МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ4

1 ЖИЫНТЫҚ СҰРАНЫС6

1.1 Жиынтық сұраныс қисығының қозғалуы8

2 ЖИЫНТЫҚ ҰСЫНЫС10

2.1 Қысқа мерзімдік жиынтық ұсыныс13

2.2 Қысқа мерзімдік тербелістерден ұзақ мерзімдік кезеңге дейінгі талдау15

3 ТҰРАҚТАНДЫРУ САЯСАТЫ17

3.1 Жиынтық сұраныстың күрт өзгеруі18

3.2 Жиынтық ұсыныстағы күрт өзгерістер20

ҚОРЫТЫНДЫ23

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР24

 

 

КІРІСПЕ

 

Экономиканың қысқа мерзімдік тербелісінің үлгісін құру үшін, ең алдымен оның классикалық ұзақ мерзімдік үлгіден несімен ерекшелетіндігін шешу керек. Макроэкономистердің көпшілігінің ойы бойынша, экономика дамуының қысқа және ұзақ мерзімдік кезеңдеріндегі сипаты, түпкілікті өзгешеліктері бағалардың әр түрлі динамикасына байланысты болады. Ұзақ мерзімдік кезеңде бағалар сұраныс пен ұсыныстың өзгеруіне әсер етеді. Ал қысқа мерзімдік кезеңде көп тауарлардың бағалары белгілі бір деңгейде тұрақты болып табылады. Бағалардың әр түрлі болуы экономика саясатының нәтижесі уақытқа байланысты болатынын көрсетеді.

Қысқа мерзім кезеңіндегі көп тауарлар бағасы ақша саясатындағы өзгерістерге әсер етпейді.

Ақша ұсынысының азаюы фирмалардың төлейтін жалақысын төмендетуге, дүкендердің сатып отырған тауарларға деген бағаларды қайта қарастыруға, пошта арқылы сауда жасайтын фирмаларға – жаңа каталогтар шығаруға, ал барлық мейрамханалаор үшін – жаңа меню жасауға деген мәжбүрлікті туғызбайды. Керісінше, бағалардың көп түрлі мәнсіз өзгерістерге ұшырайды. Бұл бағаны икемсіз деп атауға болады. Бағаның осындай болуынан ақша сұранысының қысқа мерзімінде өзгеруінің нәтижесі ұзақ мерзімінен ерекше.

Егер баға икемсіз болса, онда өнім көлемі классикалық үлгі анықтайтын деңгейден ауытқуы мүмкін. Классикалық үлгіде өндірілген өнім саны еңбектің және капиталдың жұмсалуына және қолда бар техника мен технологияға тәуелді. Бағаның икемді болуы шешуші рөл атқарады, классикалық үлгіде бағаның өзгеруі сұраныс өлшемінің ұсыныс көлеміне деген тұрақты теңдікті қамтамасыз етеді. Бірақ егер баға икемді болмаса, өндіріс көлемі тауарға деген сұранысқа тәуелді. Сұраныс, өз кезегінде ақша-несие, салық-бюджет саясаттарына және басқа да факторларға тәуелді. Сонымен, бағаның икемді болмауы ақша және бюджет саясаттарын экономиканы тұрақтандыру үшін пайдалануға негіз слады.