МАЗМҰНЫ

 

Бет

 

КІРІСПЕ.....................................................................................................................................3

 

‌‌1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТ.......................................4

 

1.1 Инвестициялық жобалардың мазмұны мен оның түрлері.........................................4

1.2 Инвестициялық жобаларды іске асыру кезіндегі техникалық

-экономикалық есептердің сатылары мен түрлері.......................................................6

 

2 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ТАЛДАУ.........................................................................9

 

2.1    Инвестициялық жобалардың қолайлығын бағалау тәсілдері......................................9

2.2   «Дастархан» кафесінің инвестициялық жобасы...........................................................16

 

3 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ТАЛДАУДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ

ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ РЕТІНДЕ ҰТЫМДЫ КӨРСЕТКІШТЕРДІ ҚОЛДАНУ................................................................................................................................21

 

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................................27

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН КӨЗДЕР ТІЗІМІ.......................................................................................29

‌‌ КІРІСПЕ

 

Еліміздің экономикадағы өзекті мәселелерінің бірі – инвестициялық жобаларды құру болып табылады. Президенттің үстіміздегі жылдың ақпан айындағы Қазақстан халқына жолдауында «Бүгінгі әлемдік конъюнктура нашарлаған жағдайда біз рөлі өсе түсіп отырған мемлекеттік холдингтердің, даму институттарының, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың ішкі инвестициялық ресурстарын белсенді етуге тиіспіз.

Пайда болған қиындықтарға қарамастан, менің тапсырмам бойынша Үкімет экономиканы орнықты өсіру бойынша шаралар қабылдады» - деп айтылған.

Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық жобаларды талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.

«Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы экономиканы жаңғыртуға, әртараптандыруға және бизнестің “көлеңкеден” шығуына жағдай жасауы тиіс.

Менің бұл курстық жұмысты таңдаған себебім: Кез-келген істі бастау үшін міндетті түрде қаражат керек. Сондықтан қаржыландырудың көздерін анықтап және оларды қалай басқарудың амалдарын саралап және де Қазақстан Республикасындағы банктердің, қаржылық институттардың, кәсіпкерліктердің, ұйымдардың ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінің басқарылуын жан-жақты талдап, зерттеп білу.

Курстық  жұмыстың мақсаты – қазіргі кездегі инвестициялық жобаның  теориялық және практикалық мәліметтері негізінде зерттеу жұмысын жүргізу.

Қойылған мақсатқа жету үшін алдымызға келесідей міндеттерді қоямыз:

- Инвестициялық жобалардың мазмұны мен оның түрлерін қарастыру;

- Инвестициялық жобаларды іске асыру кезіндегі техникалық-экономикалық есептердің сатылары мен түрлерін талқылау;

- Инвестициялық жобалардың қолайлығын бағалау тәсілдерін талдау;

- «Дастархан» кафесінің инвестициялық жобасын талқылау;

- Инвестициялық жобаларды талдаудағы мәселелері мен шешу жолдарын зерттеу.

Жұмысты жазу барысында әдістемелік негізі ретінде отандық және шетел ғалымдарының инвестициялық жоба саласындағы еңбектері, статистикалық мәліметтер, монография, газет-журналдар мәліметтері пайдаланылды.