Мазмұны

 

Кіріспе...............................................................................................................3

I. Нарықтық экономикадағы кәсіпорын кадрлары (қызметкерлері) және кәсіпорынның кадр саясаты.

1.1. Кәсіпорын кадрлары түсінігі мен классификациясы. Нарықтық экономикадағы кәсіпорындағы қызметкерлердің маңызы........................6

1.2. Кәсіпорынның персонал қажеттілігін анықтау және кәсіпорында еңбекті ұйымдастыру....................................................................................9

II. Еңбекақының экономикалық мәні және оның принциптері.

2.1. Еңбекақы түсінігі мен қағидалары, жұмысшыларды материалдық ынталандыру................................................................................................11

2.2. Еңбекақы төлеу формалары мен жүйелері.

2.2.1. Еңбекақы төлеудің тарифтік жүйесі......................................14

2.2.2. Еңбекақы төлеудің бейтарифтік жүйесі................................20

2.3. Қосымша, үстеме жұмысқа еңбекақы есептеу формалары..............21

2.4. Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорын жоспарлау............................24

III. Еңбекақының нарықтық экономика жағдайларындағы ерекшелігі мен Қазақстан Республикасының еңбекақы жағдайы.

3.1. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес еңбекақының белгіленуі.....................................................................................................26

3.2. Қазақстан Республикасының еңбекақы көтеру саясаты..................31

Қорытынды............................................................................................................34

Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................36

Қосымшалар

 

 

 

КІРІСПЕ

Мен курстық жұмысымның алғашқы сөздерін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еліміздегі аса маңызды мәселелрді қозғайтын және экономикалық дамуға, әлеуметтік қамтамасыз етуге жол ашатын Қазақстан халқына жолдауының сөздерінен бастауды жөн көрдім. Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап дәйектілікпен құрып жатқан Жаңа Қазақстан өзінің дербес даму жолын таңдап, жылдан жылға әлемдік қоғамдастықта барған сайын зор құрмет пен беделге қол жеткізе отырып, алға қарай нық сеніммен ілгерілеп келеді. Бүгінде экономика мен өз мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қамтамасыз етіп, біз қағидаттық жаңа кезеңге сенімді қадам бастық. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын тұрлаулы, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік негізге қоюға мүмкіндік береді. Қазақстанның әлеуметтік жағдайының, өмір сапасының артуы халықтың еңбекақысының мөлшеріне, олардың тұрмыстық жағдайына бірінші кезекте байланысты. Сондықтан да ел басымыз өз жолдауларында өзекті мәселелердің бірі ретінде жалақы көтеру саясатын қойып отыр.

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Курстық жұмыстың тақырыбы «Еңбекақыны ұйымдастыру және нарықтық  экономика жағдайларында оның ерекшеліктері». Еңбекақы бұл – жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің  құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады. Былайша айтуға болады – еңбекақы кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысына баратын өнім өндіруге және сатуға кеткен шығындарының бір бөлігі.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Нарық процестерін зерттейтін бүгінгі экономикалық теорияда – еңбек күмәнсіз өндіріс факторы, ал жалақы – жұмыскердің еңбегін пайдалану бағасы. Еңбек кең тараптан қаралып, пайда алушының қандай болмасын, ол соның іс-әрекеті деп түсіндіріледі. Осы бағыттан қарағанда, елдің ұлттық табысының көлеміндегі жалақының үлесі елеулі болады. Сондықтан да бұл мәселе еліміздегі өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Тәуелсіздік жылдарынан бері саяси – экономикалық реформалардың дамуының жолынының басты кепілі ретінде біле отырып, халықтың тұрмыс деңгейінінің жоғарлатуының бір көрінісі – жалақы саясатын жетілдіру болып табылады. Есімізге түсірсек, сонау 1991 жылдары жаңа қалыптасып келе жатқан мемлекетте еңбек етуші 4 млн. адам қалған 15 млн. адамды асырауы керек болған, яғни жұмыссыздық пен ел ауқатының төмендігінің көрінсі орын алған.  Ал қазіргі дұрыс бағытталған экономика мен саясатымыздың арқасында елеулі жетістіктерге жетіп отырмыз. Бүгінгі күні бюджет саласындағы жалақы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап 30% арттырылды, 2007 жылдың шілдесінде бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 53462 теңгені құрап, өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда 32,5%-ға, нақты көрсеткіште өсім 21,8%-ды құрады.

Елбасымыз, әсіресе, басты назарды Бюджет саласы қызметкерлеріне аударып отыр. Білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт сияқты салаларда кадрлар тарту мен кадрлық әлеуетті нығайту үшін 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек демалысына шыққан кезде сауықтыруға арнап, бір лауазымдық оклады мөлшерінде жәрдемақы төлеу енгізілу көзделіп отыр. Сонымен қатар әлеуметтік төлемдерді көбейтуге жұмсалатын қаражатқа қажеттілік 2008 жылы шамамен 108 миллиард теңгені құрау көзделіп отыр. Бұл мәселенің маңыздылығы да сондықтан.

Жалпы, кәсіпорынның стратегиялық мақсат, жоспарларын орындаудағы, табыс әкелуші негізгі көзі болып табылатын басты фактор – еңбек күші. Сондықтан да әрбір кәсіпорын өз қызметкерлері үшін кадр саясатын жүргізеді. Кадр саясатының басты мақсаттары болып та жұмысшы күшінің, яғни өз қызметшілерінің жағдайын жасау, бұл дегеніміз екі жаққа да тиімді еңбекақы ұйымдастыру. Еңбекақы жөніндегі саясат кәсіпорында басқарудың құрамды бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді. Себебі, еңбекақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бірі. Тақырыптың өзектілігі де осында жатыр.

Мақсаты. Тақырыптың мақсаты – еңбекақы түсінігін, ұғымын аша отырып, оның түрлерін, негізгі қағидаларын анықтай отырып, міндеттерін аша кадр саясатын түсіну. Сонымен қатар, нарықтық экономика жағдайындағы қызмет ететін кәсіпорындардағы еңбекақы мәселелерін, ерекшеліктерін жіне маңыздылығын талдай отырып, Қазақстан Республикасының қызметкерлерінің еңбекақы жағдайына және жүргізіліп отырған кадр саясатына көңіл бөлу, Еңбек Кодексін талдай отырып, Қазақстан Республикасының осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстары мен елбасы Жолдауларына тоқталып, жағдайды көрсету.

Жалпы, кәсіпорынды басқарудағы ең негізгі және аса ауыр бөлігі болып табылатын – персоналды басқару. Сондықтан да кәсіпорын тиімділік пен мақсаттарға жетуді көздеген болса, ең алдымен қызметкерлерінің жағдайын жасауға, еңбекақы дұрыс ұйымдастырылуы мен бөлуіне, басқарушы персоналды дұрыс тағайындауына аса көңіл бөлінуі тиіс. Әсіресе, қазіргі нарықтық экономика және демократиялық жағдайда кәсіорынның саясатын дұрыс жүргізілуінде еңбекақы мәселесінің орны ерекше өсіп отыр.

Міне, курстық жұмыс барысында кадр саясатының негізгі мақсаттары мен міндеттеріне тоқтала, еңбекақы міндеттері, мақсаттары, қағидалары мен формалары, классификациясы мен принциптерін, еңбекақының дұрыс ұйымдастырылуын, нарықтық экономикадағы еңбекақы маңыздылығына көрсетіп, Қазақстан Республикасының өз халқының әлеуметтік жағдайын жасау мақсаттарымен жүргізіп отырған еңбекақы саясаты мен Еңбек Кодексін талдай отырып, Қазақстан Республикасының осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстары мен елбасы Жолдауларына, соңғы мәліметтерге сүйене отырып, жалақы жағдайларына тоқталамын.