МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ..............................................................................................................5

1. КәСІПОРЫН АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорынның айналым қаражаттарын басқарудың мәні……………8
1.2 Кәсіпорынның ақшалай қаражаттарының кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етуіндегі маңызы..............27
1.3 Ақша ағымдарын басқарудың әдістері................................................36

2. КӘСІПОРЫННЫҢ АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ («Кедентранссервис» АҚ Атырау қаласындағы филиалы мысалында)
2.1 Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдау....................... 41
2.2 Кәсіпорынның мүлкінің құрамы мен құрылымын талдау................ .48
2.3 Кәсіпорынның өтімділігін талдау........................................................ .57
2.4 Ақша қаражаттарын басқаруды талдау............................................... .61

3. КӘСІПОРЫННЫҢ АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУ СТРАТЕГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Ақшалай ағымдарды басқаруды болжамдау модельдері...................74
3.2 Қаржылық менеджменттің стратегиясын, тактикасын жетілдіру жолдары.................................................................................................. 80

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................87

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................96

КІРІСПЕ

Қоғамымыз “Қазақстан – 2030” стратегиясында ұзақ мерзімді мақсат ретінде нарықтық экономиканы дамытуға негізделген экономикалық өсу, денсаулық сақтау, білім беру, халықтың әл-ауқаты мен жағдайын көтеру салаларын дамытуды алдына қойған. Қазақстан әлемдік тауарлар, қызметтер, еңбек ресурстары, капитал, осы заманғы идеялар мен технологиялар рыногынын шын мәнінде ажырағысыз да серпінді бөлігіне айналуы үшін біз бірнеше міндеттерді шешуіміз тиіспіз. Ол міндеттерді бірі-экономиканың тұрлаулы дамуын жай қамтамасыз етіп , ұстап тұру емес, оның өсуін басқару. Экономиканың тұрақты дамуы бізге реформалардың әлеуметтік бағытталығын күшейтуге мүмкіндік береді.»-деп айтып кеткен еді Республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаев 2007ж. Қазақстан халқына арналған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында. /1, 4-5 б/
«Қоғамдағы келісім-шарттық қатынастарды дамыту мен жеке меншік институтын нығайту үшін қосымша заңнамалық және әкімшілік шаралар, сондай-ақ даулар мен төрелік ету рәсімдерін тәуелсіз тұрғыда қарау жүйесін дамыту қажет. Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры халықтың кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс.» - деп Елбасы өзінің 2007ж. Қазақстан халқына арналған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында айтып кеткен. /2, 6-8 б/
Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бергі уақыттарда, әсіресе соңғы жылдары экономикалық өсім жоғары қарқын ала бастады. Алғашқы кездегі қиындықтар біртіндеп артта қалды. Қоғам өмірінің барлық салаларын дамыту арқылы халқымыздың өркениет жүйесіндегі өмір сүріп жатқан басқа елдер тірлігімен бірдей дәрежеге қол жеткізуге болатынын соңғы жылдар жемісінің нәтижелерін байқатып отыр. Өмір сапасын және деңгейін көтеру экономикалық өсудің нәтижесіне және оның жалпы жағдайына тәуелді.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Нарықтық экономикада бизнесті басқару көптеген белгілермен ерекшеленеді. Біріншіден, кәсіпорынның жиынтық ресурстарының ішінде ең маңызды ресурс ретінде қаржылық ресурстар қолданылады. Екіншіден, қаржылық бейнедегі басқарушылық шешімдерді қабылдау белгісіздік жағдайында жүргізіледі. Үшіншіден, кәсіпорынның нақтылы тәуелсіздігі нәтижесінде негізгі мәселе ретінде қаржылық ресурстарды анықтау және инвестициялық саясатты ықтималды жүргізу болып табылады. Төртіншіден айналым капиталын тиімді пайдалану арқылы қаржылық жағдайды жақсарту қажет болады, ақшалай қаражаттардың ролі де жоғары мәнге ие. Кәсіпорында міндетті түрде ақшалай қаражаттар мен олардың эквиваленттерінің болуы шарт. Ақшалай қаражаттарды тиімді басқару жүйесі қаржы менеджметінде қаржылық циклды есептеумен, ақшалай қаражаттардың қозғалысын талдаудан, ақшалай қаражаттарды болжамдаудан құралады. Осы себептерге байланысты нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын қаржыны басқаруда ақшалай қаржаттарды басқарудың мәселелері өзекті болады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - ақшалай қаражаттардың кәсіпорынның жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етуіндегі маңызын анықтау және оларды басқару стратегиясын жетілдіру.
Дипломдық жұмыстың алға қойылған мақсатына жету үшін келесідей міндеттерді шешу көзделеді:
- айналым капиталын басқарудағы ақшалай қаржаттарды басқарудың ролін және оларды басқару әдістерін анықтау;
- «Кедентранссервис»АҚ Атырау қаласындағы филиалы мысалында кәсіпорында ақшалай қаражаттарды басқаруға талдау жүргізу;
- кәсіпорынның ақшалай қаражаттарының қозғалысының динамикасын, қаржылық цикл ұзақтығын анықтау;
- ақшалай ағымдарды басқаруды болжамдау модельдерін пайдаланып, қаржылық менеджменттің стратегиясын, тактикасын жетілдірудің кейбір жолдарын ұсыну.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі. Бұл жұмысты жазу барысында Баканов М.И., Шеремет А.Д., Сайфуллин Р.С., Ковалев В.В., Негашев Е.В. Стоянова Е.С., Дюсенбаев К.Ш. және т.б. ғалымдардың еңбектері әдістемелік арқау ретінде көрініс тапты.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс 3 негізгі бөлімнен, кіріспе, қорытынды, қолданған әдебиеттер тізімінен, кестеден, суреттен құралған, жалпы беттер саны- .
Жұмыстың бірінші бөлімінде кәсіпорынның айналым капиталын басқарудағы ақшалай қаражаттарды басқарудың маңызы, ақшалай қаржаттарды тиімді басқарудың қаржылық жағдайға әсері, ақшалай қаражттарды басқарудың әдістері анықталған. Екінші бөлімде «Кедентранссервис»АҚ Атырау қаласындағы филиалы мысалында кәсіпорындағы ақшалай қаражаттарды басқаруға талдау жүргізілген, кәсіпорынның ақшалай қаражаттарының қозғалысының динамикасы, қаржылық цикл ұзақтығы анықталған. Үшінші бөлімде ақшалай ағымдарды басқаруды болжамдау модельдерін пайдаланып, қаржылық стратегияның әр нұсқауы бойынша әр бап бойынша ұсыныстарды сандық бағалау және олардың кәсіпорын балансына әсер етуін бағалау негізінде кәсіпорын көрсеткіштерінің болжамды мәндері есептелген, қаржылық менеджменттің стратегиясын жетілдіру жолдары ұсынылған.