Жоспар
Кіріспе    2
1-тарау. Шаруашылық жүргізуші субъектісінің инвестиция    4
есебі    4
1.1. Инвестицияны жіктеу және оның негізгі міндеттері    4
2-тарау. Кәсіпорындағы инвестицияның аудиті    20
2.1. Инвестиция аудитінің міндеттері және ақпараттық қоры    20
2.2. Инвестиция аудиті: түсінігі    22
2.3. Инвестицияланатын кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау    31
Қорытынды    38
ҚОЛДАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР    40





Кіріспе
Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға көшу барысында қаржылық ресурстар, өздерінің жүктелген міндеттеріне ие болып, ал оның реттеушілері қоғамның алға дамуының анықтаушы факторы болып есептелiнедi. Сонымен қатар еліміздегі мол табиғат ресурстары, қоғам мен экономиканың дамуының Мемлекеттік стратегиялық мақсаттарын қорландыру және қор жинау механизмдерін жоғалтып, бүгінгі күнгі ауадай қажет болып отырған қаржы тапшылығын жауып отыр.
Экономика - әрбір қоғамдық құрылыстың негізгі іргетасы, ол материалдық өндірістердің даму дәрежесін сипаттайды, қоғамдағы аса маңызды барлық үрдістерді  белгілейді.
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынасқа көшу барысында тиянақты, қатаң бақылау, тексеру ерекше орын алатыны шетел үлгісінен белгілі. Себебі, нарықтық қатынас принципімен, дамуды қамтамасыз ету үшін, ол елде - бәсекелестік шешуші роль болып атқарылады. Бәсекелестікті қамтамасыз ету үшін, өте қатал бақылауды тексеру қажет. Соның нәтижесінде ғана, нарықтық қатынас жолымен дамудың тиімділігі іске асырылады. Сондықтан аудит жұмысынның қажеттілігі, көптеген себептермен анықталынады. Біріншіден, кәсіпкерлер өз шаруашылығының тиянақтылығын қамтамасыз ету үшін; екіншіден, өз жұмысын өзі сенімді түрде басқару, жүргізу үшін; үшіншіден, кәсіпкерлер өзара қарым-қатынаста сенімді жұмыс істеу үшін және де өзінің капиталының тиімділігіне сенімді болу үшін.
Шаруашылық субектісіне қазіргі уақытта тиімді жұмыс істеу үшін нақты инвестициялар керек. Олар кәсіпорынды қаржыландыру үшін негізгі капиталына және материалды - өндірістік қорлардың өсіміне салымдар ретінде табылады.
Осыған байланысты бұл курстық жұмысымның тақырыбы қаржылық инвестиция, яғни “Инвестиция саясаты: мәні, жүзеге асыру нысандары” түрінде бекітіліп алынды. Қазіргі таңда бұл тақырып бүгінгі күннің талабын қанағаттандыратын ең негізгі тақырыптың бірі болып отыр.

1-тарау. Шаруашылық жүргізуші субъектісінің инвестиция
есебі

1.1. Инвестицияны жіктеу және оның негізгі міндеттері

Инвестициялар, оларды жіктеу және  бағалау. Инвестициялар ретінде, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы  кәсіпорындарына және экономиканың басқа салаларына капиталды салу нысанында жүзеге асатын шығындардың жиынтығы деп түсінуге болады. Инвестициялық қызметтің негізгі мақсаты  кәсіпкерлік табыс немесе пайыз (%) алу болып табылады.
Инвестициялардың көзі  жаңадан жасалған құн немесе, басқаша айтқанда, таза табыстың сақталатын бөлігі болып табылады. Кәсіпкерлер  (кәсіпорындар) оны өзінің табысынан (яғни өзін-өзі қаржыландару) және капиталдарды, нарығынан (тартылған қаражаттар) шоғырландырады. Негізгі капиталды жаңартуға инвестициялардың көзі амортизациялық аударымдар болып танылады.
Инвестициялар  қаржылық және нақты болып бөлінеді.