Жоспар

Кіріспе ------------------------------------------------------------------------------ 2б

I – Тарау сын есімді салыстыра оқыту методикасы

1.1 Сын есімнің сипаттамасы ----------------------------------------------4 б

1.2 Тарихи морфология туралы-------------------------------------------10 б

II-Тарау Сын есімнің күшейткіш буыны

2.1 Түркі тілдерінің негізгі ерекшеліктері ------------------------------ 14 б

2.2 Сын есімнің шырайлары ------------------------------------------------ 16 б

Қорытынды ------------------------------------------------------------------------- 18 б

Пайдаланған әдебиет тізімі ---------------------------------------------------22 б

 

Кіріспе

Тілдің тарихын зерттеу әдісі жөнінде лингвистика ғылымында күні бүгінге дейін диахрония, анахрония, синхрония, ахрония, панхрония т.б. сияқты бірнеше көзқарас қатар өмір сүріп келеді.

Әрине, арғы тегі лингвистика теориясындағы абстракциялардан туған талас- тартыс болатын.

Ол тілді тарихи категория деп тани отырып, оның тарихын теориялық абстракциямен шешуге талпыну еді.

Бұл әдістердің ешқайсысы да тілтану методологиясына қабыспайды.

Сондықтан тілдің тарихын сол тілдің иесі, жасаушысы болған қоғам тарихынан бөліп қарауа болмайтынын ескеріп, зерттеулерде тарихи дәуірлерден сақталған азды- көпті ескерткіш материалдарға құруды ең дұрыс жол, қолайлы әдіс деп айтуға болады.

Морфологияның негізгі міндеті сөздің құрылысын тексеру болғандықтан, ең алдымен сөз морфемаларын қарастырады. Сөз қалай жасалды дегенде, түбір сөздің шыққан тегін, оның мағынасы мен тікелей байланысын, дыбысталуын жол- жөнекей ғана айтады.

Тарихи морфология қазіргі тілдің морфологиясын түгел қамтымайды. Айталық, бір жұрнақтың не жалғаудың сан қилы өзгерісін, оның қызметін қазіргі морфология түгел тексерсе, тарихи морфология оның тарихи негізгі мәселесіне ғана көңіл бөледі.

Бірақ, тілімізде жеке сөздің түбір саны да талайға барады. Тек қана етіс түбірінің өзі, омонимдерін есептемегенде, екі жүзден астам екен, оның бәрінің тарихы қаралуы мүмкін емес, бірақ үлгі көрсету қажет.

Сондықтан тарихи морфологияда түбір түрлендіргіш морфемалар сөз түбірі лексика саласында айтылады.

Морфология құрамы сын есімдер негізгі түбір және туынды түбір болып бөлінеді. Негізгі түбір сын есімдер әрі қарай морфемаларға (түбір, қосымша) бөлінбейді: көк, ақ, биік, үлкен, жаман т.б.

Морфология жағынан сын есім – түрленбейтін сөз табы. Шырай тұлғалары (сонымен бірге категориясы да) жалпы сын есімге тән түрлену жүйесіне емес, сын есімнің бір ғана мағыналық тобына, сапалық сын есімге ғана тән, екінші тобы қатыстық сын есімдерге шырай тұлғалары жалғанбайды.

Бұл курстық жұмыс сын есімді салыстыра оқыту методикасын қарастырады.