МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3 

 

1 БАҒА САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ 

 

1.1 Баға ұғымы мәні және оның түрлері...................................................................6

1.2  Мемлекеттің  баға және бәсекеніі реттеу саласындағы саясаты..................11

 

3 ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДА  БАҒА САЯСАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕХАНИЗМДЕРІ

 

2.1 Қазақстан Республикасында баға саясатына әсер ететін факторлар.............24

2.2 Экономикада  бәсекеге қабілеттілікті артырудың  және бағаны ырықтандырудың бағыттарын талдау....................................................................30

3 ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДА  БАҒА САЯСАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ЖЕТІЛДІРУ  ЖОЛДАРЫ....................................................................................44

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................52

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН әДЕБИТЕТТЕР ТІЗІМІ............................................................57

 

ҚОСЫМШАЛАР

 КІРІСПЕ

 

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан нық орын алу жөніндегі стратегиялық міндеттің орындалуы үшін әлемдік экономиканың өсімінен тұрақты түрде асып отыратын экономикалық даму қажет. Еліміздің жоғары деңгейде өзіндік жолы бар мемлекет ретінде танылуы, оның әлеуметтік-экономикалық үстемелеп дамуы, халықтың әл-ауқатын, тұрмыс жағдайын жақсартудың негізі болып табылады.  Бұл үшін қаржылық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтай отырып шаруашылық жүргізудің қолайлы жолдарын туғызу қажет, халықаралық еңбек бөлінісіне, ел экономикасының өсуіне тиімді жағдай орната отырып, белсене қатысу керек. Экономикалық өсуді жеделдетудің және өндірістің тиімділігін арттырудың басты факторы – елдегі баға саясаты.

Қазақстанда экономикалық реформаларды жедел жүргізу нәтижесінде баға ырықтандырылды, тиімділікті көтеруге бағытталған ынталандыру шаралары  да жүргізіліп келеді. Алайда, бүгінгі кезеңдегі экономикалық ынталандыру біліктілікке, еңбек сапасына, кәсіпкерлердің өндіріс  нәтижелілігіне және макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасына тәуелді болмай отығанын атап көрсетуге тура келеді.  Бағаны мемлекет тұрғысынан реттеу оның  маңызды қызметі болып табылады. Бағаның өзгерісі. мемлекеттің экономиканы реттеудегі басты объектісі болып табылады.   

Бағалар елдің әлеуметтік және экономикалық  даму деңгейіне елеулі әсерін тигізеді. Бағаның тұрақты болуы инфляция қарқыны бәсеңдейді, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі артады, ел ішіндегі саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселелер қалыпты болады. Ел экономикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына енуге дайындалуы отандық өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне ерекше талаптар қояды. Осыған орай, бағаның тұрақты деңгейін қамтамасыз ету мәселесі аса өзекті болып табылады. Бұл мәселе, әсіресе, ауыл шаруашылығы секторында, аса маңызды. Өйткені, ауыл шаруашылығы халықты өмір сүру үшін қажетті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ететін ел экономикасының маңызды саласы. Жоғарыда айтылған мәселелердің жиынтығы диплом жұмысының  зерттеудің тақырыбының өзектілігін және зерделеу бағыттарын анықтайды.

Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Диплом жұмысының  зерттеудің басты мақсаты елдегі баға саясатының негізгі қалыптасу бағыттары мен үрдістерін зерттеу, бағаны ырықтандыру бағыттарын айқындау болып табылады.  

Зерттеу объектісі ретінде елдегі қалыптасып отырған баға мен мемлекеттің баға саясатын жүргізу шаралары алынды. 

Зерттеу пәні  қазіргі экономикалық ынталандыру жүйесінің теориялық және әдістемелік аспектілерін әзірлеу болып табылады. 

Зерттеудің ақпараттық негізі. Зерттеудің ақпараттық негізі ретінде еңбектері, мерзімдік баспасөз және ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен семинарлардың материалдары алынды. Жұмыста зерттеліп отырған мәселені реттейтін Қазақстан Республикасының заң актілері мен басқа да құқықтық-нормативтік құжаттар пай-даланылды. Зерттеудің эмпирикалық базасын Қазақстан Республикасының  статистика жөніндегі Агенттіктің деректері, ғылыми-зерттеу институттарының салалық және академиялық еңбектері, мерзімді басылымдар, сондай-ақ ОҚО статистка Департаментінің  жылдық статистикалық есептері құрады.

Диплом жұмысының  жұмыстың ғылыми жаңалығы. Диплом жұмысының  зерттеу барысында ғылыми жаңалық ретінде постиндустриалық қоғамға өту кезеңіндегі  арттырудың  шешуші факторы – оңтайлы баға саясатын қалыптасытру арқылы экономикалық ынталандыру мәселесін шешуге бағытталған теориялық және практикалық ұсыныстарды атауға болады. 

Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысының  жұмыстың құрылымы кіріспе, үш бөлімдер мен қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.