Тақырыбы: Капитал және пайда

Мазмұны

 

Кіріспе..................................................................................................................3

 

І бөлім.Экономика және оның құрылымы. 

1.1 Экономикалық теорияның қалыптасуы және дамуы......................5

1.2  Экономикалық теорияны зерттеу әдістері.......................................8

 

ІІ бөлім.Пайдалылық және оның мәні.

2.1. Пайда және оны белгілейтін факторлар. .......................................12

2.2. Пайдалылық және оның түрлері.....................................................19

2.3  Ауытқымалы талғаусыздық және бюджет қисығы........................21 

 

ІІІ. Капитал мен қосымша құн теориясы

3.1 Марксизмнің пайда болу тарихи жағдайлары................................24

3.2 Капиталдың құрылымы мен негізгі мәселелері.............................24

3.3 Капитал. Капиталдың қорлануы мен ұдайы өндірілуі..................29

3.4 Маркстың пайда және табыс ілімдері туралы көзқарастары........35

 

ІV.ҚР-да пайдалылық пен экономиканың байланысы......................41

 

Қорытынды. ....................................................................................................44

 

Қолданылған әдебиеттер................................................................................46

 

 

Кіріспе

 

Экономикалық теорияның құрылымында бұл тақырыптың алатын орны ерекше. Өйткені бұл зерттеп танысатын ерекше методологиялық кіріспе болып табылады. Мұнда экономикалық теория нені зерттеп талдайды, бұл үшін қандай әдістер пайдаланады, оның қоғам дамуында атқаратын рөлі қандай және т.б. маңызды мәселелер анықталады.

Бүгінгі адам, егер ол қоғамдық дамудың заңдарын зерттеп түсінбесе, экономикалық теорияны меңгермесе, ол адам өзін білім мен мәдениетке қол жеткіздім деп айта алмайды. Бұл тақырыпты жете түсініп білу арқылы студенттер бірнеше жаңа категориялармен танысады.

Қандай ғылым болмасын, ол адамдардың табиғатпен, қоғаммен, бұлардың өзара әсер етуімен байланысты мәселелерді шешуге бейімделген мақсатты  талаптарының нәтижесінде пайда болады. Бұны толығынан экономиканы зерттейтін ғылым кешеніне жатқызуға болады. Адамдар көне заманнан бастап адамзат қоғамының дамуы немен байланысты, экономика қандай заңдармен дамиды деген сұрақтарға жауап іздеген.

Адамдар өмірі құбылмалы, күрделі және қайшылығы мол өмір. Бұл өмір экономиканы, саясатты, мәдениетті және т.б. қамтиды. Қоғам өмірінің әр салаларын жекелеген ғылымдар зерттейді. Экономикалық ғылым осылардың біреуі болып табылады.

Тұңғыш экономикалық ой – пікірлер көне заманда пайда болған. Ертедегі Греция, Рим, Қытай, Индия ғалым – философтар экономиканың жекелеген мәселелерін: бағаның негізінде не жатады, байлық қалай көбейеді, т.б. шешуге талаптанған.

Ксеснофонт (б.д.д 430 – 354 ж.ж.), Платон (б.д.д 427 – 347ж.ж), Аристотель (б.д.д. 384 – 322 ж.ж.) пайдалылық туралы экономикалық теорияның бастапқы принциптерін анықтаумен айналысқан. 

Бұл жерде жалпы капитал ұғымы мен түсінігі қарастырылады және капиталдағы проценттің мәнісі, динамикасы, және оның факторлары деген ұғымы да кіреді. Капиталға процентті есептеген кездегі пайданың нормасы мен жерді, суды қолданатын, табиғат ресурстарын қолданудан табысы (негізгі өндіріс факторларының рентасы) және еңбек ресурстарының қызметтерін қолданудан табысы (жалақы төлемі) негізгі табыс формалары кездеседі.

Капиталдың кәсіпкерлік практикасындағы экономикалық теориясының түсінігі мысалыға: капитал ретінде АЭС атомдық реакторлары, мини-трактор, напалма өндірісі бойынша зауыттың құрылғылары, жобалы-конструкторлық бюро қатыстылығы, инженердің шеберлік қатыстылығы және кәсіпкерліктік басшы.

Капиталдың қазіргі заманға қатысты ерекшеліктері мен өзгешеліктері: капиталдың түріне байланысты физикалық және адам капиталы болып екіге бөлінеді. Осыған байланысты К. Маркстың капиталға қатысты экономикалық көзқарастарын ұсынады. Кәсіпкерлік капиталдың ішкі және сыртқы ағымдарының қалыптасуы, бұған кіретіні инвестициялары, көлемдері, қызметтің периодынан қатысты болатын, ағымдары мен мінездемесін қалыптастырып отырған.

Кәсіпорынның өзіндік ағымдарына: негізгі қызметтен пайдасы, қаржылық операциялардан пайдасы, табыстардың кейбір түрлері, амортизациялық қоры мен жарғылық қоры, тиелген тауарлары үшін сатушыларға қарызы, алып тасталынған мүлікті өткізуден түскен табысы, құрылыстағы ішкі ресурстардың мобилизациясы.