Бизнес-жоспар: мазмұны, қызметі, даярлау реті

 

Жоспар

 

Кіріспе......................................................................................................................3

 

І тарау. Бизнес-жоспардың теориялық аспектілері

 

1.1 Бизнес-жоспардың мәні, қызметі, мақсаты мен міндеттері........................4

1.2 Бизнес-жоспарды құру жолдары мен мазмұны............................................6

1.3 Бизнес-жоспардың нарық жағдайындағы қажеттілігі.................................9

 

ІІ тарау. Кәсіпорын бизнес-жоспарының нарықтық экономика

жағдайындағы даму жобасы

 

2.1 Кәсіпорынның маркетингтік, менеджмент және стратегиялық  жоспарының экономикалық тиімділігі................................................................12

2.2 Бизнес-жоспардың даму стратегиясының экономикалық негіздемесі....15

 

ІІІ тарау. Кәсіпорын бизнес-жоспарын қолдану және жетілдіру

жолдары

 

3.1 “Astana Promotion Group” жарнамалық агенттігінің бизнес-жоспарын

талдау............................................................................................................19

 

Қорытынды..........................................................................................................30

Қолданылған әдебиеттер...................................................................................31

Қосымша материалдар.................................................................................32-34

 

 

Кіріспе

Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бизнес-жоспардың негізгі талдауы – бұл жобалар фирманың жаңа перспективалық даму стратегиясының бағдарламасын қамтамасыз етуші ретінде қарастырылады. Сондықтан, әрекет етуші кәсіпорынның жаңа өндірістік құрылымы жобалау кезінде негізгі кезең дамытудың жаңа бас мақсаты және болашақта оны жүзеге асыру стратегиясын қабылдау болып табылады. Шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайларына нарықтық бағаның, қаржы мен несиенің ынталандырушы рөлдерін жоғарлату, ең алдымен, қаржылық тепе-теңдік пен тұрақтылықты, экономикалық қауіпсіздік пен өтімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Көптеген ірі батыс фирмаларында кәсіпорынды құру мен оны жетілдіру сияқты дамыту бөлімдері жұмыс істейді. Оның басты қызметі фирманың қабылданған жаңа даму стратегиясымен сәйкес басқарудың өндірістік және ұйымдық құрылымдағы өзгерістері боынша жасалынатын бизнес-жоспардың қаншалықты мөлшерде фирмаға әкелетін тиімділігі мен әсер ету жағдайын талдап, барынша тақырыптың мазмұны мен мақсатын анықтап талдау.

Курстық жұмыстың мақсаты. Бизнес-жоспардың теориялық аспектілері ретінде оның негізгі мәні мен мазмұны, қызметтері мақсаттары, оның нарық жағдайындағы рөлі курстық жымыстың бірінші тарауында қарастылылған. Ал, екінші тарау бойынша кәсіпорынның маркетингтік, менеджменттік және стратегиялық даму жолдары талданып, бизнес-жоспардың экономикалық негіздері мен тиімділігі қарастырылған. Кәсіпорынның бизнес-жоспарын қолдану мен жетілдіруі жайлы сөз үшінші тараудың бөлімі ретінде талданады. Яғни, оның мысалы ретінде жарнамалық агенттігінің құрылу жолы мен даму стратегиясы қарастырылып, жалпы бизнес-жоспарын талдау негізі міндеті ретінде көрсетіледі.