Мазмұны

                                                 

КІРІСПЕ2

І. Коммерциялық банктегі қаржылық қызметтер теориясының аспектілері5

1.1 Банк қызметінің мәні5

1.2 Коммерциялық банктер қызметтерінің жіктелуі4

ІІ. Банктік қызметтер және олардың Қазақстандағы дамуы26

2.1. АТФ(АСҚ) Банктің шаруашылық қызметінің көрсеткіштері26

2.2 Банктің қызмет нарығын талдау33

ІІІ. Банктің қаржылық қызметтерінің даму перспективалары49

3.1 Банк қызметінің жаңашыл (инновациялық) технологияларын енгізу.49

3.2 Факторинг, форфейтинг, Интернет-банкинг жүйесі51

ҚОРЫТЫНДЫ63

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР65

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

       Бүгінгі таңда банк қызметтерін жетілдіру, банк жүйесінің даму жолдарын анықтау еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік өмірінің басты назарында. Қазақстанның экономикалық нарықтық қатынастар жолына түсуі оның жалпы әлемдік тенденция спекторында дамуын анықтайды. Сондықтан коммерциялық банктер әлемдік тәжірибелерге сүйене отырып, жаңашыл (инновациялық) технологияларды енгізу арқылы өздерінің қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыра алады. 

        Банк жүйесі – нарықтық экономиканың маңызды және бөлінбес құрылымдарының бірі. Банктер қаржылық делдалдар сияқты шаруашылық қызмет процесінде босайтын шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтың жинақтарын, және де басқа да бос ақша қаражаттарды тартып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырысуларды жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызметтер атқарады. Осылайша, өндіріс тиімділігіне және қоғамдық өнім айналысына тікелей ықпал етеді.

Елімізде жүргізілген экономикалық реформа банк ісінің дамуында жаңа кезеңге алып келді. Нарыққа өту жағдайында банктердің және басқа несиелік институттардың даму перспективасы, оның іс-жүзінде іске асуы жайлы сұрақтар ерекше өзекті мәселеге айналып отыр.

Аталған міндеттерді шешу мүмкіндігі қазақстандық, сонымен қатар шетел банктердің қызмет етуінің практикалық ұғынуын зерттеу және де іс-жүзінде жұмыстың ең прогрессивті, ұтымды нысандары мен әдістерін ендіру негізінде ғана жүзеге асады. Бұл зерттеу тақырыбымның өзектілігін анықтап отыр.

Соңғы жылдарда қаржы нарықтарының – ақша және капитал нарықтарының – құрылуының қарқынды процесі жүріп жатыр. Капитал нарығының дамуы жинақтарды шоғырландырудың және қаражаттарды инвестициялаудың екі біріктірілген, өзара байланысты процесті жетілдіруінсіз мүмкін емес. Жинақ табыстар мен тұтынудың айырмасын көрсетеді.

Өзінің қызметі барысында банк әр түрлі аудиториялар типтерімен байланысқа түседі: бәсекелестермен, клиенттермен, мемлекетпен және т.б. Бұлармен банк пайданы оңтайландыру мақсатымен өзара әрекет етеді.

Бірақ та бұл банктің банктік қызметтер нарығында қызмет атқара отырып, көздеген жалғыз мақсаты емес. Бұдан басқа, банктер қаржы ресурстарының өтімділігі мен табыстылығының қолайлы үйлесімділігін, банк атағын құру мен қолдауын және т.б. қамтамасыз етуге ұмтылады. Өз кезегінде, банктің жақсы атағы тек осы банкке келетін клиенттердің санына әсер етеді.

Банктің клиенттерімен қарым-қатынасы банк өнімдерін сатып алу-сату процесінде пайда болды. Оларға мыналар жатады: несие беру, депозиттік шоттарды ашу, бағалы қағаздарды шығару, сатып алу және сату бойынша операциялар, валюталық қатынастар, есеп-айырысу операциялары, төлем карточкалары сонымен қатар трасталық қызметтер, бағалы металдарды сақтау және т.б.

Көп клиенттермен банктік операцияларды орындау – дамыған несие жүйесі бар әлемнің барлық елдеріндегі қазіргі банктік қызметтің маңызды ерекшелігі.

Қазақстанның алдыңғы қатарлы коммерциялық банктері өзінің табыс базасын кеңейту үшін, табыстылықты және бәсекелік қабілеттілігін жоғарлату үшін өзінің клиенттеріне кең ауқымды операциялар мен қызметтер көрсетуге ұмтылатыны белгілі. Бұл жерде есте ұстайтын жағдай, банк қызметінің дамуы клиенттер және банктің өзі үшін минималды шығындармен банк қызметтерін көрсетуді, клиенттерге қажетті қызметтерге қолайлы бағаларды пайдалануды білдіреді.

Банк операцияларының тиімді, икемді жүйесі кең ауқымды клиенттерімен ішкі жинақтарды шоғырландыруға жағдай жасау керек. Осыған байланысты өзгермелі экономиканың қалыптасып келе жатқан қажеттілігіне жауап бере алатын икемді банктік қызмет көрсету мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр.

Банктік қызмет көрсетудің сандық және сапалық сипаттамасына банктік қызметтер нарығындағы бәсеке де ықпал етеді.

Қазіргі дамып жатқан ақпараттық технологиялар заманында өз шаруашылығын жалғастыру үшін, қызмет ауқымын кеңейтіп, жоғары пайдаға қол жеткізу үшін көптеген кәсіпорындар тауардың жаңа түрін шығаруға, жаңа қызметтерді ұсынуға ұмтылуда. Осыған орай банктер де жаңа қызметтерді ендіруге және бұрынғы қызметтерді жетілдіруге үлкен назарын аударып отыр.

Жаңа қызметтерге пластикалық карточкалар, банкаралық электрондық есеп-айырысулар, әлемдік Интернет байланыс жүйесіндегі қаржы нарығының құрылуы жатады. 

Біздің еліміздегі қазіргі банктік институттар аталған жаңа қызметтерді атқара бастады. Клиенттің заказы бойынша маркеингтік зерттеуді, валюталық операцияларды, басқа да қызметтерді, соның ішінде, трасталық, ақпараттық-анықтамалық консультациялық, қор және т.б. жүргізеді.

Халыққа қызмет көрсетіп жүрген банктер ролін жандандырудың мәні мынада: шығынды азайта отырып, барынша жоғары нәтижеге қол жеткізуге, банктік қызмет көрсетуінде клиенттер қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыруға, жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсету сапасын жақсартуға, банктік қызметтер спектрін кеңейтуге және олардың өзіндік құнын төмендетуге жағдай жасау.

Жоғарыда аталған көптеген мәселелердің шешу жолдарын табу үшін оған терең үңіліп, кешенді түрде қарастыру қажет. Банктік қызметтердің дамуы мен перспективалары – біздің еліміздегі арнайы ғылыми түрде аз зерттелген мәселе болса да, банк саласында қызмет атқарып жүрген көптеген экономисттердің көкейінде жүрген маңызды сұрақтардың бірі. Бұл өзекті мәселе менің дипломдық жұмысымда да кең өріс алып отыр.

      

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі Қазақстан Республикасы экономикасының даму жолындағы алдыңғы қатарлы банктердің тізімінен орын алатын «АСҚБанкі», «ЦентрКредитБанкі», «ТұранӘлемБанкі», «Темір Банкі АҚ-ң тиімді қызметтері болып табылады. 

Дипломдық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің іс-жүзіндегі көрсететін қызметтер көрінісін талдау, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы депозиттік нарықтың, несиелік қабілеттіліктің, банктегі автоматтандыру процесінің анализі болып табылады. Банктік қызметтер нарығында пайда болатын мәселелердің шешу жолдары қарастырылған.

Негізгі міндеттер. Дипломдық жұмыстың мақсатына сәйкес келесідей міндеттерді орындау көзделген:

- коммерциялық банктердің қаржылық қызметтерінің теориялық аспектілерімен танысу;

- коммерциялық банктердің қаржылық қызметтеріне талдау жүргізіп, оны бағалау.

- банктік қызметтер нарығының дамуының негізгі бағыттарын анықтау;

- банктік қызметтер нарығында пайда болатын мәселелерді қарастыру және шешу жолдарын анықтау.

Дипломдық жұмыс үш тараудан тұрады.

Бірінші тарауда банктік қызметтің мәні, экономикадағы ролі және олардың жіктелуі қарастырылған.

Екінші тарауда  банктік сектордың ағымдық жағдайының анализі, негізгі көрсеткіштері және «АСҚБанкі», «ЦентрКредитБанкі», «ТұранӘлемБанкі», «Темір Банкі АҚ-ң  қаржылық қызметтерінің көрсеткіштері, банктік қызмет нарығындағы белсенділігі сипатталады.

Үшінші тарауда банктік қызметтің жаңа түрлерін енгізудің мәселелері, яғни траст, факторинг, форфейтинг және т.б. операциялары туралы мәліметтер, жалпы банктік қызметтің даму перспективалары қарастырылады.