ЖОСПАР

Кіріспе 3

1-тарау. Макроэкономикалық тұрақсыздық 4

1.1 Экономикалық циклдың  мазмұны мен жалпы белгілері 4

1.2 Циклдың фазалары. Экономикалық көрсеткіштердің динамикасы 7

1.3 Циклдық толқуларды мемлекеттік  реттеу 13

2-тарау. Жұмыссыздық және инфляция 16

2.1 Жұмыссыздық және еңбек рыногын реттеу 16

2.2 Инфляция және оның зардаптары 23

Қорытынды 26

Қолданылған әдебиеттер 27

 

 

Кіріспе

Экономикалық құбылыстарды қайталауға бейім тұратын рыноктың ерекшеліктерін өткен ғасырдың бірінші жартысындағы өмір сүріп еңбек еткен экономистер байқаған. Ол кезде кәсіпкерлерді өзіне тартып, қызықтырған рыноктық қатынастар құпиясы көп құбыжықтай көрінді. Капиталистік кәсіпорын иелері өз өндірісін шексіз ұлғайтуға ұмтылып, мүмкіндігінше рыноктың үлкен аумағын "жаулап" алуға тырысты. Ал оның өзі артық өндіру деп аталатын құбылысқа алып келді. Артық өндірудің мұны белгілі бір тауардың ұсынысы сұраныстан басым болудан көрінеді. Нәтижесінде тауар бағасы едәуір төмендеп кетеді де көптеген тауар өндірушілер ешқандай пайда таппай қалады.

АҚШ-та орын алған 1929 жылғы 29 қазандағы "қаралы бейсенбідегі" орасан зор биржалық күйреу апатты дағдарыстың бастамасы болды. АҚШ-та, Германия, Англия экономикасында, бұрын-соңды кездеспеген бағалардың төмендеуі, пайданың күрт азаюы, тапшылық, валютаның құнсыздануы етек алды. 1929—1933 жылдардағы дағдарыстар көптеген елдер үкіметін ұлттық экономиканы бұл апаттан алып шығатын әрекетке жұмылдырды. Әсіресе, АҚШ дағдарыстан мемлекеттік іс-шаралар арқылы шығуға пәрменді қадам жасады. Оларға тоқтала кетейік:

а) Мемлекеттік кепілдігі бар салымдар арқылы қарыз жүйесін сақтап қалу;

б) Долларды 40%-ке құнсыздандыру жолымен қарыз ауыртпалығын жеңілдету;

в) ауыл шаруашылығы өнімдері бағасын көтеру, ол үшін мемлекеттің көмегімен қаржыландыру және өндірісті қысқарту;

г)  монополиялардың құрылуын қолдау, күштеп картелдендіру;

д) қоғамдық еңбекті ұйымдастыру арқылы жұмыссыздықпен күрес;

е)  жалақыны реттеу.

Экономикалық даму үшін бұл проблемалардың маңыздылығы ерекше болғаны соншалық, XІX және XX ғасырларда жетекші экономистердің бірде-бірі бұл мәселеге тоқталмай өте алмады. Олардың еңбектерінен циклдық дамудың байланыстылығы мен объективтігін, экономикалық процестерге әсерін мойындаған, циклдық дамудың себептерін анықтауға ұмтылған әр түрлі пайымдауларды, түсіндірулер мен болжамдарды кездестіреміз.