Жоспар

 

 

КІРІСПЕ ……………………………………………………3

 

1Кәсіпкерліктің теориялық негіздері ……………………...5

1.1Кәсіпкерліктің мәні және оның сипатты белгілері ……...5

1.2Кәсіпкерлік қызмет түрлері ………………………………7

1.3Кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары, сипаттамалары,  олардың басымдылықтары мен кемшіліктері …………….

9

2Фирма нарықтық экономиканың субъектісі ретінде ……...12

2.1Фирма түсінігі ……………………………………………….12

2.2Кәсіпкерлік Қазақстан Республикасында ………………...13

3Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдау және дамыту ………...16

3.1Қазақстан Республикасының экономикасын тұрақтандыру бойынша «Самұрық-Қазына» қорының бағдарламалары мен жобалары …………………………..

 

16

3.2Қарағанды облысындағы кәсіпоpындар ............................

а) Облыстағы шағын кәсіпкерліктің дамуы және оны мемлекеттік қолдау жайындағы ақпарат ………………...

ә) «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ……………..

б) «Сарыарқа» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы …18

 

18

24

25

3.3Cолтүстік Қазақстан Облысы …………………………….

a) Облыстағы кәсіпорындар ………………………………

ә) Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік субъектілеріне көрсетілетін бюджеттік қолдау туралы ...

б) Облыстың кәсіпкерлік субъектілеріне көрсетілетін қаржылық қолдау ………………………………………….27

27

 

28

 

30

 

ҚОРЫТЫНДЫ …………………………………………….32

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ……………….35

 

ҚОСЫМШАЛАР  …………………………………………………36

 

 І Кіріспе

 

Қазіргі уақытта Қазақстандық кәсіпкерлік біршама қиыншылықтарды бастан кешіріп отырса да, өзінің негізін әлдеқашан құрып болған. Ол заңмен қорғалады және әрқашан дамып отырады. Қазіргі уақытта бұл тақырыптың өзектілігіне ешкім күмәнданбайды, себебі кәсіпкерлік іс-әрекетсіз нарықтықтік экономика болмайды. Ол әлі де даму барысында болса да, бизнестің қоғамдық өндірістің негзігі саласы болатындығына ешкімнің күманы жоқ. Бизнеске деген қызығушылық өсіп келеді. Менің ойымша, қоғамның жаңа экономикалық негізі құрылып жатыр, өзінің ісін ашуға ниеттенген адамдар шығып жатыр. Бұл адамдар жаңа қоғамның шарттарына бейімделіп емес, өзінің идеяларын іске асырып, өздерін еркін еңбек іс-әрекетінде көрсетіп өмір сүреді. Мұның негізгі себебі қоғамның және халық шаруашылығының демокртиялануы болып табылады. Нарықтықтық экономикаға өту үшін өндіріс құрылымын түбегейлі түрде өзгерту қажет. Өзгерістер монополияны жеңіп, конкуренцияның пайда болуына жол ашады. Әлемдік тәжірибені негізге ала отырып бұл мәселені түрлі меншіктің түрлі формалары негізінде құрылған кәсіпкерліксіз шешу мүмкін емес. Қазіргі уақытта кәсіпкерліктің өндірістің, нарықтыңтың дамуына, яғни бүкіл қоғамға әсерін тигізетінін көптеген адамдар түсінді. Мемлекет кәсіпкерлердің арқасында, ал кәсіпкерлер өз мемлекетінің қолдауының арқасында дамып, гүлденеді. Рим құқығында «кәсіпкерлік» ұғымы коммерциялық іс-әрекет, іс ретінде қарастырылды. Кәсіпкер ретінде қоғамдық құрылысты дамытатын арендатор деп есептелінді. Орта ғасырларда «кәсіпкер» ұғымы бірнеше мағынаны берді. Біреулер, сыртқы саудамен айналысатын адамдарды сөйтіп атайды. Мұндай кәсіпкерлікке мысалды Марко Поло, Еуропа және Қытай арасындағы сауданың даму негізінде тұрған саяхатшы береді.

Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры – Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950ж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі бар еді: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенің істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832ж) былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам». 

Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі.  Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды.  Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал кәсіпкерлік (предпринимательство) – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол - өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.  Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғым бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз – адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабельділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабіліттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көз қараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес – бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адмның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.  Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады.