МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ

1 ТАРАУ. ТУРИСТІК ӨНІМДІ ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ІСКЕ АСЫРУ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ МАРКЕТИНГІЛІК ЗЕРТТЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1. Туристік өнімді маркетингілік зерттеудің маңызы мен өзіндік ерекшелігі
1.2. Туристік өнімді жылжыту ресурсы ретінде маркетингілік зерттеудің технологиялық ерекшеліктері

2 ТАРАУ. «ЯССАУИ» ТУРИСТІК ФИРМАСЫНЫҢ МАРКЕТИНГІЛІК СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
2.1. Туристік фирманың маркетингілік стратегиясының қалыптасу кезеңдері.
2.2. «Яссауи» туристік фирмасының қызметін талдау және оның туристік қызмет көрсету рыногіндегі орыны.
2.3. «Яссауи» туристік фирмасының маркетингілік стратегиясының жетілдірілу жолдары.

3 ТАРАУ. ТУРДЫ әЗІРЛЕУ ЖәНЕ ЖЫЛЖЫТУ БОЙЫНША ТУРИСТІК ФИРМАНЫҢ МАРКЕТИНГІЛІК ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫ
3.1 «Қалалық турлар» турын әзірлеудің және іске асырудың маркетингілік зерттеу жобасының талдамалы қамтамасыздандырылуы
3.2 «Қалалық турлар» турын әзірлеудің және іске асырудың маркетингілік зерттеу жобасының мазмұнды қамтамасыздандырылуы


ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША

 КІРІСПЕ

Рыноктағы қызмет тәуекелділіктің белгілі бір үлесімен қатар жүретін, біздің күндерімізде, маркетингілік зерттеулерді бірде – бір туристік фирма елемей кетпеуі керек. Тапсырыскерлердің көзқарасы, қажетсінуі мен тілектері тұрақты түрде өзгереді. Туристік индустрияны қарастыра отырып, халықтың демалыстың ең жақсы түрлері туралы ұғымы, сән сияқты, демалыстың беделді орындарына өзгергенін байқамау мүмкін емес. Орыс әдебиетінің ұлы классиктерінің әңгімелеріне сүйене отырып, өткен ғасырда, мәскеу мен петербург ортасының барлық бетке ұстарларын кездестіруге болатын, ең әйгілі және беделді курорттар Ницца, Баден – Баден болғаны туралы қорытынды жасауға болады.
Қазіргі кездерде Ницца негізінен сауықтыру курорты ретінде белгілі және бұрыңғы кездегідей беделді демалыс орыны болып табылмайды. Іскер саяхатшылардыңда саны өсуде, олардыңда көзқарастары мен тілектерін ескеру қажет, өйткені істік туризм қазіргі күнде өте динамикалық түрде дамуда.  Сондықтанда, кез-келген туристік фирма туристік қызмет көрсету рыногінде болып жатқан барлық өзгерістерді тұрақты түрде бақылап отыруы керек. 
Білім – күш екені баршаға белгілі. Рынок пен рыноктық процесті білу әуел бастан кәсіпкерлердің жұмысы болды. Бұл оларға негізді шешімдер қабылдауға, бәсекелестерімен күреске алдын-ала дайын болуға, шарасыз тәуекелдіктің дәрежесін төмендетуге, келешекті жоспарлауға мүмкіндік берді.  Жаңа тауарды шығаруға және сатуға кіріскен кез – келген тұтынушы мен кәсіпкер үшін келесі мәселелер өмірлік маңызды болып табылады: тұтынушы қандай тауарларды қажетсінеді; ол ондай тауарлардың қаншасын сатып ала алады; тауар үшін қандай бағаны төлеуге ол риза болады; ол бәсекелесіңіздің фирмасын емес, сіздің фирмаңызды таңдауы үшін оған қандай қызметтер ұсыну қажет?  Осы сұрақтарға жауап беретін ақпаратты – талдамалы материал,  сіздің бизнесіңіздің  бәсекелестік артықшылығын қамтамасыз етуге жаралған.
Рынок талабынан шыға отырып, туристік кәсіпорынды басқару тұтынушыларға талап етілетін туристік өнімді белгілі бір уақытта, анықталған орынға жеткізуге мүмкіндік береді. Ол үшін көкейкөзге, мамандар пікіріне және өткен тәжірибелерге сүйену жеткіліксіз, сонымен қатар басқару шешімін қабылдағанға дейінгі және кейінгі баламалы ақпаратты алу қажет. Анықсыздық пен тәуекелдік дәрежесін азайту үшін туристік кәсіпорын сенімді, көлемді және өз уақытындағы ақпаратты білуі керек, рыноктағы барлық өзгерістерді қадағалауы, олардың әрқайсысына жауап беріп үлгеруі және кеткен қателіктерді түзетуі, қызмет көрсету сапасын ұштауы, яғни тапсырыскерлердің үлкен санын қамтуы керек. Ақпаратты алу маркетингілік зерттеулер жүргізумен қамтамасыз етіледі. 
Маркетингілік зерттеулерді сауатты, кәсіптілікпен жүргізу, туристік кәсіпорынға өзінің рыноктық мүмкіндіктерін объективті бағалауға және қойылған мақсаттарға қол жеткізу тәуекелдіктің минимал дәрежесімен және үлкен анықтылықпенен мүмкіндікті болатындай қызмет бағытын таңдауға мүмкіндік береді.
Осының бәрі осы дипломдық жұмыстың актуалдығын анықтайды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты арнайы әдебиеттерді талдау негізінде маркетингілік зерттеулерді ұйымдастыруды туристік өнімді әзірлеу мен жылжыту негізі ретінде қарастыру.
Бұл мақсатқа жету үшін келесідей мәселелерді шешу қажет:
- туристік өнімнің маркетингілік зерттелуінің маңызы мен өздік ерекшелігін ашу;
- маркетингілік зерттеудің технологиялық ерекшеліктерін туристік өнімді жылжыту ресурсы ретінде қарастыру;
- турдың маркетингілік зерттелу жобасын талдамалы және мазмұнды қамтамасыз етілуін қарастыру.
Бұл дипломдық жұмыстың зерттеу тақырыбы туристік өнімді әзірлеу және жылжыту болып табылады.
Зерттеу объектісі – осы тақырыпты маркетингілік зерттеу.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, теориялық тараудан «Туристік өнімді әзірлеу және іске асыру негізі ретінде маркетингілік зерттеуді ұйымдастырудың теориялық және технологиялық негізі», тәжірибелік тараудан ««» туристік фирмасының турды әзірлеу және жылжытуы бойынша маркетингілік зерттеу жобасы», қорытындыдан, ... атаудан тұратын әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Компьютерде терілген текстің жалпы көлемі ... беттен тұрады.