МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ 3

 

І. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖАЛҒАУЛАРДЫҢ ӘДІСТЕРІ 6

1.1 Көптік мағынаның берілуінің морфологиялық  әдісі. 6

1.2 Көптік  мағынаның  берілуінің  лексикалық  әдісі 9

1.3 Көптік мағынаның  берілуінің  синтаксистік әдісі 10

 

 

ІІ. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖАЛҒАУЛАРДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ

2.1 Тәуелдік жалғаулардың даму тарихы 12

2.2 Жіктік жалғауларының даму тарихы 14

2.3 Септік жалғауларының даму тарихы 18

2.4 Жеке септіктер тарихынан 20

 

ҚОРЫТЫНДЫ 48

ПАЙДАЛАНҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР 49

 

 

КІРІСПЕ

 

Диплом жұмысы тақырыбының өзекітілігі:  Қазіргі қазақ тіліндегі  жалғаулардың даму тарихы,  өту кезеңдері  көпшілікке өте қызық. Жалғаулар белгілі бір қалыпқа түсіп, сұрыпталғанша бұл мәселе  Ғ. Айдаров,  М.  Томанов,  Ә.  Құрышжановтың  т.б.   еңбектерінде біршама зерттелді.  Ал біздің  жұмысымыздағы  тақырыптың өзектілігі  -  жалғаулардың дамуын кезеңдерге бөле отырып, әр дәуірдегі қосымшаларды мысалдармен  дәлелдеу.

Зерттеу нысаны :  Диплом  жұмысының  басты  нысаны  етіліп  қазақ  тіліндегі жалғаулардың  көне  түркі кезеңінен бері қарайғы даму жолдары алынды.

Мақсаты:   Қазіргі   қазақ   тіліндегі   жалғаулар  тарихын  сөз ету, даму, қалыптасу   жүйесін  кезең - кезеңге  бөліп  анықтау.

Осы  мақсатты жүзеге асыру  үшін  төмендегідей  міндеттер  шешіледі:

 тарихи жазба мұраларды  кезеңдерге бөлу.

 әр кезеңдегі жалғаулардың қолданыс  ерекшелігін   ашу.

 жалғаулардың қолданысын тарихи ескерткіштер мысалдарымен  дәлелдеу.

 жалғаулардың даму жолын кестемен көрсету.

Диплом жұмысының әдістері: Диплом жұмысында жинақтау, салыстыру,  талдау әдістері  қолданылды.

Дереккөздері:  Күлтегін ескерткіші,  Тоныкөк ескерткіші,  М.  Қашқари  «Диуани лұғат-ит турк», С.Сараий  «Гүлстан бит турки», жыраулар поэзиясы.

Дүние  жүзіндегі  әрбір  халық сияқты, түркі халықтарының да өздеріне тән даму, қалыптасу тарихы бар. Әрбір тайпа, ұлт, халық тарихсыз болмайды.

Жалпы  түркі  тайпалары  халық   ретінде  V ғасырдың  орта  кезінен белгілі  бола  бастады. Бірақ  бұл  жерден  біз тек  V  ғасырда  ғана  тарихта пайда   болып  қалыптаса  қалдық  деген  ой  қалыптаспау  керек. Қазақ  халқы - үш  мың  жылдан  аса  тарихы  мен  мәдениеті  бар  халық.

Біз  тарихқа V ғасырда « түркі » деген  атпен  енсек  те, алтайлықтар, сақтар, хундар  мәдениетінің  төл  мұрагеріміз.

Славян  тобына  жататын  тілдерден  кейін  сан  жағынан  ірі  топ- түркі тілдер  тобы.

Түркі  тілдер  тобына  22 (алтай, азербайжан, башқұрт, гагауыз, қазақ, қарақалпақ, қарайым, қарачай – балқар, қырғыз, қырым  татарлары, құмық, ноғай, өзбек, татар, түрік, түркімен, ұйғыр, чуваш, шор, хакас, якут  т.б) тілдер кіреді. Бұлар  туыстас  тілдер  тобы  деп  аталады.

Қазақ  тілі төркіні  жағынан түркі  тектес тілдерге, соның  ішіндегі қыпшақ  тобына, құрылысы жағынан  аглютинативті  (жалғамалы) тілдер тобына  жатады. С. Исаевтың  айтуы  бойынша, қазақ тілінің даму кезеңдерін  былай  бөлуге  болады:

1.Көне  түркі  және  Орхон – Енисей - Талас кезеңіне (V-VIII ғасыр) руникалық жазба ескерткіштері жатады. Олар Білге қағанға, Тоныкөкке, Күлтегінге  арналған  ескерткіштер.

2.Араб  басқыншылығынан  кейінгі  Қараханид  кезеңі. Бұл  кезеңнің тілдік ерекшеліктерін сипаттайтын жазба материалдарға Жүсіп Баласағұнның «Құтатғу білік» поэмасы, Махмұд Қашғаридың «Дивани лұғат ат турк» лингвистикалық еңбегі, Ахмет Яссауидың «Диуани Хикметі» жатады. Мерзімі  жағынан  бұл   кезең  X-XII  ғасырды   қамтиды.

3.Монғол  шапқыншылығынан кейінгі орта ғасырлық кезең. Бұл кезеңде  тілдік  нормалар   сәл  де  болса  тұрақталып, сұрыпталды. Бұған Алтын Орда, Шағатай  ұлысында  жазылған  жазба  нұсқалар жатады. Олар Хорезмидің «Мұхаббат - намесі», Құтба ақынның «Хұсрау – Шырыны», Сейф Сарайидың «Гүлстан бит – түркиі», Рабғузидың  «Қысас – ул –анбиясы». Сондай-ақ Мамлюктер елі мен Сирияда жазылған нұсқалар, қыпшақ  жазбалары  да  осы  кезең материалдары  болып  табылады.

4.Қазақ   халқының  жеке  ел  болып  қалыптасқанынан  кейінгі  кезең XV-XVI ғасырда  басталып, XIX ғасырға дейін созылды. Бұл кезеңге негізінен  жыраулар  поэзиясын  жатқызуға  болады.

Тюркологияның негізін салушылар Н.А.Баскаков,  П.М.Мелиоранский,  Радловтардың зерттеулерінде,  Б.А.Серебренников,  Кононов,  С.Е.Малов,  В.А.Богородицкий, Н.А.Гаджиева, Г.Д.Санжеев, В.Котвичтердің   еңбектерінде де түркі тілдері  жалғаулар  жүйесінің этимологиясы,  тарихы,  пайда болу, «жоғалып»  кету мәселелері қозғалды. И.А.Батманов «Язык  Енисейских памятников древнетюркской письменности» еңбегінде әр тілдегі  септік жалғауларын өте жоғары деңгейде талдап береді. М.Қашғари  еңбегінде грамматикаға қатысты көп мәселеге жауап береді. А.Есенқұлов  Орхон - Енисей жазба ескерткіштеріндегі  қосымшаларды сөз етеді.

Біз осы диплом жұмысымызда жалғаулардың  даму сипатын  кезең-кезеңдерге бөліп  қарастырдық.