Мазмұны

 

 

 

Кiрiспе.................................................................................………………… 3

 

I. Банк қызметін бақылау және реттеудің экономикалық мәні

 

1.1 Банк қызметiн бақылау мен реттеуге жалпы түсініктеме.....................................................................................………5

 

1.2 Банк қызметін бақылауын реттеудің жүргізу әдістері..............………7

 

II. Қазақстан Республикасының банк қызметін бақылау мен реттеудің ерекшеліктері

 

2.1. Банк қызметін мемлекеттік бақылау........................................………10

 

2.2. Банк қызметін аудиторлық бақылау.........................................………11

 

2.3. Банк қызметін халықаралық бақылау.......................................……...12

 

III. Қазақстан Республикасының банк қызметін бақылау мен реттеудің әдістерін дамыту жайында......................……………………16

 

3.1. Пруденциялық реттеу....................................................………………26

 

Қорытынды............................................................................……………..39

 

Қолданылған әдебиеттер тiзiмi........................................……………….41

 

 

Кiрiспе

 

 

Бүгiнгi таңда ауқымды өзгерiстер кезеңi қоғам өмiрiнiң барлық саласын жан–жақты қамтуда. Сол себептi қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, экономикалық-әлуметтiк және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономиканы нарықтық қатынастарға көшу мiндетi тұрды. Қазiр ендi көштiк десек те болады. Осы негiзгi әлеуметтiк, рухани және тағы басқа күрделi мәселелердi шешу – бүгiнгi күннiң басты талабы. Сөйтiп бұл мәселелердi дәйектi түрде жүзеге асыру бүкiл қоғам мүшелерiнiң жаңаша көзқарасына, нақты iс-қимылына және олардың экономикалық бiлiмiне тiкелей байланысты.

Банк жүйесi – нарықтық экономиканың ең маңызды және бiртұтас құрылымдарының бiрi.

Банктердiң және тауарлы ақшалай қарым - қатынастардың даму тарихи тұрғыдан қатарлас жүрдi және де олар бiр – бiрiмен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметiнiң деңгейiндегi басқарумен тiкелей байланысты болды. Олар арқылы ұдайы өндiрiс үрдiсiне қатысушыларды экономикалық мүдделерiн қанағаттандыру жүзеге асырылды. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретiнде шаруашылық органдарының капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтiң үрдiсiнде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына бередi, ақшалай есеп айрысу жүргiзедi және экономика үшiн басқа да көптеген қызмет көрсетедi, соның арқасында өндiрiстiң тиiмдiлiгi мен қоғамдық өнiмнiң айналысына тiкелей ықпал етедi.

Банктiк қызметтi жүзеге асыруға байланысты шығындарды табу мақсатында банктер қор құруға мiндеттi. Резервтiк қорлар банктiң девиденттердi төлеуге дейiнгi табыстардың есебiнен құрылады. Банктер резервтiк қорларының көлемiн ұлттық банк белгiлейдi.

Банктер жүргiзетiн операциялардың түрлерi мен көлемiне байланысты өздерiнiң қызметiнiң сенiмдiлiгiне бақылауды қамтамасыз ету үшiн олар Қазақстан Республикасының банктер туралы заңға сәйкес, ұлттық банк бекiткен тәртiпте күмәндi және үмiтсiз қарыздарға қарсы арнайы провизиялар құру арқылы берiлген несиелер мен басқа да активтердi жiктеуге мiндеттi.

Жұмыс үш тараудан құрастырған. Бірінші бөлімінде банк қызметін бақылау мен реттеудің экономикалық мәнін жайында жазылған. Негізгі бөлімі "Қазақстан Республикасының банк қызметін бақылау мен реттеудің ерекшеліктері" деп аталған. Онда банк қызметінің бақылау және реттеудің әдістері, талдаулары қарастырған. Соңғы бөлімінде банк қызметін реттеу әдістерінің дамыту ретінде жазылған.

Банк қызметiн реттеу шараларының iшiндегi ең маңызды пруденциялық нормативтер. 2002 жылы 3 маусымдағы ұлттық банк Басқармасының №213 қаулысымен бекiтiлген «Екiншi деңгейдегi банктерге арналған пруденциялық нормативтер туралы» ережеге сәйкес оларға мыналар жатады:

1. жарғылық қордың ең төменгi мөлшерi,

2. меншiктi қаражаттардың жеткiлiктi коэффициентi,

3. бiр қарыз алушыға тәуекелдiң ең жоғарғы мөлшерi,

4. өтiмдiлiк коэффициентi,

5. Ашық валюталық позиция лимитi,

6. Негiзгi қорларға және басқа қаржылай емес активтерге жұмсалынған банк инвестициясының ең жоғары мөлшерiнiң коэффициентi.