Мазмұны

Кіріспе 3

І. Эмоционалды-бағалаушылық қарым-қатынасты

білдіретін негізгі құралдардың сипаттамасы 5

§1.1. Лексика-семантикалық құралдар

1.1.1 Эмоционалды-бағалаушылық мағынадағы есімдіктің қызметі 5

1.1.2 Модаль демеулік шылаулар мен модаль етістік және интонация 11

1.1.3 Метафораның эмоционалды-бағалаушылық қызметі 17

1.1.4 Сөз мағынасы және сөз тіркестеріндегі

эмоционалды-бағалаушылық қатынас 23

§1.2. Синтаксистік құралдар 26

1.2.1 Бағыныңқы құрмалас сөйлем мен эмоционалдылық 26

1.2.2 Жай сөйлемдегі эмоционалдылық компонент 28

ІІ. Неміс жазушыларының көркем шығармаларындағы көңіл-

күйлік және бағалық мағынаны сездіру құралдары

§2.1. Көркем мәтіннің эмоционалды жоспары 32

§2.2. Э.М. Ремарк және А.Зегерстің шығармаларындағы

эмоционалды-бағалаушылық қарым-қатынасты жеткізу

құралдарының сараптамасы 33

Қорытынды 50

Қолданылған әдебиеттер тізімі 54

Қосымша материалдар 55

Кіріспе

Көп уақыт бойы эмоционалды бастаманы ғалымдар лингвистикалық категория ретінде мойындамай, ол тек психологтар қызметінің тармағы болып келді. Ең алғаш эмоция мен ойлау арасындағы байланысты ұсынған Л.С. Выготский болатын. Біздің зерттеуімізде «эмоция» термині талдап, қорыту, жинақтау сипаттамасына ие, яғни, эмоциядан адамның күнделікті өмірде бастан кешіруі: аффект, сезім, хал-күйі пайда болады.

Кез келген эмоция – интегралданған психофизиологиялық жүйе, адамның сөз арқылы психикалық күйін көрсетеді, білдіреді, жеткізеді. Күнделікті өмірде рухани хал-жағдайын сөз арқылы өрнектейді, әсерді ауызша береді [6;25].

Эмоцияда адамның антологиялық құрылымы саналатын бағалаушылық күш жатыр.

«Эмоционалдық» және «бағалаушылық» - бір біріне жақын ұғымдарды талқылап көрейік. Эмоционалдылық бағалаушылық негізінде құрылады. Сөз мағынасындағы эмоционалдылық туралы түсінік бере бермейді, ал кез келген эмоционалдылық мағына бағалаушылықты білдіреді [15;9].

Эмоция ишарат арқылы, мимика арқылы берілуі мүмкін. Белгілі бір тілде адамдар өзінің эмоциясын білдіру үшін арнайы сөздер мен құрылымды жинақтап, іріктеп алады. Тілде өз эмоциясын жеткізуші субъект эмоционал- ды-бағалаушылық лексиканың жинақтайды және қолданады. В.Д. Девкиннің айтуынша эмоционалды-бағалаушылық лексика тілдің менталитеттілігін, немістердің ауызекі сөйлеу тіліндегі ұлттық сипатты береді [7;35].

Дипломдық жұмыстың өзектілігі соңғы кезде шет тілін үйренуге көп көңіл бөлінуде. Шет тілін үйренудің практикалық бағыты тілдің әр түрлі функцияларының қолдануда өзіндік дағдыны қалыптастыруында. Тілдің қызметтерінің арасында эмоционалды қызметі маңызды болып келеді. Барлық тіл құралдарын айтып, үйрету, айтушының айтылушыға берілетін әсерлеуші-бағалаушылықты сөздері осы тілдің эмоционалды қызметі болып саналады. Осы мәселені зерттеуде В.Г. Адмонидің, В.В. Виноградовтың, Р.С. Сакиеваның, Е.М. Вольфтың және тағы басқа да зерттеушілердің еңбектері мол.

Р.С. Сакиеваның пікірінше кез келген неміс тілін үйренген адамға оның грамматикалық қыры қаншалықты қиын болғанын біледі. Тіпті неміс тілін ұзақ уақыт үйренген, оның қиыншылықтарын меңгерген адам, немістермен сөйлескен кезде өзінің сөйлеу тілі жалаң, пәрменсіз екенін байқайды. Себебі оның сөйлеу тілінде тірі бейнелі, эмоционалды құрылымның жетіспеуінен [15;14]. Сонымен қатар жұмыстың өзектілігі неміс тіл білімінде осы тақырып төңірегінде зерттеулердің жетіспеушілігі неміс тілін үйренушілерге теріс әсерін тигізеді.

Эмоционалды лексиканы меңгеру сол тілді толық түсіну үшін қажет, оның лингвистикалық бөлімдерін үйренуде, тексттің әр түрлі қырларын, сырын, өткірлігін түсіну үшін септігін тигізеді.

Жұмыстың негізгі мақсаты эмоционалды-бағалаушылық қарым-қатынастың негізгі белгілерін сипаттау, сонымен қатар неміс жазушыларының көркем шығармаларындағы қолданудың негізгі тәсілдерін көрсету.

В.Д. Девкиннің айтуынша эмоционалдылық қызмет кез келген тілдің ең маңызды бөлшегі болып табылады [6;38].

Осы мақсатқа жету келесі мәселелердің шешіміне байланысты:

- эмоционалды-бағалаушылықты білдіретін тілдік материалдарды жинақтау;

- неміс тіліндегі эмоционалды-бағалаушылық лексиканы білдірудің басты тәсілдерін анықтау;

- неміс авторлары Е.М. Ремарк және А. Зегерстің шығармаларындағы бағалаушылық лексиканы іріктеп, классификациялау;

- қарастырылатын көркем шығармалардағы эмоционалды-бағалаушылық лексиканың қолданылу жиілігін анықтау.

Дипломдық жұмыстың зерттеу нысанына неміс авторларының көркем шығармаларындағы эмоционалды-бағалаушы лексика жатады.

Осы жұмыстың зерттеу пәні неміс тілінде эмоционалды-бағалаушылық қарым-қатынасты жеткізудің негізгі құралдары болып табылады.

Зертеу әдістері: Бұл жұмыста іріктеу тәсілі, сонымен бірге суреттеу амалы қолданылған.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Дипломды жұмыста А. Зегерс және Э.М. Ремарк шығармаларындағы эмоционалды-бағалаушылық мағынасын жеткізу құралдарының жиілігі анықталады.

Дипломдық жұмыстың болжамы: Егер неміс жазушыларының шығармаларындағы эмоционалды-бағалаушылық мағынасы бар бірліктерді қарастыратын болсақ, онда неміс тіліндегі эмоционалды-бағалаушылық мағынаны білдіретін құралдарды айқындауға болады, өйткені тілдің эмоционалды функциясы көркем шығарманың эмоционалды жоспарын жасауға қызмет етеді.

Теориялық мағынасына неміс тілінде эмоционалды-бағалаушылық қатынасын білдіру тәсілдерін зерттеуде өз үлесін қосатын фактіні жатқызуға болады.

Жұмыстың практикалық құндылығы. Oсы диплом жұмысының материалы лексика және семинар сабақтарын ұйымдастыруда қолдануға болады. Жұмыста эмоцоналды-бағалаушылық қатынастың әр түрлі тәсілдерінің қолдану жиілігінен шыққан нәтижелер арнайы лингвистика курстарын ұйымдастыруда, сонымен бірге курстық жұмыс жазуда қолданылуы мүмкін.

Зерттеу жұмысының құрылымы мазмұнынан, кіріспеден, екі тараудан, және қорытындыдан тұрады. Мазмұнында беттердің нөмері көрсетілген бөлімдер тізімі берілген. Теориялық бөлімінде біз эмоционалды-бағалаушылық мағынасы бар қарастырылып жатқан жеткізу құралдарына мінездеме береміз. Дипломдық жұмысқа анализ жасап отырған шығармалардың эмоционалды-бағалаушылық мағынасын жеткізетін құралдардың пайыздық мөлшері графикалық түрінде көрсетілген екі қосымша тіркелді.