Мазмұны

 

К і р іс п е5

1 Инвестиция, инвестициялық жоба және жоба несиесінің теориялық негіздері9

Инвестиция, инвестициялық қызмет және инвестициялық9

жоба түсінігі9

1.2 Жобаны несиелеудің мәні мен арнайы ерекшеліктері18

1.3 Қазақстан республикасында әлемдік тәжірибе контексінде33

өндірістің технологиялық даму мәселелері33

2 Қазақстанда инвестициялық қызмет жобасын банктік несиелеу46

2.1 Жобаны несиелеуді ұйымдастырудың әрекет етуші үлгілерін талдау46

2.2 2003 – 2005 ж.ж. АҚ «ТұранӘлемБанкінің» қаржылық жағдайын59

талдау59

2.3 ШҚФ АҚ «ТұранӘлемБанкі» несиелік қоржынындағы тұтыным        несиелерінің үлесі76

3. Жоғары тәуекелді банктік операциялар саласында жобаны несиелеу80

3.1 Несиелеу үшін инвестициялық жобаларды іріктеу тәсілдерін жетілдіру80

3.2 Инвестициялық жобаларды несиелеу кезіндегі жобалық тәуекелдіктер жүйесі102

3.3 Жобалық тәуекелдіктерді басқару: қағидаттары, әдістері мен109

аспаптары109

4 ЖОБАНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫЛЫҒЫ125

4.1 Банктегі микроклиматтық жағдайларды ұйымдастыру125

4.2.Банктегі жұмыс орнын жарықтандыруды ұйымдастыру128

16 кесте - Климаттың күндік коэффициенті мәні131

4.3.Банк аумағын көріктендіру140

Қорытындылар мен ұсынымдар142

 

 

К і р іс п е 

 

Бәсекелестік ортадағы кез келген ұйымдық-құқықтық нышандағы шаруашылық субъектісінің сәтті дамуы көбінесе оның инвестициялық белсенділігі дәрежесіне тәуелді. Бұл тұжырымды нарықтықт экономика аксиомасы деп атауға болады. 

Инвестиция тұрақтылығы,  оларды қаржыландыру мәселелерін шешу кәсіпорындар мен ұлттық экономика дамуының маңызды факторлары болып табылады. Инвестицияларды тарту – Қазақстан үшін басты мәселе. 

          Белгілі экономист У.Б Баймұратов былай деп жазады: «Инвестициялық дағдарыс жүйелік дағдарыста базис бола отырып бұрыннан белгілі ақиқатты максималды ашып көрсетті: Экономикалық өсім бәрінен бұрын өзінің меншікті ресурстарымен, содан кейін ғана шетелдік инвестицияларды тартумен олардың технологиялық құрылымымен, салалар бойынша дұрыс үлестіруі мен оларды пайдалану тиімділігі екені қамтамасыз етіледі. Қазіргі заманғы экономикалық саясатта акцент  жетістікті құраушыға қойылады. Үшбірлікті талаптарды орындау толық емес нәтижелерге әкеліп соқтырады» [1, 327бет]. Оған қоса, нақты инвестициялар облысында барабар  заңшығарушы-нормативті база жоқ. Бірінші дәрежелі қарастыруды қажет ететін инвестициялық жобаларға мемлекеттік қолдау көрсету, жобаның тіршілік қабілетін бағалау әдістемесін ұйымдастыру, инвестициялық жоба тәуекелдіктерін басқару, инвестициялық жобаларды қаржыландыру тәсілдері мен әдістерін жатқызуға болады. Соңғы аталған мәселелер шегінде аса қызығушылықты тудыратын мәселе – жобаны қаржыландыру (ЖҚ). 

Қазіргі замандағы Қазақстан Республикасындағы ұлттық заң шығарудың дамуы банктік, көбінесе несиелік операцияларды одан әрі жетілдіруге бағытталған, нормаларды құруға әсерін тигізеді. Осыған байланысты отандық банктегі тәжірибеде несие операцияларының, инвестициялық қызмет жобасын несиелеу деп аталатын, жаңа түрін пайдалану тиімді болар еді. Жобаны несиелеу (ЖН) экономиканың  нақты секторының жобаларындағы инвестицияларды ұйымдастырудың жаңа және кең таралған нышандары болып есептеледі. 

Бізге белгілі болғандай, инвестициялар тек қаржылық-несиелік жүйе мен экономиканың нақты секторының қарым-қатынасы жағдайында ғана экономикалық өсім факторлары болып табылады, бұл кезде жинақтаушы зейнетақы, сақтандыру және тағы да басқа қорлар, орта-ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді сипаттағы қаржылық ағындар баяу ұзақ мерзімді өндірістік инвестицияға айналады. Осыған қатысты, ірі банктік несиелерді, әлемдік нарыққа бәсекеге қабілетті өніммен шығару мақсатында, кәсіорынды құру, жаңарту және қайта құру бойынша, инвестициялық жобаларды өткізу үшін тарту өзекті мәселе болып табылады. 

Республикадағы инвестициялық жобаларды несиелеуді кеңінен дамуына біздің көзқарасымыз бойынша, айқын мәселелердің қатары кедергі, олардан мыналарды бөліп көрсетуге болады: ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын, несиеге қабілетті кәсіпорындардың аз болуы; мұндай жобаларды несиелеуге заманға сай сенімді механизімдерге сапалы жобалық талдау жасайтын мамандар және банктерде тәжірибе жоқ; мамандарда, кәсіпорындар мен банктердің сапалы инвестициялық жобалар мен бизнес-жоспарларды жетілдіру икемділігінің болмауы, жобалық тәуекелдіктерді басқару тәжірибесінің болмауы. Мұнда, олардың жобаны несиелеу әдісімен инвестициялық қаржыландыру мәнін түсінбейтіндігін жатқызуға болады. 

Осыған байланысты, отандық банктік тәжірибеге жаңа технологияларды енгізу және жоба талдауының қазіргі заман әдістері мен жабдықтарын пайдалана білетін мамандарды дайындау, жобаны несиелеудің жобалық тәуекелдіктерін басқару аса маңызды болып табылады.

Жоғарыда аталған мәселелерді шешу шет ел тәжірибелерін, теориялық және іс жүзіндегі инвестицияларды қаржыландыру жобасының жаңа нышанын, өзектілігін, мәтінін, мақсаты мен нақты талдау талаптарын қажет етеді.

Бұл дипломдық жұмыс инвестициялық жобаларды банктік қаржыландыру жаңа нышынының мәселесін қарастыруға арналған. Жобаны несиелеу Қазақстанның инвестициялық қызмет көрсетуінде енді ғана дамуда, соның өзінде ұзақ мерзімді несиенің дәстүрлі түрмен араласқан түрінде.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты инвестициялық жобаларды банктен қаржыландыруды оқып білу мен әлемдік тәжірибені ортақтандыру, инвестициялық тәуекелдерді басқару мен Қазақстан Республикасы жағдайларына бейімдеу.

Мақсатқа сай келесі талаптар анықталды:

- инвестициямен, жоба несиесімен (қаржыландырумен), инвестициялық тәуекелдермен баайланысты теориялық сұрақтарды қарастыру;

- нарықтық экономика жағдайындағы инвестициялық жобаларды дайындау, қаржыландыру және өткізу туралы әлемдік тәжірибені дайындау;

- Қазақстан Республикасы мен басқа елдердің инвестициялар мен оларды қаржыландыру туралы Заңдары мен басқа да ресми құжаттарын қарастыру;

- инвестициялық жобаларды АҚ «ТұранӘлемБанкі» материалдары негізінде дайындау, несиелеу мен өткізу тәжірибелеріне иалдау жүргізу;

- талдау нәтижелері бойынша қорытынды жасап, Қазақстан Республикасында жоба несиесін ендіру туралы тәжірибелік қағидаттарды жетілдіру;

- инвестициялық жобаларды несиелеу мен өткізу кезінде пайда болатын, тәеукелді басқару әдістері мен құралдарын дайындау.

          Зерттеу пәні инвестициялық жобаларды дайындау, қаржыландыру мен өткізу кезінде пайда болатын өндірістік – экономикалық қатынастар жиынтығы болып табылады.

Зерттеу объектісі инвесттициялық несиелендірудің әлемдік тәжірибесі мен АҚ «ТұранӘлемБанкінің» инвестициялық жобаларды ұйымдастыру, қаржыландыру және өткізуі туралы қызметі болып табылады.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік базасы инвестицияларға, оларды қаржыландыру мен өткізуге арналған отандық және шет ел авторларының ғылыми еңбектері, Қазақстан Республикасы мен басқа елдер заңдары, үкіметтің, министрліктердің және Қазақстан Республикасы ведомстволарының, әлемдік банктердің, ЕД және ЖБ, Базель комитетінің және ҚР Ұлттық Банкінің банктік тәуекелдерді, инвестициялық жобаларды қаржыландыру барысында басқаруы туралы ресми құжаттар болып табылады.

Зерттеу үдерісі барысында, ғылыми жаңалықтар болып саналатын, келесі жаңалықтар алынды:

- инвестициялардың, инвестициялық қызмет көрсетулердің, инвестицияландырудың, инвестициялық жобаның, несиені банк арқылы жүзеге асыру мәнін анықтау бойынша теориялық жетілдірулер тереңдетіліп қарастырылуы және дамуы керек;

- спецификалық ерекшеліктері арқылы дәстүрлі банк арқылы несиелеу мен негізін алудан басқа жобалық несиенің мәні ашылып, оны Қазақстандағы инвестициялық қызмет белсенділігін арттыру үшін енгізу міндетті түрде қажет;

- АҚ «ТұранӘлемБанкі» материалдары негізінде ҚР инвестициялық жобасына банк арқылы несиелеу жобасын бейімдеу;

- жоба кезеңі кезеңдер бойынша жоба тәуекелдіктері жіктемесін жетілдіру;

- жобаны несиелеу барысында туындайтын инвестиция тәуекелдерін басқару әдістері мен құрал – жабдықтарын жетілдіру; сонымен қатар инвестициялық несиені қамтамасз ету түрлерін жіктеу.

     Жұмыстың тәжірибелік мәні жетілдірудің өз тәжірибелік бағытынан тұрады, мұның мақсаты жобаны банк арқылы несиелеудегі инвестициялық қызметті ұйымдастырудың жаңа түрін енгізу.