Мазмұны

Кіріспе

I Қазіргі тіл біліміндегі сөз біріктірудегі байланыс мәселелері

1.1 Біріктіру құрылымындағы функционалды-синтаксистік ерекшеліктер

1.2 Жалғаулықты және жалғаулықсыз бірігулердің мәселелері

1.3 Қазіргі тіл біліміндегі “бірігу” және “парцелляция” түсініктерінің ара – қатынасы

II Қазіргі француз тіліндегі бірігу және парцелярлық құрылымдар

2.1 Бірігу және парцелярлық құрылымдардағы қатынастың маңызы

2.2 Қазіргі француз тіліндегі бірігу құрылымының табиғи қызметі

2.3 Парцелярлық құрылымның модальды-функционалдық маңызы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер


Кіріспе

Соңғы кездегі лингвистикалық зерттеулер нәтижесінде сөйлеуші жеке адамның сөйлеуі талқылануда. Осы сәтте тілдің қызмет ету саралануы нәтижесінде ауызекі араласу тәсілі ретінде танылып, лингвистика прагматикалық бағытта жүзеге асырылып жатыр.

Бұл байланыста сөйлеуде синтаксистік құбылысқа, деген қызығушылық өсе түседі және сөйлеушінің үйренуге деген мақсаты пайда болады. Мұндай құбылыстардың аясына бірігу және парцелляция жатады және олар аталмыш жұмыстың зерттелу нысаны болып табылады.

Бірігу жәнебірігудегі байланыс терминдерін енгізген академик Л.В. Щерба. Алғашында “бірігу” ұғымы тек сөйлемдердің жалғаулықты шылаулармен байланысында қолданылды. Алайда әрі қарай зерттеу нәтижесінде “шылаулардың тек байланыстыру құрылымында ғана емес, салыстыруда да, жанасуда да қолданытындығы” айқындалды. /В.В.Виноградов/.

Қазіргі таңда жалғаулықты және жалғаулықсыз шылаулардың көмегімен құралған сөйлемдермен қатар жай сөйлемдердің өзі синтаксистік талдауда күрделіліктер туғызады.

Француз тіліндегі бірігу құрылымы жайында мәліметтер жинаған Е.А. Реферовский , М.А. Боевец бoлып табылады.

Осыған орай, бірігу туралы мәселелер бірнеше рет қозғалған, зерттеушілердің пікірінше, анықтауыштық қатынастағы біріктіру құрылымы бір ғана мағына бермейді, яғни бір ғана түсінікпен түсіндірілмейді. Оған қоса қосу, нақтылау, түсіндіру, даму секілді ұғымдарды ды қарастырады.

Біріктіру құбылысының кейбір мағыналық ерекшеліктерін бөле отырып,кейбір мәселелерге тап боламыз. Мәселен, парцелляция құбылысының шығуы. Кейбір зерттеушілер парцелляцияны біріктірудің бір бөлігі деп қарастырса (Белошапкова), енді өзге зерттеушілер бұл құбылыстарды бір құбылыс деп қарастырады, яғни бұл мәселе жөнінде ғалымдар арасындағы пікірлерде бірізділік жоқ. Бұл енді аталмыш мәселені тереңінен зерттеуді талап ететін мәселеге айналды.

Бірігу мен парцелляция ауызекі сөйлеудегі синтаксистік құбылыс болғандықтан, коммуникативтік аспект және прагматикалық бағдарлардың ауызекі сөйлеуде алатын орны ерекше.

Біріктіру мен парцелляцияны коммуникативті лингвистика тұрғысынан қарау ғылымдағы жаңалық болып табылады.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, келесі гипотезаны шығаруға болады: бірігу мен парцелляция - бұл синтаксистік сөйлеудегі әр түрлі құбылыс, сөйлеу құрылымында әрқайсысының орны бөлек.

Зерттеу жұмысының шамамен анықтайтын мәселелері

1. Зерттелінетін құбылыстардың табиғи функционалдығын айқындау

2. Біріктіру және парцеллярлық құрылымның арақатынастық маңыздылығын анықтау

3. Біріктіру және парцеллярлық құрылымның әртүрлі классификациясын ұсыну

Жұмыстың теориялық маңызы тілдің коммуникативтік аспект тұрғысынан біріктіру және парцеллярлық құрылымдардың әрі қарай дамуындағы ерекше механизмге байланысты.

Практикалық бағалылығы жұмыстың теориялық бөлігінің арнайы курстармен лекцияларда теориялық грамматикасында қолданыс табуында, сонымен қатар, оқу-методикалық көмекші құралдарына да қолданылатындығы. Дәлді мәліметтер француз тілі оқытылатын мектептер мен гимназияларда қосымша сабақтарда өткізуге болады.

Зерттелуде қазіргі кездегі француз жазушыларының әдеби прозалары қолданылды.

Зерттеудің мақсаты зерттелу әдісін анықтап берді: жалпы таңдау әдісі, сонымен қатар, контекстік - ситуативтік сараптама.

Дипломдық жұмыс Кіріспеден, 2 бөлімнен және Қорытындыдан тұрады.

Кіріспеде зерттелімнің актуалдығы, мақсаты, негізгі бағыттары, жұмыстық гипотезасы, ғылымға қосар жаңалықтары, зерттеудің әдіс - тәсілдері, теориялық және практикалық маңыздылығы сөз етіледі.

I бөлімде негізгі теориялық мәселелер, бірігу мен парцелляция құбылыстарының ара қатынасы, әсіресе, оларды ажырату туралы айтылады.

II бөлімінде қазіргі француз тіліндегі бірігу мен парцеллярлық құрылымның функционалды-коммуникативтік маңыздылығы жайлы қозғалады.

Негізінде әрбір сөйлемді талдаған кезде, оларды сөз тіркестеріне, сөйлемнің түрлеріне, сөйлем мүшелеріне, оқшау сөздер мен айқындауыш мүшелеріне , оқшау сөздер мен айқындауыш мүшелерге , яғни сөйлемдегі синтаксистік категорияларды жан - жақты айырып, танумен ғана шектелетінбіз.Қазіргі кезде сөйлемдерді осылай талдап-зерттеу синтаксис ғылымының негізгі міндеті болып табылады.

Орыс тілінің әсерімен, әсіресе аударма тәжірибесіне байланысты кейбір жаңа синтаксистік тұлғалар туа бастады.

Мысалы: Желіден аулақ аударайық... Былайырақ! ( Ғ.Мүсрепов), “Байтал” – деген сөз Едігеге жағын шапалақпен осып жібергендей көрінді. Бір емес, әлденеше рет (М. Мағауин). Ол сұстанып , түсін суытып: - Осы арадан қазір кет! – деді. – Қайда барамын? – деді Ваня. - Кейінгі жаққа! Батареяға!

Бұл синтаксистік топтарды әдеттегі толымсыз сөйлемдер деп те тануға болмайды. Толымсыз сөйлемдер көбінесе тұрлаулы мүшелердің қатысына негізделетіні белгілі. Оның есесіне ол сөйлемдердің қалайда предикативтік мәнде екендігі де айқын. Кейде олар бір емес, әлденеше рет өз алдына сөйлемдік қасиеті айқын емес, алдындағы тиянақты сөйлемнен кейін оқшау тұрады. Әдеби тілімізге алғаш аударма арқылы ене бастаса , енді олар әдеби тіл нормасына айналып келеді. Тіл ғылымында мұндайды Парцелляция ’’ (делить на мелкие части) деп атайтын болды. Біз ондай синтаксистік бөлшектерді қосалқы сөздер деп атағанды дұрыс көреміз.Мысалға алатын болсақ, орыс тіл білімінде парцелляция туралы Ю.В. Ванников , Г.Н. Рыбаков, А.П. Сковородников, т.б. еңбектерін атауға болады. Жекелеген еңбектерде аздап болса да сөз болып отырады. Қазақ тіл білімінде парцелляция арнайы сөз етілген жоқ. Ол туралы І. Кеңесбаев пен Т. Жанұзақовтың лингвстикалық сөздігінде парцелляция деп айтпағанымен , авторлар оны “внесение’’, қазақша бейтарап сөздер деп ,оған мынадай түсініктеме береді: “Құрмалас, жай сөйлем құрамындағы сөздер мен сөз тіркестері ’’.[ ]

Жалпы сөйлем мүшесі де , сөз тіркесі де , құрмалас сөйлемнің әрбір сыңары да тек сөйлемде ғана қолданылады. Олар сөйлемнің ішінде ғана қызметке ие болады да, жеке–жеке тұрып , ондай қызметке ие бола алмайды.

Әдетте жай сөйлем мен қосалқы синтаксистік топтың негізгі айырмашылығы – бірінің дербестігі , екіншісінің дербессіздігі . Сонда қосалқы синтаксистік топтар өз алдына оқшау қалпында синтаксистік объектіге арнайы жата қоймайтын категория болып шығады. Ол синтаксистік топтар тек басқа , алдыңғы сөйлемнің ажырамас бір бөлігі немесе соны жан – жақты айқындайтын категория ретінде қолданылады.

Парцелляция жеке сөзді, сөз тіркесті, сөйлемді болып , өзі қатысты сөйлемнің, біріншіден, айрылмас бір бөлшегі іспеттес, екіншіден, мағыналық жағынан тиянақтаушы , үшіншіден , сөйлемнің өн бойына, не жеке бір мүшелігіне қатыстылығы , төртіншіден , бірақ ол қатысты сөздермен әдеттегі айқындауыштар сияқты тұлғалық жағынан кейде ұқсас , кейде ұқсас еместігімен де ерекшеленеді. Бұған қарағанда, ондай синтаксистік топтар қалайда өзі қатысты сөйлемнің ажырамас бір бөлігі , айқындауышы тәрізді , олар өз алдына жеке қолданылмайды , алдыңғы сөйлемнен бөліне алмайтын синтаксистік қосалқы топтар. Олардың үш түрлі тұлғада жұмсалатынын тілдік фактілер дәлелдейді. Ал құрамын сөз санына қарап та ажыратуға болады.

Бірінші – жеке сөзді. Бұл топ екі түрлі: толық мағыналы жеке сөз ретінде, екінші – толық мағыналы сөз бен көмекші сөздің тіркесі арқылы жұмсалады. Әрине бұл топқа жататын , мұндай жеке сөзді , не түйдекті топты осы күнгі ғылыми зерттеулерде көбіне тек сөйлем мүшесі жағынан топтау басым. Бірақ сөйлем мүшесі жағынан топтауда Ю.В. Ванников пысықтауыш парцелляцияға жатпайды десе , Р.С. Сафиуллина барлық сөйлем мүшесінің қызметінде де жұмсалатындығын дұрыс көрсетеді. Сонымен біз парелляцияны сөз тіркесі , сөйлем мүшесі және сөйлемдік жағынан топтаймыз.

Әрбір бөлім қысқаша қорытындыдан тұрады, және де бүкіл дипломдық жұмыс қорытындыланады.