Жоспар

 

Кіріспе 2

1 Аралас экономиканың пайда болу үлгілері, мәні 3

1.1 Аралас экономиканың сипаттамасы 3

1.2 Қазақстанның тәуелсіздік алуынан бұрынғы экономикалық жағдайына қысқаша шолу 7

2. Қазақстан аралас экономика кезеңінде 12

2.1. Нарықтық қатынастарға көшу: қиыншылықтар мен күрделі  мәселелер 12

2.2. Республика өнеркәсібінің дамуындағы ахуал 15

2.3. Аралас экономика кезеңіндегі Қазақстан ауыл шаруашылығының жағдайы 20

3. Нарықтық қатынастарға өту кезеңіндегі Қазақстанның жетістіктері 26

Қорытынды 28

Қолданылған әдебиеттер 30

 

 

Кіріспе

 

Экономика - әрбір қоғамдық құрылыстың негізгі іргетасы, ол материалдық өндірістердің даму дәрежесін сипаттайды, қоғамдағы аса маңызды барлық үрдістерді  белгілейді.

Қазақстан Республикасында нарықтық қатынасқа көшу барысында тиянақты, қатаң бақылау, тексеру ерекше орын алатыны шетел үлгісінен белгілі. Себебі, нарықтық қатынас принципімен, дамуды қамтамасыз ету үшін, ол елде - бәсекелестік шешуші роль болып атқарылады. Бәсекелестікті қамтамасыз ету үшін, өте қатал бақылауды тексеру қажет. Соның нәтижесінде ғана, нарықтық қатынас жолымен дамудың тиімділігі іске асырылады.

Осыған байланысты бұл курстық жұмысым аралас экономика төңірегінде өрбімекші. Қазіргі таңда бұл тақырып бүгінгі күннің талабын қанағаттандыратын ең негізгі тақырыптардың бірі болып отыр.

Курстық жұмыстың мақсаты: аралас экономика туралы ұғымды түсіну, оның сипаттамалары мен белгілерін талдау және қазіргі Қазақстандағы аралас экономиканың ахуалын саралау.