонымен қатар, шет елдерінің банк жүйесінің жұмысымен таныстырады.

Жұмыстың практикалық маңызы - бұл жұмыс қазақ тіліне басқа тілден енген қаржы терминологиясын аудару барысында көлемді тәсілдері қолданылып, дұрыс, мамандырылған аударма жасауға өз көмегін тигізбек.

Жұмыс жасау барысында шет тілдері факультетінде оқитын студенттер арасында әлеуметтік-практикалық сауалнама өткізілді. Сауалнама кезінде студенттерге қаржы саласындағы терминологияны қазақ тілінен ағылшын тіліне және керісінше аудару тапсырмасы берілген еді. Мұндағы мақсат- студенттер аударудың қандай тәсілдерін көбірек қолданатынын анықтау болатын. Нәтижесінде берілген жеті тәсілдің ішінен 40%-ы транскрипция мен транслитерацияның үлесінде, 30 %-ы-суреттемелі-түсіндірмелі аударма және 20 %-ы-калькалау тәсілі болса, қалған 10 %-ы сөзбе-сөз аударманың үлесінде. Осы нәтижелерге сүйене отырып, қаржы саласындағы терминологияны аударуда біздің де көбінесе қолданған тәсілім- транскрипция мен транслитерация және суреттемелі-түсіндірмелі аударма болды. Бұл жұмыстың практикалық бөлімінде көрсетілген. Яғни, қаржы саласындағы терминологияны аударудағы ең негізгі тәсіл - транскрипция мен транслитерация екендігін анықтау- жұмыстың жаңалығы болып табылады.

Зерттеу барысында қолданылған әдістер ретінде құрылымды-семантикалық, контекстуалдық, сөз жасамдық сараптама әдістері қолданылды.

Жұмыста қолданылатын терминдер мына әдебиеттерге негізделіп жазылған:

-қаржы, экономика саласына байланысты анықтамалық сөздік ретінде жасалған жаңа әдебиеттер;

-бұқаралық ақпарат қөздері (газет, журнал, радио, теледидар және т.б.)

Жұмыстың жекелеген қорытындылары 2008жылы, сәуір айында Қазақ гуманитарлық-заң университетінде өткен «Ғылыми студенттік теория конференциясы» атты, материалдар жинағындағы тезис түрінде басылып шықты.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, теориялық және практикалық бөлімдерден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I тарау Қаржы терминол