ЖОСПАР

Кіріспе

1. Бөлім. Негізгі құралдарды түгендеудің, бағалаудың және қайта бағалаудың маңызы.

1.1   Негізгі құралдарды түгендеудің, бағалаудың және қайта бағалаудың міндеттері.

1.2  Негізгі құралдарды түгендеу, бағалау және қайта бағалау есептерінің құжатталуы

1.3  Негізгі құралдарды түгендеудің бағалаудың және қайта бағалаудың шоттар корреспонденциясы.

 

2.  Бөлім. Негізгі құралдарды түгендеудің, бағалаудың және қайта бағалаудың аудиторлық есебі.

2.1 ЖШС «Вега»-ның шоттар корреспонденциясы.

2.2 Кәсіпорындардың негізгі құралдарын қайта бағалау.

 

Қорытынды

 

Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

Кіріспе

Негізгі құралдарды бағалау, жіктеу - кәсіпорынның экономика жағдайын реттеудің басты элементтері. Менің «Негізгі құралдарды тугендеудің, бағалаудьң және қайта бағалаудың маньзы» атты курстық жұмысым осы кәсіпорын қызметіндегі аса маңызды мәселе жайында болмақшы. Бұл тақырыптың негізгі өзектілігі - негізгі құралдардың кәсіпорын қаржылық негіздерін белгілеп, оның негізгі міндеттемелерімен танысып, кәсіпорынньң экономикалық кызметтін ырықтандыруға бағытталган.

Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал - жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат,  материалдар, салып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өнідіріс процессіңде атқаратын роліне қарап аныкталады.

Негізгі құралдар материалдык өндіріс саласында да, өндірістік емес (әлеуметтік) салалда да ұзақ уақыт бойы (1 жылдан астам) қызмет етеді.

Негізгі құралдардың стандарттары оның есебін жургізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жуйесін анықтайды. Сондықтан да Қазақстан Республикасы егеменді, тәуелсіз ел болған сон фирманың стандарттарға сай басқарылыл дамуы, оның қажеттілігі, кәсіпорын дамуындағы пайдасы айкын байқалады.