МАЗМҰНЫ 

 

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

 

1 РЕАЛИЙЛАР ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ҚҰБЫЛЫС РЕТІНДЕ..................7

 

1.1 Реалийлардың мәні мен анықтамасы...............................................................7

1.2 Реалийлар әлемнің тілдік бейнесінің құнды нәтижелері ретінде…...........12

1.3 Реалийлардың баламасыз лексиканың бір түрі – лакуналардан айырмашылығы.....................................................................................................19

1.4 Аудармада реалийларды жеткізу тәсілдерінің классификациясы..............27

1.5 Шетел реалийларын аудару тәсілдері...........................................................37

 

2 ДЖЕК ЛОНДОН ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ РЕАЛИЙЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ АУДАРУ ТӘСІЛДЕРІ......................................................................43

 

2.1. Көркем шығармада реалийлардың қолдану ерекшеліктері .......................43

2.2. Д. Лондон  шығармашылығында реалия сөздерінің  классификациясы...46

2.3. Д. Лондон шығармаларының аудармаларындағы реалия сөздерінің жеткізілу тәсілдері.................................................................................................59

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................79

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................82 

 

 

ҚОСЫМША

 

 

КІРІСПЕ

 

Өз кең мағынасында қолданылатын  мәдениет сөзі мен осы сөздерге тіл элементтері ретінде салынған, сақталған және баяндалған  ақпараттың арақатынасы мәселелері бұрыннан бері  тек лингвисттерді ғана емес, басқа да ғылымдардың өкілдерін қызықтырған.  Халық пен ел өмірінің  барлық үлкен және кіші  ерекшеліктері (мәселен,  жаратылыс жағдайы, географиялық жағдайы, тарихи дамуының барысы, әлеуметтік құрылысының көрінісі, қоғамдық ойдың, ғылымның, өнердің даму үрдісі) міндетті түрде осы  халықтың тілінде көрініс табады. Сондықтан да  тіл кез келген ұлт мәдениетінің  көрінісі болып табылады дешенді батыл айтуға болады, тіл кез келген халықтың  ұлттық-мәдени кодын береді. Мағынасында тіл мен мәдениеттің байланысын  көрсететін ерекше бөлігі  айқындалатын сөздер кездеседі.  Олар семантикалық тілдік бірлігінің  мәдени  компоненті деп аталады. Бұндай сөздерге біріншіден сөздер-- реалийлар жатады. 

Бұл тілдік бірліктердің отандық та, шетел де ғалымдармен зерттелгенін атап  айтуы жөн. С. Влахов пен С. Флориннің  айтуы бойынша, реалийлар жөнінде бояу (ерекшелік, колорит) иеленуші, ұлттық өзгешелігінің нақты, көрінетін элементтері ретінде 50-ші жылдардың барысында сөз қозғалған болатын.  Осы зерттеушілер  Л.Н. Соболев, Г.В. Чернов, Г.В. Шатков, А.Е. Супрун сияқты ғалымдардың жұмыстарын  атап өтеді.  С. Влахов пен С. Флорин осындай «аударылмайтын»  элементтерге жарты ғасыр бұрын  назарларын аударды (1960 жылы «Реалийлар» мақаласы шықты). Кейін реалийлардың толық сипаты, жіктелуі мен аударылу тәсілдері берілген «Аудармада аударылмайтындар» кітабы жарық көрді. Реалийлар-американизмдер Г.Д. Томахиннің негізгі зерттеу объектісін құрайды. Л.С. Бархударовтың, В.Н. Комиссаровтың, В.Н. Крупновтың, Л.К. Латышевтың, Т.Р. Левицкаяның, А.М. Фитерманның, А. Лилованың,  М.М. Морозовтың, А. В. Федоровтың аударма теориясы бойынша оқулықтарында  мәдени-таңбаланған  сөздер туралы ақпарат берілген, ал қазақ ғалымдарының ішінен реалийларға анықтама беріп, олардың классификациясын ұсынғандаодың ішінде Ж.Жақыпов пен Р. Сәрсенбаев бар. Тіл мен мәдениет арақатынасы мәселелері  Е. М. Верещагинмен және В. Г. Костомаровпен қарастырылған.  Көркем шығармада  реалийлардың рөліне (мәніне) Н.И. Поморозская және В.С. Виноградов назар аударды. 

Диссертация жұмыстың өзектілігі. Біз осы тақырыптың өзектілігін  реалийлардың жаратылысы, типтері мен оларды аудару тәсілдері  мәселелері әлі күнге дейін толық зерттелмегенінде көреміз. Сонымен қатар, мәдениет аралық қарым-қатынас үдерісі кезінде сөздер-реалийлардың мәні (рөлі) өте зор. Шетел тілдерін оқыту  әдістемесінің қазіргі  дамуы шетел  тілін оқыту мен    дәл осы кезде тілі  тілі оқытылатын елдің мәдениетін  үйлестіріп оқытуды  ұйғарады.  Соңғы кездері тіл білімі мен  лингводидактикалық лингвоелтану саласы кең таралды.  Оқытушының міндеті оқушыны басқа мәдениетке,  басқа өркениетке қатыстыра отыра, оның назарын ұлттық-таңбаланған  лексикаға аударып,  оның белгілі бір фондық елтанушылық ақпаратты иеленетініне,  тыңдаушының/оқырманның (реципиенттің)  белгілі бір ассоциацияларының  пайда болуына сілтеу. Ұлттық-таңбаланған лексика мен фразеологияның анықталуы, яғни мағынасы басқа тілдің тәсілдері арқылы қиын берілетін бірліктер тіл мен тілі оқытылатын елдің  ақиқаттығы туралы  білімді кеңейтеді және байытады. Көркем шығарма мәтінінің құрамдас бөлігі болып табылатын  реалийлар мәселесі  ерекше қызығушылыққа ие.  Берілген мәселе бойынша санаулы ғана  басылымдар бар (В.С. Виноградов, Э. Медникова, Н.И. Паморозская). Осы мәселе әлі де шешілмеген, себебі әлі күнге дейін реалийлар  көркем шығарма  мәтінінен тыс  қарастырылды, осы сөздердің қызметі  шығарма контекстінде  ескерілген жоқ. Сөздер--реалийларды  аудару тәсілдерін  олардың көркем шығармадағы  қызметі тұрғысынан зерттеу ерекше қызығушылыққа ие, берілген зерттеу жұмысының жаңалығы да осыған негізделген. 

Зерттеу жұмысының нысаны. Джек Лондон шығармаларында кездесетін фондық білімге ие лексикалық бірліктер, яғни реалийлар дипломдық жұмысымыздың нысаны болып табылады.  Бұл жазушы шығармашылығының  ағылшын тілін шетел тілі ретінде зерттеуге мәні  зор екенін атап  өту жөн. Қосымша сабақтарда  сөздер-реалийлардың үлкен дереккөзі болып табыладытын Д. Лондонның романдары, повесттері мен әңгімелерін  оқытуға болады. Қазіргі кезде  АҚШ әдебиетіне, атап айтқанда, Д.Лондонның  шығармашылығына ерекше қызығушылық танытылып жатыр.  

Диссертация жұмыстың пәні. Джек Лондонның «The Sea-Wolf» («Теңіз қорқауы») романы, «To the Man on Trail» («Сапардағылар үшін») әңгімесі мен олардың қазақ және орыс тіліндегі аудармалары  зерттеу жұмысымыздың пәні болып табылады. 

Диссертация жұмыстың мақсаты. Берілген зерттеу жұмысының мақсаты  реалийлардың типтері, олардың классификациясы  мен  олардың  Джек Лондонның көркем шығармалары негізінде аудару тәсілдерін анықтау. 

Осы мақсатты орындау барысында төмендегідей міндеттерді шешу көзделді: 

1. Мағынасында мәдени компоненті  бар реалийлар сияқты сөздер бойынша  ғылыми әдебиетті зерттеу, cонымен қатар, оларды аударудың бар және мүмкін болатын тәсілдерін қарастыру. 

2. Көркем шығарманың мәдени фонын құруда реалийлардың  рөлін (мәнін) анықтау. 

3. «The Sea-Wolf», «To the Man on Trail» көркем шығармаларында  реалийларды анықтау.

4. Джек Лондон шығармашылығында кездесетін реалия сөздерінің бірыңғай классификациясын құру; олардың жазушы шығармаларындағы қызметін анықтау. 

5. Көркем шығармаларды аудару кезінде  осындай лексикалық бірліктердің  берілу тәсілдерін  сарыптау, фондық  сөздерді берілудің басым  тәсілдерін анықтау.

6. Cөздер-реалийлардың әртүрлі типтердің берілу тәсілдерінің тиімділігі не тиімсіздігін анықтау. 

Зерттеудің әдістемелік материалдарын сөздер-реалийлардың  мәселелеріне арналған еңбектер, сонымен қатар,  төмендегі авторлармен ұсынылған Д. Лондон  шығармашылығына байланысты зерттеулер құрайды (Л. С. Бархударов, Е. М. Верещагин, В.Г. Комтомаров, В. С. Виноградов, С. Влахов, С. Флорин, И.В. Гюббенег, Л.И. Рецкер, Г. Д. Томахин, А. Д. Швейцер, В. Н. Шевчук, С. А. Фридрих және т.б.)

Диссертация жұмыста қолданылған зерттеу әдістері. Алдымызға қойылған міндеттерге сәйкес,  біз келесі зерттеу әдістерін қолдандық: контекстуалды сараптама әдісі, компонентті сараптама әдісі, компонентті сараптама әдісі, тіл дәлелдерін экстралингвистикалық түсіндіру (интерпретация). 

Қорғауға ұсынылатын  негізгі тұжырымдар: 

1. Д. Лондон үшін әртүрлі типті  реалийларға деген ерекше назар тән. 

2. Д. Лондон  шығарманың басты идеясын толығымен іске асыру үшін фондық ақпаратты қолданады. 

3. Шығармаларда реалийлардың әртүрлі типтері қолданғандықтан, аудармашы оларды аудару үшін түрлі тәсілдерді қолданады. 

4. Реалийларды аудару тәсілдері  осы  лексикалық бірліктердің  көркем шығармада атқаратын қызметіне байланысты болады. 

5. Аудару кезінде реалийларды түсіру мәтіннің  мағынасын  толық  аша алмауы не  бұрмалауы мүмкін. 

Зерттеудің теориялық маңызы.  лингвистикалық іріктеу мәселесі мен  аудару тұрғысынан фондық ақпаратқа ие  лексикалық бірліктердің  әртүрлілігін  жүйелеуді жетілдіру  және Д. Лондон шығармашылығының  мысалында олардың көркем мәтіндегі рөлін (мәнін) анықтау. 

Зерттеудің практикалық құндылығы.  Зерттеу жұмысы аударма теориясы,   елтану сабақтарында, 20 ғасырдың шетел әдебиетінің дәріс курстарында қолданыла алады.  Сонымен қатар, дипломдық жұмысты орта мектептерде ағылшын тілін оқытуда кеңінен қолдануға болады. Шетел тілі курсының ең  негізгі мақсаттарының бірі  оқушыларды тілін оқитын  халықтың мәдени  байлығына  қатыстыру болып табылады. Ол оқу материалының мазмұны арқылы жеткізіледі. Зерттеу қорытындыларын (нәтижелерін) лингвоелтанушылық сөздіктерді құру кезінде қолдануға болады. 

Диссертация жұмыстың құрылымы. Бұл диссертация жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады. 

Кіріспеде жұмыстың өзектілігі, жаңалығы, нысаны,  мақсаты, міндеттері, әдістемелік базасы, теориялық және практикалық құндылығы анықталады, зерттеу әдістері мен қорғауға жарияланатын негізгі мәселелер атап өтіледі. 

Бірінші бөлім  лингвистикалық құбылыстар ретіндегі реалийларға арналады.  Сонымен қатар бөлімде  бар реалийлардың  жіктелуі (классификациясы) мен басқа тілдерге аудару тәсілдерінің тізімі берілген. 

 Екінші бөлімде Джек Лондон  шығармаларында кездескен  реалийлардың классификациясы берілген, олардың қызметі қарастырылған, сонымен қатар, оларды аудару тәсілдері  сарыпталған. Қорытындыда жүргізілген зерттеу жұмысының  нәтижелері берілген.