МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

 

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ.....................................................................6

 

1. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ  ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ...................7

1.1 Инновация және инновациялық қызметтің мәні..........................................7

1.2  Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу механизмдері..........................................................................................................17

1.3  Елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы индустриялық-инновациялық фактордың ролі......................................................................................................27

 

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛДАУ.................................................................................................................33

2.1  Қазақстан Республикасында индустриялық-инновациялық мемлекеттік бағдарламалардың қазіргі жағдайын талдау.......................................................33

2.2 «Қазаэросервис» АҚ-да қолданылған индустриялық-инновациялық әдістерінің өндірістік-экономикалық  нәтижелері.............................................37

2.3 Қазақстан Республикасында индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау................................................................................................51

 

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.........................63

3.1  Индустриялық-инновациялық дамудың кейбір басылымдықтары мен мәселелері...............................................................................................................63

3.2  Индустриялық-инновациялық кәсіпкерлікті дамыту механизмдерін жетілдіру бағыттары..............................................................................................67

3.3  Индустриялық-инновациялық процестерді дамытудағы кадр саясатын жетілдіру.................................................................................................................78

 

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................91

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................94

 

КІРІСПЕ

 

Әлемдік экономиканың жаһандануы және қазақстандық экономиканың ашық жағдайында отандық компаниялардың ел ішіндегі және шетелдегі тауарлар мен капитал нарықтарындағы бәсекелік күреске дайын еместігі анық байқалуда. Сондықтан Қазақстан Республикасының әрі қарай дамуында тек өндірістің тұрақтануы мен өсімі ғана емес, оның құрылымдық жағынан атқарады. Оның үстіне олардың бір бөлігі іс жүзінде жобалы инновациялық жүйенің әрекеттері болып табылады. Қазіргі таңда кез келген елдің экономикасының дамуы, халықтың рухани және материалдық игіліктерінің артуы, ең алдымен, сол елдің ғылымы мен білімінің, мәдениетінің тұрақты дамуына байланысты екені шындық.

Бүгінгі таңда Қазақстан күрделі экономикалық және саяси  міндеттерді табысты шешуде басқа елдерге үлгі болатын деңгейге көтерілді. Қазақстанның бәсекеге қабілетті елдердің көшбасшылығына ұмтылуы заңды құбылыс. Өйткені, еліміздің экономикалық әлеуеті мен қоғамдағы саяси тұрақтылық, демократияның дамуы оған мүмкіндік беріп отыр. ХХІ ғасыр  білімнің, ақпараттың жаңа технологияның өрістеу ғасыры. Білімнің, ғылымның бәсекеге қабілетілігі бұл күнде көптеген  мемлекеттер үшін көкейкесті мәселе болып отыр. Озық ғылыми-техникалық инфрақұрылымсыз және кәсіби шеберлігі жоғары білімді кадрларсыз, жаһандану талаптарына сәйкес даму мүмкін емес. Осы мақсатта отандық ғылым мен білім беру жүйесінің алдында тұрған  басты міндет – білім мен ғылымды халықаралық деңгейге көтеру.

Экономикамыздың жаңа даму кезеңіне өту процесі халық шаруашылығының нақты секторын, әсіресе, ең басты саласы болып табылатын индустрияны қайта құру мен дамытуда маңызды да сапалы өзгерістер енгізумен басталды. Аталмыш кезеңде индустриялық өнімдер өндірісінің артуы осы сала құрылымындағы жағымды өзгерістермен байланысты болды. Дәлірек айтсақ, мұнай, газ, қара және түсті металлургия мен азық-түлік және текстиль индустриясы өнімдерін өндіру және өңдеуге қатысты салалардың салмақ үлесі айтарлықтай мөлшерде артты. Жалпы алғанда, қазіргі таңда ЖІӨ көлемінің 25,6% мен халықтың 22,2%-ын жұмыспен қамтып отырған индустрия өндірісінде елдің шаруашылық белсенділігі арта отырып, өндірістік-техникалық потенциалын күшейтерліктей деңгейде жұмыс жүргізіле бастады.

Индустриалды-инновациялық даму – Қазақстанды қазіргі дағдарыстың дауылынан мейлінше аз шығынмен алып шығатын жол. Біз жаңа технологияларды игеріп, инновациялық өсуді қолдаған жағдайда ғана дағдарыстың зардаптарынан тезірек құтыламыз. [1]

Индустриялық өндірістің тұрақты өсу тенденцияларын нығайту және оның құрылымдық өзгерістерін жақсарту үшін отандық индустрияны дамыту мәселелерін кешенді түрде шешу бағдарын қарастыратын, алдымыздағы 2015 жылға дейінгі мерзімге арналған жаңа мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясатты ұстанып, жүзеге асыру қажет. Өйткені, мұндай әрекет индустрия саясатына кешендік сипатты бере отырып, осы саланың даму деңгейі мен қазіргі жағдайын қалыптастыру мақсатын көздеген саясаттарды орындау барысында қателіктер мен кемшіліктердің пайда болуын тежеуге мүмкіндік береді. Халықтың әл-ауқатының көтерілуі мен  ұлттық экономиканың тиімділігі көп жағдайда  инновациялық үрдістердің даму сатысымен айқындалады. Осы мақсатта қабылданған Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясының жүзеге асырылуы – тәуелсіз Қазақстанның кемел келешекке  ұмтылғандығының айғағы.

Қазақстан индустриясы халық шаруашылығының индустриализация деңгейін, егеменді ел экономикасының нақтылығы мен перспективасын, қазіргі әлемдік шаруашылықтағы орны мен рөлін ақтайтын басты фактор болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстанда үлкен руда қорлары, минералды шикізат, отын-энергетикалық ресурстар, құнды және сирек кездесетін жер металдар қоры бар, сондай-ақ, негізінен, өнімі шетелдерге жіберілетін пайдалы қазбаларды табудың және өңдеудің күшті индустриясы бар. Алайда, Қазақстанда машина құрылысының көп профильді жаңа базасы, жоғары сапалы дайын тауарлар өндіру және іс жүзінде ғылыми-техникалық күрделі тауарлар өндіру саласы да жоқ, халық тұтыну тауарларының индустриясы нашар дамыған, химиялық индустрия, мұнай, газ және көмірсутек шикізаттарды өңдеу потенциалы жеткілікті түрде қолданылмайды.

Қазіргі кезде Қазақстанда ескі және жаңа инновациялық жүйелердің элементтері ұштасқан ауыспалы типтегі ұлттық инновациялық жүйеде (ҰИЖ) венчурлік қорлар қалыптастыру арқылы қызмет атқаруда. Жаңа ҰИЖ-ге индустрия мен қызмет көрсету саласындағы шағын сектордың ғылыми-техникалық ұйымдарын, шағын инновациялық кәсіпорындарды, көптеген мемлекеттік емес, коммерциялық емес, ғылыми, талдау жасаушы, консалтингтік, т.б. орталықтарды жатқызуға болады.

Диплом жұмысының өзектілігі - Индустриалдық дамыған елдерде экономиканың нақтылы секторы кәсіпкерлікті мемлекеттік деңгейде дамыту мақсатымен индустриялық-инновациялық іс-әрекеттерді жандандыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, кез-келген елдегі индустриялық-инновациялық белсенділіктің негізгі қозғаушы күші жоғары технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады.

Диплом жұмысының негізгі мақсаты – Қазіргі уақытта біздің елімізде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге    негізделген жаңа ақпараттық технологияларды игеру, республикамыздың   индустрия  және ғылыми техникадағы әлеуетін дамыту

Диплом жұмысының негізгі міндеті – Индустриялық-инновациялық дамытуды жүзеге асыру үшін кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін қаржыландыру және қорландыру көздерін жаңару және даму мәселелерін қарастыру

Диплом жұмысы кіріспеден, 3 тараудан, қорытынды, қолданылатын әдебиеттер тізімінен тұрады.

Диплом жұмысының бірінші тарауында Индустриальды-инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу механизмі,кәсіпорындағы инновациялық потенциал, Индустриальды-инновациялық менеджмент, инновациялық әрекет сипатталған.

Екінші тарауында Қазақстан Республикасында индустриялық-инновациялық мемлекеттік бағдарламалар, Қазақстан Республикасында индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған.

Үшінші тарауда Индустриялық-инновациялық дамудың кейбір мәселелері, кадр саясатын жетілдіру бағыттары сипатталған.

Әдіснамалық негізі: Қазақстан Республикасының заңдары, заңнамалары, сонымен қатар көптеген отандық және шетелдік авторлардың соның ішінде: Мухамедьяров А.М. Фатхутдинов Р.А., Аньшина В. М., Дагаева А.А., Шумпетер Й.    т.б. басылымдары қолданылды.