Мазмұны

Кіріспе ...................................................................................................................4

І Бөлім Салықтардың экономикалық маңызы мен ғалымдар мен

тәжірибешілердің еңбектерінде оларды жетілдіру мәселелері

1.1 Корпоративтік табыс салығы бойынша бюджетпен ........................6

есеп айырысудың экономикалық мазмұны

1.2 Ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбектерінде корпоративтік табыс

салығын жетілдіру мәселелері ..........................................................14

1.3 Корпоративтік табыс салығының есебін жүргізудегі  бухгалтерлік

есептің алдындағы міндеттері ...........................................................22

ІІ Бөлім ЖШС «Фэст-Реалдың» экономикалық-ұйымдастырушылық

жағдайына сипаттама

2.1 Кәсіпорынның ұйымдастырушылық сипаттамасы ........................24

2.2 Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайы .......................28

ІІІ Бөлім Қазіргі жағдайда корпоративтік табыс салығы бойынша

бюджетпен есеп айырысудың бухгалтерлік және салықтық есебі

3.1 Жылдық жиынтық табыстың құрылуы ..........................................34

3.2 Корпоративтік табыс салығының бухгалтерлік есебі ...................48

3.3 Корпоративтік табыс салығының салықтық есебі .........................57

3.4 Корпорациялық табыс салығын есептеуді компьютерлендіру......72

Қорытынды және ұсыныстар...............................................................................75

Қолданылған әдебиеттер тізімі ...........................................................................78

 

 

 

 

Кіріспе

Салықтарды дұрыс есептеу мен төлеу – барлықтарының алдындағы қиын мәселе. Салықтарды дұрыс және сауатты есептеу бухгалтерлік есеп пен салықтық заңнаманың терең білімдерін талап етеді. Әрбір мемлекет үшін салықтар- бюджет түсімдерінің негізгі көздерінің бірі. Салықтық түсімдердің мәнді үлесі заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығына келеді. Қазақстандық кәсіпорындар өздерінің таза табыстарының 30% бюджетке береді. Айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуге дейінгі түрде артық төлемеу үшін салықтарды дұрыс есептеу мен төлемдік ережені сақтау және салықтық есепті уақытында ұсыну керек. Корпоративтік табыс салығы-мемлекеттігі экономикалық процестерге үлкен әсер ететін тікелей салықтардың негізгі түрлерінің бірі ретінде Қазақстан Республикасының салықтық жүйесінде ерекше орынды алады. Ол  салықтардың ішіндегі ең ірісі және салық төлеуші-кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижесіне толықтай байланысты келеді.

Корпоративтік табыс салығы басқа салықтармен қатар Қазақстан Республикасының салықтық жүйесінің құрамдас элементі болып табылады және ұлттық табысты қайта бөлу құралының қызметін атқарады.

Қазіргі кезде корпоративтік табыс салығы- Қазақстан Республикасының бюджетіндегі мәнді үлесті құрайтын мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көздерінің бірі.

Бұл дипломдық жұмысымның мақсаты ЖШС «Фэст-реал» кәсіпорын мысалында корпоративтік табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысудың қазіргі тәжірибесін талдау мен танысу негізінде есеп пен есеп беруді жетілдіру бойынша нақты әдістемелерді жасау мен есеп пен ішкі бақылаудың ролін күшейтудің негізгі жолдарын айқындау.

Осы қойылған мақсатқа байланысты келесідей міндеттер қойылды және шешілді:

- салықтардың экономикалық маңызын оқу, олардың қазіргі жағдайдағы ролі мен маңызы;

- ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбектеріндегі корпоративтік табыс салығын жетілдіру мәселелерін қарастыру;

- ҚЕХС –на сай корпоративтік табыс салығының есептелуі;

- зерттеліп отырған кәсіпорынның ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттамасын қарастыру;

- осы кәсіпорындағы есептік және қаржылық-жұмыстың қойылуын қарастыру;

- корпоративтік табыс салығын есептеудің мәні мен міндеттерін ашу;

-кәсіпорындағы корпоративтік табыс салығын есептеудің тәртібін зерттеп білу;

-жүргізілген талдау негізінде бухгалтерлік есептің сапасы мен ішкі бақылаудың тиімділігін жоғарылату бойынша ұсыныстар жасау.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі болып ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбектері, корпоративтік табыс салығын есептеу мен есеп айырысу бойынша нұсқаулық және нормативтік материалдар табылды.

Осы дипломды жазу барысында бақылау, салыстыру, теориялық және нақты материалдарды жалпылау мен талдау әдістері, статистикалық топтастыру, баланстық жалпылау, шоттардағы операцияларды екі жақты бейнелеу, құжаттама, есеп беру мен бухгалтерлік есептің басқа да арнайы амалдары қолданылды. Сонымен қатар есеп пен есеп беру бойынша жағдайлар мен ережелер, ғалымдардың монографиялары, зерттеу тақырыбы бойынша арнайы және экономикалық әдебиеттер, мерзімдік әдебиеттер, салықтар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері мен ЖШС «Фэст-Реалдың»2004-2006 жылдардағы  қаржылық есебі пайдаланылды.