МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе3

I-бөлім. Банктік операциялар мен қызметтердің жаңа түрлері7

1.1. Лизинг, траст жаңа қызмет нысаны ретінде7

1.2 Банктік форфейтинг және франчайзинг операциялары18

1.3 Пластикалық  карточкалар – банктің жаңа қызмет түрі24

II-бөлім. Жаңа банктік қызметтердің бухгалтерлік есебi30

2.1 Лизинг операцияларының бухгалтерлiк есебi30

2.2 Төлем карточкалармен есеп айырысу32

2.3 Форфейтингтік операция есебі35

III-бөлім. Банктiк операциялардың даму перспективалары мен мәселелерi37

Қорытынды42

Қолданылған құралдар тізімі46

 

Кіріспе

Қазіргі таңда қазақстандық кәсіпорындарының алдында тұрған мәселелердің бірі – ұзақ мерзімді инвестицияларды (бір іске, кәсіпке капитал салынуы) өнеркәсіптің дамуын табу және оны енгізу, жаңа құралдарды сатып алу, жаңа технологияны пайдаландыру. Санақ бойынша, Қазақстандағы 70 пайыздан астам құралдар он жылдың көлемінде пайдаланылған.  Кәсіпорындардағы жаңа құрал-жабдықтардың пайызы 1990 жылмен салыстырғанда 29% 2000 ж 5% түскен. Банктің жүйесінің нашар дамығандығынан инвестициялық несие алу мүмкіндігі шектеулі, әрине осы тұрғыдан лизинг әдісі өте қолайлы және қаржылық әдістің өнеркәсіпті жаңартудың ең тиімді тәсілі.

     Өнеркәсіпті дамытуда және жаңа кейіпке енуінде, ең бастысы қаржыландырудың бастапқы қайнар көзін табу, әрине, өздігінше жаңа жабдықтарды сатып алуға және оны үйлестіруге болады, бірақ кейбір кәсіпорындарды бұл қатарға жатқыза алмаймыз. Жаңа заманның талабына сай құралдарды сатып алу үшін де кіріс салығын төлеу қажет.

   Қаржыландырудың басқа жолы – несие. Алайда қазіргі несие берушілердің инвестициялық жобаларды қаржыландыруда ақша қорын ескерсек, несие берушілер қаржымен қамтамасыз ету алдында қатаң талаптар қояды. Мысалы, жылжымайтын мүлік салу (бұны несие алушылардың барлығының қалтасы көтермейді).

     Бұл мәселені шешудің үшінші әдісі бар, яғни қаржылық жалға беру (лизинг). Бұл жалға беру түрі қазіргі халықаралық әдістерде көп пайдаланылуда. АҚШ бүкіл инвестициялық лизингі 31 пайыз, Ұлыбритания 24 пайыз, Швеция және Франция 15 пайыз, испания 14 паыз. Қазақстанда лизингке үлкен назар аударуда. Мемлекеттік  тұрғыдан бірнеше қаулылардың қабылдауына байланысты, біздің елімізде кең етек жаюда.

     Лизинг - инвестициялық әрекеттің бір түрі, яғни қаржыландырушының ережесіне сәйкес мәлім бойынша лизинг алушының бүкіл мүлігі (нақты төлемақыға) лизинг беруші компанияның еншісіне өтіп, белгіленген мерзімде және белгіленген ережелер бойынша, лизинг алушы өз мүлігін қайта сатып алады.

     Өнеркәсіп иелерінің ойы бойынша, лизинг бүгінгі күні үлкен ауқымды капитал  салымда материалды-техникалық жағынан әрбір өнеркәсіп саласын дамытуда қолайлы.

Жабдықтандырудың басқа түрлерімен салыстырғанда (банктік несие, төлем-ақылық уақытты ұзартуды сатып алу) лизингтің өзіне тән тиімді жақтары да бар.

Лизинг, біріншіден – лизинг алушының өнеркәсіп орнын кәсібін жаңартуда және кеңейтуге артық шығынсыз техникалық қызметпен қамтамасыз етіледі;

екіншіден – жойылатын құралдардың мәселесі жеңілдетіледі, жаңа кұрал – жабдықтарды сатып алуда ай сайын уақтылы тепе теңдей қаржы бөлінеді, басқа ұсақ- түйектерге қаржы болу жағдайлары қарастырылады.

үшіншіден -  кіріс-шығыс капиталы енгізілмейді;  яғни өнеркәсіп қорында өзіндік және жалға  алынған несие арасында тепе-теңдік, үйлесімділік сақталып қалады. Оған қоса банктен несие алу мүмкіндігі жетерлік. Өнеркәсіп орнына лизингке мүлік алу, несиеге мүлік алумен салыстарғанда, анағұрлым ұтымды, лизингттің мүлік алу шарт ережесі бойынша жүреді. Ең керектісі,  лизинг заңды түрде бизнесте салық азаяды. Лизингтік төлемақы өзіндік құндылығы бар және кіріс салығының мөлшерін кемітеді немесе шегереді.

Лизинг бойынша шартқа отыру үлгісі несиемен салыстырғанда оңай. Құрал-жабдықтарды алу үшін үлкен бизнес – жоба талап етілмейді, ең бастысы кәсіпорынға өтініш толтырылып, оған занды құжаттар жапсырылады. Қаржыны бөлу мәселесі арыз (өтініш) толтырылған күннен бастап 10-14 тәулік арасында шешіледі.

Бүгінгі күні, ешкімге де беймәлім емес екендігі айқын, лизинг қазақстандық өнеркәсіптің дамуына, яғни сапалы отандық тауармен алмастыруды жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуде және кәсіпкерлердің және мемлекеттің кірісінің молаюына үлес қосуда. Лизингтік қызметтік қазақстандағы мөлшерін алсақ 2002 жылы 4,3 % немесе 1,4 млрд АҚШ доллары, соңғы жылдарда 9 % дамыды, ал 2003 ж болжамы бойынша сала 5 пайызға өскен.  Қазір қазақстанда 350 ден астам лизингтік компаниялар жұмыс жасауда.

Ең бірінші рет факторинг әрекет  ретінде  сауда делдалдарының арасында, кейінірек сауда банктерінде (орталықтарында) пайда болды. Ол жөнінде XVI-XVIII ғ.ғ. мәлім болған. Тек XX ғ. 60 ж. ғана коммерциялық несиенің орнына (вексель түрінде) келді және тауарды жеткізу процессінде кең етек жайды. Бұған көптеген елдерде ақшаның құнсызданды, экономикалық тұрақсыздық әкеліп соқтырды. Бұл, яғни заттың тауар күйінен ақша қалпына келтіруді талап етті. Нарықтың  экономикасы бар елдерде вексельдің түрдегі төлем әрдайым құралдарды мерзімінде алуда және тауар шығарудағы шығыс көзін табуда тиімсіз болды. Борышқорлық қарыздану сол уақыттарда өзекті мәселеге айналды.

Мерзімінде төленбеген несиені сотқа жүгініп алды, алайда еңбегіне ұстайтын пайызы (ақысы) жоғары болып, ол өнеркәсіп орнының жабылуына соқтырды. Фирмалар қарызданбауға сот аузына түспеуге қам жасады. Қиындықтардан шығу үшін фирмалар банктерден және холдингтік арнайы компаниялардан тұғырықтан шығуға көмек сұрайды. Осының салдарынан өнеркәсіптік фирмалармен банктердің коммерциялық несие берушілердің арасында тығыз байланыс туындайды.

Банктер өздерімен тығыз байланыстағы фирмаларға және корпорацияларға  өз контрагенттерінің борышты төлей алушылығы жөніндегі мағлұмат берді, мұндай жол, шоттың уақтылы, тез арада төленуін, қарыздың орнын толтырылуын тұтынушыға ұжым көрсетуге, яғни «банкпен құрмалас фирманың» тәртіптерін сақтауын қамтамасыз етті соңғы  он жылдықта факторинг немесе факторингтік несие кең етек жаюда. Факторлық несиенің коммерциялық несиеден айырмашылығы, тауар сатушы сатылған  тауардың құнына нақты ақша алды, ал несиеге сатылғанда сатушы жай ғана вексельді алды. Алынған вексельде сатушы есептеп, банктен нақты, бірақ пайызы ұсталған ақшаны қолға түсірді.

Электрондық есептеу жүйесі қазіргі заманның ағымына сай, пластикалық карточкалар, олардың иелігіндегі операциялар, іс жүзінде банкоматтар арқылы жұмыс жасайды: сауда орталықтарында банктік қызметті үй ішінде көрсету, жұмыс орнында.

Пластикалық карточка ол біртұтас термин бұл карточкалардың қай түрі болмасын, қандай іс әрекетіне арналса да, осы замандағы алдыңғы қатарлы  дамып келе жатқан электронды құралдардың бір түрі электронды қаржы есептеуде  батыста арнайы ұйым ISO   (international Standarts organization) құрылып, ол төлем карточкаларының бірыңғай стандартын, шоттың нөмерлеу ережесін жазып магнит формат хабарламалар үлгісін жасап шығарады. I SO   мүшелерінің қатарына: Visa, Master Card, American Express жатады. 

Бүгінгі күні дүниенің 200 астам елдері пластикалық карталарды пайдалануда. Бұдан қысқаша  қортынды жасай келе пластикалық карталар төлем айналымында қолайлы және «технологиялық  революцияда» жаңа элемент болып табылады. Пластикалық қарта алдынғы қатарлы құрал орнын алып, индустриалды дамыған елдердің ақша айналымдарына еніп, чек және чек кітапшаларын алдыңғы қатардан ығыстыруда.

Жұмыстың құрылысы. Жұмыс кіріспе, 3 бөлімнен (әрқайсысында 2-3 бөлімшеден), қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші тарауда автор банкте II дәрежелі факторингтік операция ұйымдастыруға назар аударып, біршама лизингте түсініктеме - яғни, оның жаңа қызмет түрінде сипатталып, пластикалық карточкаларға да тоқталып кетеді: жұмыстың 2 тарауында банктің дәстүрлі емес операцияларын есепке алу жөнінде, факторинг және лизинг  сынды операцияларға баға береді. 3 тарауда лизингтік және факторингтік операциялардың, пластикалық карточкалардың ҚР жетістіктері мен қиыншылықтарына қарасты мәселелерді қарастырады.