Мазмұны

Кіріспе 3-4

І бөлім. Қазіргі ағылшын тіліндегі сленгтің ролі. 5-15

1.1 Сленг тарихынан 5-7

1.2 Сленгтің жіктелуі мен топтастырылуы 7-10 1.3 Сленгті аудару тәсілдері 11-15

ІІ бөлім. Сленгті ағылшын тілінен қазақ тіліне аударудағы

қиындықтар (Практикалық бөлім) 15-23

Қорытынды 23-25

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 25-26

 

Кіріспе

Сленг – ерекше тарихи түрде қалыптасқан және жоғары не төмен деңгейдегі сөйлеушілердің барлық сатысына ортақ тілдік норманың нұсқасы болып табылады.

Сленг – бұл лексикалық құбылыс.

Сленг – бұл әдеби емес лексика, яғни қазіргі әдеби норманың талаптарына сай әдеби ағылшын тіліне жатпайды.

Сленг – бұл ең алдымен ауызекі тілде пайда болатын және қолданылатын лексика.

Сленг – эмоционалды бояуға ие лексика.

Сленг – басым көпшілік сөз бен сөз тіркестерінің біршама айқын көрсетілген дөрекі мәнерімен сипатталады.

Көптеген сленг сөздері мен сөйлемшелерінің дөрекі эмоционалдық бояуы бір-бірінен өзгеше реңктермен ерекшеленеді (әзілқой, келекелі, мысқылды, менсінбеген, кеміткен, елемеген, дөрекі және тіпті өрескел)[1.6; 8-10 б.].

Курстық жұмыстың өзектілігі қазіргі таңда сленгтің ролі ұдайы өсуде, себебі сленгизмдер тілде жиі әрі көп қолданылатын сөздер болып табылады. Сленг тек халықтың түрлі топтарының өкілдері, әсіресе жастардың сөйлеу тілінде ғана қолданылмайды, сонымен қатар ол көркем әдебиет, мерзімді басылымдар беттерінде, газет-журналдарда және сахна мен тіпті жарнамаларда да пайдаланылады.

Курстық жұмыстың мақсаты сленг сөздерін аудару кезіндегі қиындықтарды анықтау. Жұмыста келесі міндеттер орындалады:

1. Сленг тарихынан мәлімет беру

2. Сленгтің жіктелуі мен топтастырылуын көрсету

3. Сленг сөздерін аудару әдістерін келтіру

Зерттеуге DIGEST журналының 8 басылымындағы материалдар негіз болды.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттерін орындау үшін жаппай сұрыптау, жүйелеу, салыстырмалы-талдау және сипаттама аударма сияқты зерттеу әдістерін қолдандық.

И.В. Арнольд, И.Р. Гальперин, В.Н. Крупнов, Г.А.Судзиловский сияқты ғалымдардың ғылыми еңбектері теориялық негіз болды.

Курстық жұмыстың практикалық құндылығы. Бұл еңбекте келтірілген теориялық және практикалық мәліметтерді жалпы аударма теориясы, жеке аударма теориясы, лексикология, ауызша және жазбаша аударма пәндерінің лекциялық, практикалық және лабораториялық сабақтарында қолдануға болады.

Курстық жұмыстың композициясы Кіріспеден, 2 бөлімнен, Қорытындыдан және Қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. І бөлімде сленгке, сленгтің жіктелуі мен топтастырылуына, сленг сөздерін аудару әдістеріне жалпы сипаттама беріледі, ІІ бөлім курстық жұмыстың практикалық бөлімі болып табылады.