ЖОСПАР

 

Кіріспе2

І-бөлім.  Ипотека - несиенің саясат ретінде жалпы мағынасы3

1.1 Ипотекалық несиенің мәні және қажеттілігі3

1.2 Несиенің құрылымы6

1.3 Несиенің түрлері7

ІІ-бөлім.  Ипотекалық несиелеу - Қазақстан нарығындағы ұзақ мерзімді несие11

2.1 Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиенің дамуы11

2.2 Ипотекалық несие нарығы - жылжымайтын мүлікті инвестициялау14

2.3 Ипотекалық несиелеудің тиімділігі және шетел тәжірибесіндегі ипотека17

ІІІ-бөлім.  Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиелеуді дамыту жолдары21

Қорытынды24

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі26

 

Кіріспе

 

Ипотека  деген  термин  ең  алғаш  рет  біздің  эрамызға  дейінгі  І-ІІ ғасырларда  Рим  қаласының  территориясында  пайда  болған. Ежелгі  Грецияда  біздің  эрамызға дейінгі  ХІV ғасырларда  пайда  болды. Ипотека  термині  (hyrotheke) – кепілдік, кепілзат  немесе  кепілге  салу  деген  мағынаны  білдіреді.

Ипотекалық  несие  дегеніміз- бұл  қозғалмайтын  мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс  ғимараттарын, жерді  және  т.с.сс) кепілге  алып, ұзақ  мерзімге  берілетін  несие. Ипотекалық  несие  жеке  тұлғаларды  несиелеудің  бір  түрі  болып  табылады. Ипотекалық  несиенің  экономикалық  мағынасы  жағынан – бұл  банктен  немесе  басқа  да  қаржы  ұйымдарынан  ссуда  алу  мақсатымен  жылжымайтын мүлік кепілінің алуан түрлілігі болып табылады. Қарапайым  тілмен  айтатын  болсақ, ипотека  дегеніміз - бұл  қарыз  ақшаға  үй  сатып  алу. 2002 жылғы 1 қыркүйектегі ,,Жылжымайтын  мүлік  ипотекасы туралы” Қазақстан  Республикасының заңына сәйкес, ипотекалық  несие  дегеніміз- кепілге  берілген  жылжымайтын мүлік немесе ондағы  үлесі  кепіл берушінің   немесе  үшінші  тұлғаның  иелігі  мен  пайдалануында  қалатын  кепіл  түрі. Жылжымайтын  мүлік – жер  учаскелері, сондай-ақ үйлер, ғимараттар  және  жермен  берік  байланыстағы  өзге  де  мүліктер, яғни  ауыстырылуы  олардың  мақсатына  шектен  тыс  зиян  келтірусіз  мүмкін  болмайтын  объектілер.

Ұлы ғалым Д.М. Кейнстің  пікірінше: ,,Жинақтар нарықтық  пайыздық  мөлшерлеме деңгейінің қызметі емес, жинақ  деңгейі  субъектілер  табысының  деңгейіне  байланысты  болып  келеді. Қарыз  алушылар  арасында  бәсеке  туғызу  мақсаты  бір-бірінен  өзгеше  ипотекалық  типтерді  ерекшелейді. Ондай  ерекшеліктерге  мыналар  жатады:

-  ипотекалық  несиелеу  мерзімінің  ұзақтығы;--  берешекті  қайтару  мен  пайыздарды  төлеу  тәртібі, негізгі  берешектердің  қайтарымы  мен  пайыздарды  төлеудің  қабылданған  кестесіне  байланысты  ипотекалық  несиелер  екі  базалық  типке  шоғырланады:

1) пайыздарды да, несиенің  негізгі  сомасын  да  бірден толықтай  төлеу;

2) берешекті  кезең-кезеңімен  бөлшектеп  төлеу.

Экономикалық  тілде  ипотекалық  несие  дегеніміз- тұрғын  үй  сатып  алуға, жаңа  үй  салуға  немесе  үйді  жөндеуге, сол  үйді  кепілге  қоя  отырып, банктер  беретін  несиелік  қаржы.

Ипотекалық  несиенің  арқасында  нарық  субъектілері  қосымша  инвестициялық  серпіліс  алады, сұраныс  өсе  бастағандықтан  құрылыс  компаниялары тұрғын үй құрылысын өрістете түседі, банктер табыс  келтіру  үшін  ақша-қаражатын  көбірек  бөледі.

Ипотекалық  несиелеудің   басты  мақсаты - халықтың  өзінің  және несие  қаржысы  есебінен  еркін  нарықта  дайын  тұрғын  үй  сатып  алуына  жәрдемдесу болып табылады. Тұрғын үй ипотеклық несиесі - бұл  банктердің  клиентке тұрғын үй сатып алуға арнап беретін ақшалай қаражаты.