МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ..............................................................................................3

I. Сөз және мағына.

1.1 Сөздің лексикалық және грамматикалық мағыналары......5

1.2 Лексикалық мағынаның типтері..............................................8

1.3 Сөздің номинативті және ауыс мағынасы...............................9

1.4 Фразеологиялық байлаулы мағына........................................12

1.5 Сөздің стилистикалық қызметінен туған мағыналары......13

II. Сөз мағынасының дамуы.

2.1 Сөз мағынасының дамуы және тарылуы..............................14

2.2 Көпмағыналылық (полисемия)...............................................17

2.3 Полисемия және кеңмағыналылық........................................20

2.4 Полисемия және контекст.........................................................24

2.5 Контекст түрлері.........................................................................25

ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................28

 

 

 

Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы.

Таза сөйлеу – ой айқындылығының белгісі. Шешендікті қадірлеген халық «Адам аласынан сөз аласы жаман, от шаласынан сөз шаласы жаман» дегенде ана тілінің байлығын бағаламай, туған тілінде таза сөйлей алмаған адамдардың қойыртпақ тіліне қарап қынжылып айтса керек.

Ойдың айқындылығы сөз қолданыстағы дәлдікпен тығыз байланысты. Сөз қолданыстағы дәлдік сөйлеушінің тақырыпты қаншалықты меңгергенімен, ойлау жүйесінің тереңдігімен, кез келген әдеби тілінің байлығы мен нормасын жетік білуімен өлшенеді. Сөз мағыналарын жақсы білген адам сөзді орнымен жұмсай алады. Сөйлеуші сөздердің табиғи мүмкіншіліктерін тура мағынасын, көп мағыналылығын, синонимдік, антонимдік, омонимдік қасиеттерін кең түрде пайдаланумен бірге, сөздерді ауыспалы мағынада, тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдерді қыбын тауып қолдана білгені жөн.

Әрбір қолданыста әр түрлі мағынаға ие болатын көп мағыналы сөздерді өз орнында ұтымды қолдана алса, ой мен ұғым дәлдігіне жетеді. Мысалы, дүние деген сөздің қанша мағынасы бар болса, сонша рет қолданысқа түседі: бүкіл әлем, жер жүзі; өмір, тіршілік; мал, мүлік, көңіл-күй одағайы, т.б. немесе мағынасы бір-біріне жуық, мәндес сөздер болғанымен, синонимдер көп жағдайда бірінің орнына бірі жүре алмайды.

Ал бір-біріне кереғар, қарама-қарсы мағынадағы антоним сөздер – ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің оңтайлы құрамы болып есептеледі.

Кез клген тілде дыбысталуы бірдей, бірақ басқа-басқа мағыналарды білдіретін сөздер қаншама! Ондай сөздерді омонимдер деп атайды. Омонимдерді орнымен қолдану сөйлеуде қателік жіберуден сақтандырады.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні мақал-мәтелдер мен фразеологизмдер дәлдікпен қолданғанда, ойдың айқындалғанымен қоса, сөйлеудің көркемділік деңгейін көтереді.

Қайсібір тілді алсақ та олардың сөздік қорында сөздерге мағыналық өң беріп, бейнелі тіркестер жасалу мүмкіндігі шексіз екендігін көреміз.

Курстық жұмыстың мақсаты. Көпмағыналы сөздерге нақты сипаттама бере отырып сөз бен оның мағынасының көпмағыналылықты қалай құрайтынын және шығарма контекстіндегі шарттармен қалай үйлесетінін көрсету. Сөздердің көп мағынаға ие болуы оның шығармада дағы қолданысында  қарама-қайшылықтар туғызып отырады. Бірақ сөздердің басқа да жуық мағыналары шығармады тиісті бағытта жұмсалуы қажет. Сөз көп мағыналылығын тереңірек аша отырып, қолдану барысында оларды бір-бірінен айыра білу және шығарма контексті арқылы қандай мағынада жұмсалғанын  көрсету.

Жұмыс алдына мынадай тапсырмаларды қояды:  ағылшын тілінің лексикалық мәселелерін жалпылама сипаттама беру және жүйелеу; полисемия мен оның түрлеріне жалпылама түсінік беру, көпмағыналы сөздердің көрінісін тереңірек ашу және осы қолданыстағы материалды оқулық ретінде және кәсіби мақсаттарға пайдалану үшін жүйелеу.

Зерттеу нысаны. Ағылшын тіліндегі көпмағыналы сөздерді ашып көрсету үшін, зерттеу жұмысының нысаны ретінде  және шығарма контекстіндегі полисемияны ескере отырып, Америкалық жазушы Джек Лондонның «Мартин Иден» романы алынып отыр. Шығармадан көп мағыналы сөздерді тауып, олардың контекст бойынша қандай мағынада тұрғанын зерттеу және басқа да мағыналарын  іздеу.

Жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығы. Курстық жұмыс шет ел факультеттерінде ағылшын тілін оқытып, үйретуде маңыздылығы зор. Жұмыста білікті тіл мамандарының  ағылшын тілінде  кездесетін полисемия құбылыстарына берген  анықтамаларымен қатар теория және практика жүзінде келтірген мысалдарымен танысуға болады. Жұмыс ағылшын тіліндегі полисемия құбылыстарын тек жалпы тілде емес,сонымен қатар шығарма контексті аясында  келтірген мысалдармен, теориялық анықтамалармен  толықтырылған. Полисемия құбылыстарын қарастыра отырып, көпмағыналы сөздер кездесетін контекст аясын да зерттеп, контексттерге де анықтамалар берілген. Жұмыста  көп мағыналы сөздерден басқа, тілдегі сөздердің басқа да қасиеттері – синонимдік, антонимдік, омонимдік және басқа да мағыналық қасиеттері кең ашылып көрсетілген. Бұл курстық жұмыс ізденуші мен оқырмандардың қызығушылығына байланысты ағылшын тілінің лексикологиясын оқытуда семинарларда, дәрістерде қолдануға болады.

Жұмыстың  құрылымы.  Жұмыс  кіріспеден бөлек тармақщаларға бөлінген екі тараудан  және қорытынды бөлімнен тұрады. Соңында падаланған әдебиеттер тізімі берілген. Кіріспеде  курстық жұмыстың қысқаша мазмұны мен мақсат міндеттерімен танысуға болады. Сонымен қатар зерттеу нысанын басшылыққа ала отырып, осы жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығымен танысуға болады.

Әдістемелік негізі. Жұмыста полисемиялық құбылыстарды зерттеуде талдау әдісі қолданылды. Талдау әдісі  - ағылшын шығармасындағы көп мағыналы сөздердің өзге де мағыналарын

тауып, олардың сол мағыналары шығармада қалай жұмсалады және  контекстте қалай анықтай білу керек екендігі талданады