Мазмұны

 

 

Кіріспе......................................................................................................................3

 

І. Екінші    деңгейлі     банктерде    бухгалтерлік    есепті     ұйымдастыру ерекшеліктері.........................................................................................................5

1.1. Ұлттық банк және оның екінші деңгейлі банктерді реттеудегі ролі..........5

1.2. Банктегі бухгалтерлік есеп операция жұмысының жалпы сипаттамасы..11

1.3. Банктердегі аналитикалық және синтетикалылық есеп,  олардың  

        формалары-....................................................................................................17

 

ІІ.  «Казкоммерцбанк» АҚ   бухгалтерлік   есепті  жүргізуді ұйымдастыру  ерекшеліктері.......................................................................................................21

2.1.Екінші деңгейлі банктерде клиенттерге шот ашу,  жүргізу және жабу 

       тәртібі..............................................................................................................21

2.2. «Казкоммерцбанк» АҚ  негізгі құралдар мен материалдық 

       емес активтердің есебі....................................................................................29

2.3. Несиелендіру бойынша операциялардың есебі...........................................31

 

ІІІ. Екінші  деңгейлі   банктерде   аудитті ұйымдастыру   мәселелері......41

3.1. Банктік аудитті жүргізудің тәсілдері мен амалдары...................................41

3.2. Банктердегі аудиттің  ерекшеліктері............................................................43

3.3. Банктердің қаржы есебі элементтерінің аудиті...........................................48

 

Қорытынды..........................................................................................................55

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................57

Кіріспе

 

Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар, шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі – банк жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.

Нарық экономикасы, шаруашылық жүйесі интеграциялану кезеңінде қаражат құрау мен оны пайдалану үрдісі әртүрлі экономикалық  тұлғалар арасындағы әр-қилы қарым-қатынастарға сәйкес дамиды.Ондай тұлғалар – халықтың өзі,одан кейінгісі: мемлекет және банк, басқа қаржылық делдалдар. Осы аталған әрбір тұлға  өз мақсатымен,өз мүддесімен және өз ұйғарымымен іске кіріседі.Ал біздің елімізде  қаржы тіршіліктің тамырына айналып отырған кезеңде  банк жүйесіндегі бухгалтерлік есептің керектігін  өмірдің өзі мықтап алға қойып отыр.

Өз басқаруына алған кәсіпорындардың жай-жапсарын білу үшін шетелдік басқарушылар,қаржы беруші инвесторлар бухгалтерлік есепті,аудитті тексеруді халықаралық стандарт бойынша өткізуді талап етіп,келешке кеңестік жоспарлы экономика кезіндегі бухгалтерлік есепке сенбейтіндігін ашық айта бастады.

Осы кезеңде бүкіл әлем бойынша бухгалтерлік есеп,қаржы есебінің реформасы мен аудит жүргізу мәселелеріне ерекшк көңіл бөлінген болатын.Әсіресе, тәуелсіз мемлекеттер достастығы ауқымында халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарын үйлестіріп ретке келтірудің,олардың  ережелері мен қағидаларын бір-біріне сәйкестендіре қорытып жүйелеудің маңызы зор.кез келген жас маманға заңдылық: есептей білген ұтады. Бұл өмірлік ақиқат шағын фирма мен кәсіпорыннан бастап үлкен компанияларды,банктерді,экономика мен бизнестің алыптарын алға жетелеп отыратын екінші тыныс сияқты болуы тиіс.

Бухгалтерлік есептеу жүйесінде кредиторлық және дебиторлық қарыздардың маңызы зор.

Осыған орай осы дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасы екінші  деңгейлі банктерде  есеп жүргізу амалдарын үйрену.

Осы мақсатты орындау үшін алдымда шешілетін мәселелер:

1. Банктерде  бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды зерттеу; 

2. «Казкоммерцбанк» бөлімшелеріндегі операцияларды есепке алу; 

3. Банктегі аудиттің  мәні мен ерекшеліктері.