Банк ісі

 МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе3

1. Қазақстан экономикасының нарыққа көшу жағдайындағы маркетингтің әлеуметтік-экономикалық маңызы мен атқаратын қызметі6

1.1. Маркетингтің даму эволюциясы және оның қазіргі заман жағдайындағы кәсіпорында алатын орны6

1.2. Банктердің маркетингтік қызметіндегі көрсеткіштер жүйесі20

2. Коммерциялық банктердегі маркетингтік қызметтің ұйымдастырылуы23

2.1 Коммерциялық банктегі маркетингтің ерекшеліктері25

2.2. Банктегі маркетингтік зерттеулер мен ақпарат29

Қорытынды31

Қолданылған әдебиеттер тізімі32

 

 

 

Кіріспе

 

Банк жүйесі – нарықтық экономиканың ең маңызды және ажырамас құрылымдарының бірі. Банктердің дамуы тауар өндірісімен және айналымымен қатар өсіп өзара тығыз араласып кеткен. Мұндайда банктер ақша есеп айырысуларын жүргізіп, шаруашылыққа кредит бере отырып, капиталдарды қайта бөлуде арадағы делдал ролін атқарып өндірістің жалпы тиімділігін елеулі түрде арттырып, қоғамдық еңбек өнімділігінің өсуіне жағдай туғызады. 

Қазіргі банктік жүйе – бұл кез келген дамыған мемлекеттің ұлттық шаруашылығының маңызды саласы. Оның практикалық ролі мемлекетте төлемдер мен есеп айырысулар жүйесін басқаратындығымен, өзінің коммерциялық мәмілелерінің көп бөлігін салымдар, инвестициялар және кредиттік операциялар арқылы жүргізуімен анықталып, басқа да қаржы делдалдарымен қатар банктер халықтың жинақ ақшасын фирмаларға және коммерциялық құрылымдарға бағыттайды. Коммерциялық банктер мемлекеттің ақша-кредит саясатына сәйкес әрекет ете отырып ақша ағындарының айналымына, эмиссиясына, жалпы массасына, оған қоса айналымдағы қолма-қол ақша санына әсер ету арқылы ақша қозғалысын реттейді.

Коммерциялық кәсіпорындардың бір түрі ретінде банктік мекемелер де өз қаржы ресурстарын жеке меншік қаржыларынан емес, тартылған қаржы ресурстарынан құрайды.

Қазіргі банк жүйесі – бұл банк ісінің негізін айқындайтын дәстүрлі депозитті-несиелік және есеп айырысу кассалық операциялардан бастап банк құрылымдары пайдаланып жүрген қазіргі заман талабына сай ақша-несие және қаржылық құралдарға (лизинг, факторинг, траст және т.б.) дейінгі өз тұтынушыларына көрсететін сан-алуан қызметтер саласы. 

Икемді және тиімді банктік маркетинг қызметін құру – Қазақстандағы экономикалық реформалардың маңызды және өте күрделі міндеттерінің бірі. Әсіресе, шет елдердегі банк жүйесіндегі маркетингтік қызметтің дамуын бақылаудың ерекше маңызы бар, өйткені дамыған елдердегі банктердің тәжірибесі біздің отандық банк жүйесіндегі маркетинтік саланың қалыптасуына әсер етеді. Сөйтіп, оны халықаралық стандарттарға жақындата түсіп, Қазақстан банктерінің әлемдік деңгейде шығуына ықпал етеді. Демек, осыған орай шетелдік әріптестеріміздің біздің елге, оның ішінде біздің банктік жүйеге деген сенімін арттырады. Қазіргі тауар және қаржы рыноктарының дамыған жағдайында банк жүйесіндегі маркетингтік қызметтің ауқымы күрт күрделене түсуде. Қаржы мекемелерінің жаңадан несие мекемелерінің тұтынушыларға қызмет ету құралдары мен әдістерінің жаңа түрлері пайда болды. 

Отандық әдебиетте дамыған елдердің экономикасындағы банктік маркетинг жеткілікті түрде зерттелмеген, бұл түсінікті де, өйткені көпшілік экономисттеріміз негізінен Қазақстанның банктік жүйесін талдап және зерттеуге тырысуда. Мұндайда дамыған елдердегі банктердің маркетингтік қызметінің ұйымдастырылу тәжірибесін зерттей түсу бізге орасан зор пайдалы болар еді. 

Қазіргі кезде маркетинг банктердің қызметін жоспарлау, оны ұйымдастыру мен басқарудың барлық жақтарын қамтуы тиіс. Бұл жағдай осы замандағы маркетингтің рөлі мен маңызы туралы көзқарастарға сәйкес келеді. Шындығында, банктің тиімді қызметін басқару үшін қазіргі замандағы маркетинг біртұтас және жүйелі бағытта дамуы қажет, бірақ мұндай бағыт әзірге жүзеге асырыла қойған жоқ.

Банктердің маркетингтік қызметіне жүргізілген талдау, нақты мақсаттарға іс жүзінде қол жеткізу үшін оның жекелеген бөлшектерінің маркетингтік шаралар түрінде қолданылатындығын көрсетті. Сонымен қатар, отандық банк жүйесіндегі маркетинг көп ретте жарнама және қызметтерді өткізу ісіне ғана бағытталған. Бұл жағдай бірқатар объективтік және субъективтік себептермен түсіндіріледі. Олардың ішінен келесі себептерді көрсетуге болады: нарықтық қатынастар дамуының төмен деңгейі; құқықтық және нормативтік заңдармен қамтудың жетіспеушілігі; нарықтық тауарлар инфрақұрылымының төмен деңгейі; кәсіпорында маркетингтік қызметті дұрыс жолға қоятын тәжірибелі мамандардың жеткіліксіздігі; қаржы болмауынан туындаған қиындықтар; мәлімет жинау мен ақпарат бөлісу жұмысының шектеулілігі; берілген жүйе бойынша ғылыми зерттеулер мен ізденістердің жетіспеушілігі, дәлірек айтқанда, маркетингтік қызметті сапалы түрде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әдістердің, көбінде әдістемелер деңгейінде ғана қолданылуы.

Маркетингті жүзеге асыруға арналған еңбектер шетел тәжірибесін қолдануға бағытталған және біздің экономикалық жүйенің ерекшеліктері мен жағдайларын ескере бермейді. Маркетингтің негізгі заңдылықтары мен әдістері бірыңғай болып келеді, сондықтан олар іс жүзінде экономиканың барлық саласында қолданылады. Шетелдік деректерге сүйенсек, олар нақты бір фирмаға не банкке жан-жақты жасалған талдау арқылы құралған ғылыми негіздемесі болған жағдайда ғана, — маркетингті табысты түрде қолдануға болады деп, тұжырым жасайды. Өткізіліп отырған реформалар деңгейінің бірізділігі сақталмауы, нарыққа өту кезеңінде маркетинг қызметімен айналысу тәжірибесінің аздығына байланысты қалыптасқан жағдай қиындай түседі. Сондықтан маркетингті іс жүзінде ұйымдастыру және оның тиімділігі мен сапалылығын көтеру маңызды мәселе болып табылады.

Осы жұмысты жазу кезіндегі негізгі қиыншылық Қазақстан банктерінің маркетингтік қызметінің ұйымдастырылуына қатысты деректердің мүлде аз болуына байланысты туындады. 

Курстық жұмыстың мақсаты Қазақстандағы банктердің маркетингтік қызметінің ұйымдастырылуы жөніндегі мәліметтерді жүйелеп, жинақтап және барынша нақты жағдайын айқындап көрсету, сонымен қатар, әлемдік тәжірибелерді республикамыздың банк жүйесіне қолданылу мүмкіншіліктерін қарастыру болып табылады. 

Осы мақсатқа сәйкес мынадай негізгі міндеттер туындайды:

- банк жүйесіне қатысты теориялық сұрақтарды қарастыру;

- банктердің пайда болуы мен дамуына әсер ететін негізгі факторларды қарастыру;

- шетелдердегі банк маркетингінің өзгешеліктері мен артықшылықтарын талдап, елдегі банктердің маркетингтік қызметін ұйымдастырылуын салыстыру;

- ҚР-ғы банктік маркетингтің ұйымдастырылуына талдау жасау;

- Қазақстандағы банктердің маркетингтік қызметін жетілдіру жолдарын қарастыру.

Аталған міндеттерді тиімді ашып көрсету үшін курстық жұмыс бірнеше тарауға бөлініп жазылды. 

 

                                           Мазмұны

                                                 

КІРІСПЕ2

І. Коммерциялық банктегі қаржылық қызметтер теориясының аспектілері5

1.1 Банк қызметінің мәні5

1.2 Коммерциялық банктер қызметтерінің жіктелуі4

ІІ. Банктік қызметтер және олардың Қазақстандағы дамуы26

2.1. АТФ(АСҚ) Банктің шаруашылық қызметінің көрсеткіштері26

2.2 Банктің қызмет нарығын талдау33

ІІІ. Банктің қаржылық қызметтерінің даму перспективалары49

3.1 Банк қызметінің жаңашыл (инновациялық) технологияларын енгізу.49

3.2 Факторинг, форфейтинг, Интернет-банкинг жүйесі51

ҚОРЫТЫНДЫ63

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР65

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

       Бүгінгі таңда банк қызметтерін жетілдіру, банк жүйесінің даму жолдарын анықтау еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік өмірінің басты назарында. Қазақстанның экономикалық нарықтық қатынастар жолына түсуі оның жалпы әлемдік тенденция спекторында дамуын анықтайды. Сондықтан коммерциялық банктер әлемдік тәжірибелерге сүйене отырып, жаңашыл (инновациялық) технологияларды енгізу арқылы өздерінің қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыра алады. 

        Банк жүйесі – нарықтық экономиканың маңызды және бөлінбес құрылымдарының бірі. Банктер қаржылық делдалдар сияқты шаруашылық қызмет процесінде босайтын шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтың жинақтарын, және де басқа да бос ақша қаражаттарды тартып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырысуларды жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызметтер атқарады. Осылайша, өндіріс тиімділігіне және қоғамдық өнім айналысына тікелей ықпал етеді.

Елімізде жүргізілген экономикалық реформа банк ісінің дамуында жаңа кезеңге алып келді. Нарыққа өту жағдайында банктердің және басқа несиелік институттардың даму перспективасы, оның іс-жүзінде іске асуы жайлы сұрақтар ерекше өзекті мәселеге айналып отыр.

Аталған міндеттерді шешу мүмкіндігі қазақстандық, сонымен қатар шетел банктердің қызмет етуінің практикалық ұғынуын зерттеу және де іс-жүзінде жұмыстың ең прогрессивті, ұтымды нысандары мен әдістерін ендіру негізінде ғана жүзеге асады. Бұл зерттеу тақырыбымның өзектілігін анықтап отыр.

Соңғы жылдарда қаржы нарықтарының – ақша және капитал нарықтарының – құрылуының қарқынды процесі жүріп жатыр. Капитал нарығының дамуы жинақтарды шоғырландырудың және қаражаттарды инвестициялаудың екі біріктірілген, өзара байланысты процесті жетілдіруінсіз мүмкін емес. Жинақ табыстар мен тұтынудың айырмасын көрсетеді.

Өзінің қызметі барысында банк әр түрлі аудиториялар типтерімен байланысқа түседі: бәсекелестермен, клиенттермен, мемлекетпен және т.б. Бұлармен банк пайданы оңтайландыру мақсатымен өзара әрекет етеді.

Бірақ та бұл банктің банктік қызметтер нарығында қызмет атқара отырып, көздеген жалғыз мақсаты емес. Бұдан басқа, банктер қаржы ресурстарының өтімділігі мен табыстылығының қолайлы үйлесімділігін, банк атағын құру мен қолдауын және т.б. қамтамасыз етуге ұмтылады. Өз кезегінде, банктің жақсы атағы тек осы банкке келетін клиенттердің санына әсер етеді.

Банктің клиенттерімен қарым-қатынасы банк өнімдерін сатып алу-сату процесінде пайда болды. Оларға мыналар жатады: несие беру, депозиттік шоттарды ашу, бағалы қағаздарды шығару, сатып алу және сату бойынша операциялар, валюталық қатынастар, есеп-айырысу операциялары, төлем карточкалары сонымен қатар трасталық қызметтер, бағалы металдарды сақтау және т.б.

Көп клиенттермен банктік операцияларды орындау – дамыған несие жүйесі бар әлемнің барлық елдеріндегі қазіргі банктік қызметтің маңызды ерекшелігі.

Қазақстанның алдыңғы қатарлы коммерциялық банктері өзінің табыс базасын кеңейту үшін, табыстылықты және бәсекелік қабілеттілігін жоғарлату үшін өзінің клиенттеріне кең ауқымды операциялар мен қызметтер көрсетуге ұмтылатыны белгілі. Бұл жерде есте ұстайтын жағдай, банк қызметінің дамуы клиенттер және банктің өзі үшін минималды шығындармен банк қызметтерін көрсетуді, клиенттерге қажетті қызметтерге қолайлы бағаларды пайдалануды білдіреді.

Банк операцияларының тиімді, икемді жүйесі кең ауқымды клиенттерімен ішкі жинақтарды шоғырландыруға жағдай жасау керек. Осыған байланысты өзгермелі экономиканың қалыптасып келе жатқан қажеттілігіне жауап бере алатын икемді банктік қызмет көрсету мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр.

Банктік қызмет көрсетудің сандық және сапалық сипаттамасына банктік қызметтер нарығындағы бәсеке де ықпал етеді.

Қазіргі дамып жатқан ақпараттық технологиялар заманында өз шаруашылығын жалғастыру үшін, қызмет ауқымын кеңейтіп, жоғары пайдаға қол жеткізу үшін көптеген кәсіпорындар тауардың жаңа түрін шығаруға, жаңа қызметтерді ұсынуға ұмтылуда. Осыған орай банктер де жаңа қызметтерді ендіруге және бұрынғы қызметтерді жетілдіруге үлкен назарын аударып отыр.

Жаңа қызметтерге пластикалық карточкалар, банкаралық электрондық есеп-айырысулар, әлемдік Интернет байланыс жүйесіндегі қаржы нарығының құрылуы жатады. 

Біздің еліміздегі қазіргі банктік институттар аталған жаңа қызметтерді атқара бастады. Клиенттің заказы бойынша маркеингтік зерттеуді, валюталық операцияларды, басқа да қызметтерді, соның ішінде, трасталық, ақпараттық-анықтамалық консультациялық, қор және т.б. жүргізеді.

Халыққа қызмет көрсетіп жүрген банктер ролін жандандырудың мәні мынада: шығынды азайта отырып, барынша жоғары нәтижеге қол жеткізуге, банктік қызмет көрсетуінде клиенттер қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыруға, жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсету сапасын жақсартуға, банктік қызметтер спектрін кеңейтуге және олардың өзіндік құнын төмендетуге жағдай жасау.

Жоғарыда аталған көптеген мәселелердің шешу жолдарын табу үшін оған терең үңіліп, кешенді түрде қарастыру қажет. Банктік қызметтердің дамуы мен перспективалары – біздің еліміздегі арнайы ғылыми түрде аз зерттелген мәселе болса да, банк саласында қызмет атқарып жүрген көптеген экономисттердің көкейінде жүрген маңызды сұрақтардың бірі. Бұл өзекті мәселе менің дипломдық жұмысымда да кең өріс алып отыр.

      

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі Қазақстан Республикасы экономикасының даму жолындағы алдыңғы қатарлы банктердің тізімінен орын алатын «АСҚБанкі», «ЦентрКредитБанкі», «ТұранӘлемБанкі», «Темір Банкі АҚ-ң тиімді қызметтері болып табылады. 

Дипломдық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің іс-жүзіндегі көрсететін қызметтер көрінісін талдау, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы депозиттік нарықтың, несиелік қабілеттіліктің, банктегі автоматтандыру процесінің анализі болып табылады. Банктік қызметтер нарығында пайда болатын мәселелердің шешу жолдары қарастырылған.

Негізгі міндеттер. Дипломдық жұмыстың мақсатына сәйкес келесідей міндеттерді орындау көзделген:

- коммерциялық банктердің қаржылық қызметтерінің теориялық аспектілерімен танысу;

- коммерциялық банктердің қаржылық қызметтеріне талдау жүргізіп, оны бағалау.

- банктік қызметтер нарығының дамуының негізгі бағыттарын анықтау;

- банктік қызметтер нарығында пайда болатын мәселелерді қарастыру және шешу жолдарын анықтау.

Дипломдық жұмыс үш тараудан тұрады.

Бірінші тарауда банктік қызметтің мәні, экономикадағы ролі және олардың жіктелуі қарастырылған.

Екінші тарауда  банктік сектордың ағымдық жағдайының анализі, негізгі көрсеткіштері және «АСҚБанкі», «ЦентрКредитБанкі», «ТұранӘлемБанкі», «Темір Банкі АҚ-ң  қаржылық қызметтерінің көрсеткіштері, банктік қызмет нарығындағы белсенділігі сипатталады.

Үшінші тарауда банктік қызметтің жаңа түрлерін енгізудің мәселелері, яғни траст, факторинг, форфейтинг және т.б. операциялары туралы мәліметтер, жалпы банктік қызметтің даму перспективалары қарастырылады.

 

Мазмұны

 

 

Кіріспе......................................................................................................................3

 

І. Екінші    деңгейлі     банктерде    бухгалтерлік    есепті     ұйымдастыру ерекшеліктері.........................................................................................................5

1.1. Ұлттық банк және оның екінші деңгейлі банктерді реттеудегі ролі..........5

1.2. Банктегі бухгалтерлік есеп операция жұмысының жалпы сипаттамасы..11

1.3. Банктердегі аналитикалық және синтетикалылық есеп,  олардың  

        формалары-....................................................................................................17

 

ІІ.  «Казкоммерцбанк» АҚ   бухгалтерлік   есепті  жүргізуді ұйымдастыру  ерекшеліктері.......................................................................................................21

2.1.Екінші деңгейлі банктерде клиенттерге шот ашу,  жүргізу және жабу 

       тәртібі..............................................................................................................21

2.2. «Казкоммерцбанк» АҚ  негізгі құралдар мен материалдық 

       емес активтердің есебі....................................................................................29

2.3. Несиелендіру бойынша операциялардың есебі...........................................31

 

ІІІ. Екінші  деңгейлі   банктерде   аудитті ұйымдастыру   мәселелері......41

3.1. Банктік аудитті жүргізудің тәсілдері мен амалдары...................................41

3.2. Банктердегі аудиттің  ерекшеліктері............................................................43

3.3. Банктердің қаржы есебі элементтерінің аудиті...........................................48

 

Қорытынды..........................................................................................................55

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................57

Кіріспе

 

Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар, шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі – банк жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.

Нарық экономикасы, шаруашылық жүйесі интеграциялану кезеңінде қаражат құрау мен оны пайдалану үрдісі әртүрлі экономикалық  тұлғалар арасындағы әр-қилы қарым-қатынастарға сәйкес дамиды.Ондай тұлғалар – халықтың өзі,одан кейінгісі: мемлекет және банк, басқа қаржылық делдалдар. Осы аталған әрбір тұлға  өз мақсатымен,өз мүддесімен және өз ұйғарымымен іске кіріседі.Ал біздің елімізде  қаржы тіршіліктің тамырына айналып отырған кезеңде  банк жүйесіндегі бухгалтерлік есептің керектігін  өмірдің өзі мықтап алға қойып отыр.

Өз басқаруына алған кәсіпорындардың жай-жапсарын білу үшін шетелдік басқарушылар,қаржы беруші инвесторлар бухгалтерлік есепті,аудитті тексеруді халықаралық стандарт бойынша өткізуді талап етіп,келешке кеңестік жоспарлы экономика кезіндегі бухгалтерлік есепке сенбейтіндігін ашық айта бастады.

Осы кезеңде бүкіл әлем бойынша бухгалтерлік есеп,қаржы есебінің реформасы мен аудит жүргізу мәселелеріне ерекшк көңіл бөлінген болатын.Әсіресе, тәуелсіз мемлекеттер достастығы ауқымында халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарын үйлестіріп ретке келтірудің,олардың  ережелері мен қағидаларын бір-біріне сәйкестендіре қорытып жүйелеудің маңызы зор.кез келген жас маманға заңдылық: есептей білген ұтады. Бұл өмірлік ақиқат шағын фирма мен кәсіпорыннан бастап үлкен компанияларды,банктерді,экономика мен бизнестің алыптарын алға жетелеп отыратын екінші тыныс сияқты болуы тиіс.

Бухгалтерлік есептеу жүйесінде кредиторлық және дебиторлық қарыздардың маңызы зор.

Осыған орай осы дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасы екінші  деңгейлі банктерде  есеп жүргізу амалдарын үйрену.

Осы мақсатты орындау үшін алдымда шешілетін мәселелер:

1. Банктерде  бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды зерттеу; 

2. «Казкоммерцбанк» бөлімшелеріндегі операцияларды есепке алу; 

3. Банктегі аудиттің  мәні мен ерекшеліктері.

 

Мазмұны

 

Кіріспе......................................................................................................................3 

 

І  - тарау. Депозиттік портфель – қаржы инструменттеріне инвестиция жұмсаудың қаражат көздері  …………………………………………………….5

1.1. Сырттан тартылған қаражаттарды инвестиция жасайтын қаржы инструменттері және оларға сипатама  ...............................................................5

1.2. Депозиттердің      инвестициялық       портфельді         қалыптастырудағы рөлі..........................................................................................................................12 

 

ІІ  -  тарау. Депозиттік     ресурстарды        инвестициялаудың           негіздері   

(«Қазақстан Халық  Банкі»  АҚ – ның материалына негіздей отырып)…….....23

2.1.  Инвестициялық   портфельдің  табыстылығы және оның депозиттік сыйақымен байланысы .........................................................................................23  

2.2.  Инвестициялық   тәуекелдер   және   оларды   басқару   әдістері,………38  

2.3.  Инвестициялық   портфельдің   диверсификациясы..................................46

2.4.  Коммерциялық          банктерде            инвестициялық

портфельді    қалыптастырудың     тәртібі……………………………………..49   

 

ІІІ – тарау.   Коммерциялық   банктерде депозиттік ресурстардың тиімділігін арттырудың жолдары ..................……………………………………………….52 

3.1. Депозиттерді инвестициялаудың  шетелдік    тәжірибесі .........................52

3.2.  Инвестициялық   портфельді    басқаруды    жетілдіру    жолдары..........60

 

Қорытынды..........................................................................................................67

 

Пайдаланылған     әдебиеттер   тізімі,.............................................................70

Қосымша ............................................................................................................. 72

 Кіріспе

 

       Дипломдық   жұмыс   коммерциялық   банктерде депозиттік портфельді   басқару   тақырыбына   арналған.

       Қазақстан   Республикасы   алдынғады   міндеттер,   алға   қойған   мақсат   әлеуметтік   бағыттағы   жоғары   тиімді   экономиканы   қалыптастыру   әлемдік   кеңестікте   өз   орнын   табу,   экономикалық   тәуелсіздікті   қамтамасыз   ету,   жоғары  дәрежелі   еңбек   өнімділігіне   жету,   арлас   экономиканы   қалыптастыру,   түрлі   меншік    иелеріне   жол   ашу,   рынок   орталықтарында   тиімді   заңға   негізделген   іскерлікке   қол   жеткізу.

       Коммерциялық банк кәсіпорындардың, ұйымдардың,мекемелердің, халықтың және басқа да банктердің қаражаттарын салым ( депозит) түрінде тартады. Банктер тартатын қаражаттар құрамы бойынша әр түрлі болып табылады. Олардың негізгі түрлері – банктердің клиенттермен жұмыс істеу барысындағы тартқан қаражаттары (депозиттер) және банктердің меншікті қарыздық міндеттемелерін шығару жолымен жинақтаған қаражаттары (депозит және жинақ сертификаттары ) болып табылады. Банктің пассивтік операцияларды жүзеге асыру барысындағы ресурстық базасын қалыптастыруы оның активтік операцияларына қатысты маңызды рөл атқарады.Банктік ресурстың негізгі бөлігі банктің депозиттік операцияларын жүргізунен қалыптасатыны белгілі. Оның қызметінің тұрақтылығы  депозиттік операцияларын тиімді жүргізуіне байланысты.Осыған байланыстыресурстық потенциалды өсіру және пассивтерді тиімді басқару арқылы оның тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері өзекті мәселеге айналды.

   Осыдан,   дипломдық   жұмыс   тақырыбының   өзектілігі   болып   Қазақстанның   қаржылық   нарық   жағдайымен   байланысты  салымды   объективті   түрде   талап   етеді   және   нарық   табысқа   бағытталады.   Осының   барлығы   дипломдық     жұмыстың   тақырыбын   талдауға   әсер  етті.

       Осы  жұмыстың   зерттеу   объектісі   болып  - Қазақстан Республикасының  коммерциялық банктердегі депозиттік портфельдің қазіргі жағдайы және жүзеге асырылу механизмі болып табылады, сондай -ақ   «Қазақстан   Халық   Банкі»  АҚ – ның депозиттік   портфельді   басқару   мәліметтері   бойынша   есептік    көрсеткіштері   мен   практикалық   тәжірибелері   алынды.

Зерттеу пәні - коммерциялық банктердің депозиттік операцияларды жүргізу процесінде қалыптасатын экономикалық қатынастар жүйесі болып табылады.  

 Жұмысты жазу барысындағы зерттеудің жаңалығы – Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің жүзеге асырып жатқан депозиттік операцияларының кейбір шарттары толықтыруды қажет ететіндігі анықталады. Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерге негізделгенде депозиттік портфель сапасын әрі қарай жетілдіру арқылы депозиттік базаны көбейтуге болатындығы айқындалды.   

              Банктің   ең  негізгі   мақсаты  -  максималды   табыс   табу  болып   табылады,   ол   банктің   мобилизацияланған   ақша   ресурстарын   неғұрлым   тиімді   орналастырып,   пайдалану   арқылы   жүзеге   асады. Депозиттік   портфельді   басқару   банктің   сырттан   тартылған  қаражаттарды  орналастырудың   тиімді   жолдарын   тиімді   пайдаланумен   байланысты.       Қазіргі   уақытта   коммерциялық   банктер   сырттан   тартылған  қаражаттарды  орналастырған   кезде   тек   нарықтық   критерийлерге,   яғни   өтімділікке,   табыстылыққа   және   тәуекелділікке   негізделеді.   Бұл   өз   кезегінде   банктің   депозиттік  портфеліне   әсер  етеді.

       Осы   жұмыстың   мақсаты   банктің   депозиттік  портфелінің  теориясы   мен   практикасына   талдау  жүргізу, депозиттік  портфельді   басқару   түрлерін,     әдістерін   анықтау     және   бағалау   және  олардың   ішінен   ең   тиімдісін   таңдау   болып   табылады.   Осы   мақсатты   орындау   үшін   келесі   міндеттер   қойылады:

- банктің   депозиттік   портфелінің  мәні   және   түрлері   мен   ерекшеліктері;

- коммерциялық   банктер   инвестиция   жасайтын   қаржы   инструменттері;

- инвестициялық     портфельдің   табыстылығына  талдау  және оның депозиттік сыйақымен байланысы; 

- депозиттік саясаттың банктердегі қолданылуын талдау;

- коммерциялық   банктерде   депозиттік   портфельді   басқаруды   жетілдіру   жолдары;

- ҚР –ның депозит нарығын жетілдіру жолдарын ұсыну.

        Осы   жұмыстың   методологиялық   негізі  -  депозиттік   портфельге   талдау   жасаған   шетел   және   отандық   экономистердің,   ғалымдардың   монографиялары,    ғылыми   еңбектері, Д.Т. Бохаев,У.М. Искаков, және Э.А. Рузиеваның «Финансовые рынки и посредники» оқулығын, С.Б. Мақыштың «Коммерциялық банктер операциялары» кітабын, Қазақстан   Республикасының   заңдары   мен   нормативтік   актілірі,   Ұлттық   Банктің   ережелері   мен   нұсқаулары   алынды.

       Дипломдық   жұмыстың   құрылымына   тоқталсақ,   онда   дипломдық   жұмыс   кіріспеден,   үш   тараудан,   қорытындыдан   және   пайдаланылған   әдебиеттер   тізімінен   тұрады.   

       Диплом жұмысын жазу барысында статистикалық, аналитикалық зерттеу әдісі қолданылды.

 

Мазмұны

 

К і р іс п е5

1 Инвестиция, инвестициялық жоба және жоба несиесінің теориялық негіздері9

Инвестиция, инвестициялық қызмет және инвестициялық9

жоба түсінігі9

1.2 Жобаны несиелеудің мәні мен арнайы ерекшеліктері18

1.3 Қазақстан республикасында әлемдік тәжірибе контексінде33

өндірістің технологиялық даму мәселелері33

2 Қазақстанда инвестициялық қызмет жобасын банктік несиелеу46

2.1 Жобаны несиелеуді ұйымдастырудың әрекет етуші үлгілерін талдау46

2.2 2003 – 2005 ж.ж. АҚ «ТұранӘлемБанкінің» қаржылық жағдайын59

талдау59

2.3 ШҚФ АҚ «ТұранӘлемБанкі» несиелік қоржынындағы тұтыным        несиелерінің үлесі76

3. Жоғары тәуекелді банктік операциялар саласында жобаны несиелеу80

3.1 Несиелеу үшін инвестициялық жобаларды іріктеу тәсілдерін жетілдіру80

3.2 Инвестициялық жобаларды несиелеу кезіндегі жобалық тәуекелдіктер жүйесі102

3.3 Жобалық тәуекелдіктерді басқару: қағидаттары, әдістері мен109

аспаптары109

4 ЖОБАНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫЛЫҒЫ125

4.1 Банктегі микроклиматтық жағдайларды ұйымдастыру125

4.2.Банктегі жұмыс орнын жарықтандыруды ұйымдастыру128

16 кесте - Климаттың күндік коэффициенті мәні131

4.3.Банк аумағын көріктендіру140

Қорытындылар мен ұсынымдар142

 

 

К і р іс п е 

 

Бәсекелестік ортадағы кез келген ұйымдық-құқықтық нышандағы шаруашылық субъектісінің сәтті дамуы көбінесе оның инвестициялық белсенділігі дәрежесіне тәуелді. Бұл тұжырымды нарықтықт экономика аксиомасы деп атауға болады. 

Инвестиция тұрақтылығы,  оларды қаржыландыру мәселелерін шешу кәсіпорындар мен ұлттық экономика дамуының маңызды факторлары болып табылады. Инвестицияларды тарту – Қазақстан үшін басты мәселе. 

          Белгілі экономист У.Б Баймұратов былай деп жазады: «Инвестициялық дағдарыс жүйелік дағдарыста базис бола отырып бұрыннан белгілі ақиқатты максималды ашып көрсетті: Экономикалық өсім бәрінен бұрын өзінің меншікті ресурстарымен, содан кейін ғана шетелдік инвестицияларды тартумен олардың технологиялық құрылымымен, салалар бойынша дұрыс үлестіруі мен оларды пайдалану тиімділігі екені қамтамасыз етіледі. Қазіргі заманғы экономикалық саясатта акцент  жетістікті құраушыға қойылады. Үшбірлікті талаптарды орындау толық емес нәтижелерге әкеліп соқтырады» [1, 327бет]. Оған қоса, нақты инвестициялар облысында барабар  заңшығарушы-нормативті база жоқ. Бірінші дәрежелі қарастыруды қажет ететін инвестициялық жобаларға мемлекеттік қолдау көрсету, жобаның тіршілік қабілетін бағалау әдістемесін ұйымдастыру, инвестициялық жоба тәуекелдіктерін басқару, инвестициялық жобаларды қаржыландыру тәсілдері мен әдістерін жатқызуға болады. Соңғы аталған мәселелер шегінде аса қызығушылықты тудыратын мәселе – жобаны қаржыландыру (ЖҚ). 

Қазіргі замандағы Қазақстан Республикасындағы ұлттық заң шығарудың дамуы банктік, көбінесе несиелік операцияларды одан әрі жетілдіруге бағытталған, нормаларды құруға әсерін тигізеді. Осыған байланысты отандық банктегі тәжірибеде несие операцияларының, инвестициялық қызмет жобасын несиелеу деп аталатын, жаңа түрін пайдалану тиімді болар еді. Жобаны несиелеу (ЖН) экономиканың  нақты секторының жобаларындағы инвестицияларды ұйымдастырудың жаңа және кең таралған нышандары болып есептеледі. 

Бізге белгілі болғандай, инвестициялар тек қаржылық-несиелік жүйе мен экономиканың нақты секторының қарым-қатынасы жағдайында ғана экономикалық өсім факторлары болып табылады, бұл кезде жинақтаушы зейнетақы, сақтандыру және тағы да басқа қорлар, орта-ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді сипаттағы қаржылық ағындар баяу ұзақ мерзімді өндірістік инвестицияға айналады. Осыған қатысты, ірі банктік несиелерді, әлемдік нарыққа бәсекеге қабілетті өніммен шығару мақсатында, кәсіорынды құру, жаңарту және қайта құру бойынша, инвестициялық жобаларды өткізу үшін тарту өзекті мәселе болып табылады. 

Республикадағы инвестициялық жобаларды несиелеуді кеңінен дамуына біздің көзқарасымыз бойынша, айқын мәселелердің қатары кедергі, олардан мыналарды бөліп көрсетуге болады: ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын, несиеге қабілетті кәсіпорындардың аз болуы; мұндай жобаларды несиелеуге заманға сай сенімді механизімдерге сапалы жобалық талдау жасайтын мамандар және банктерде тәжірибе жоқ; мамандарда, кәсіпорындар мен банктердің сапалы инвестициялық жобалар мен бизнес-жоспарларды жетілдіру икемділігінің болмауы, жобалық тәуекелдіктерді басқару тәжірибесінің болмауы. Мұнда, олардың жобаны несиелеу әдісімен инвестициялық қаржыландыру мәнін түсінбейтіндігін жатқызуға болады. 

Осыған байланысты, отандық банктік тәжірибеге жаңа технологияларды енгізу және жоба талдауының қазіргі заман әдістері мен жабдықтарын пайдалана білетін мамандарды дайындау, жобаны несиелеудің жобалық тәуекелдіктерін басқару аса маңызды болып табылады.

Жоғарыда аталған мәселелерді шешу шет ел тәжірибелерін, теориялық және іс жүзіндегі инвестицияларды қаржыландыру жобасының жаңа нышанын, өзектілігін, мәтінін, мақсаты мен нақты талдау талаптарын қажет етеді.

Бұл дипломдық жұмыс инвестициялық жобаларды банктік қаржыландыру жаңа нышынының мәселесін қарастыруға арналған. Жобаны несиелеу Қазақстанның инвестициялық қызмет көрсетуінде енді ғана дамуда, соның өзінде ұзақ мерзімді несиенің дәстүрлі түрмен араласқан түрінде.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты инвестициялық жобаларды банктен қаржыландыруды оқып білу мен әлемдік тәжірибені ортақтандыру, инвестициялық тәуекелдерді басқару мен Қазақстан Республикасы жағдайларына бейімдеу.

Мақсатқа сай келесі талаптар анықталды:

- инвестициямен, жоба несиесімен (қаржыландырумен), инвестициялық тәуекелдермен баайланысты теориялық сұрақтарды қарастыру;

- нарықтық экономика жағдайындағы инвестициялық жобаларды дайындау, қаржыландыру және өткізу туралы әлемдік тәжірибені дайындау;

- Қазақстан Республикасы мен басқа елдердің инвестициялар мен оларды қаржыландыру туралы Заңдары мен басқа да ресми құжаттарын қарастыру;

- инвестициялық жобаларды АҚ «ТұранӘлемБанкі» материалдары негізінде дайындау, несиелеу мен өткізу тәжірибелеріне иалдау жүргізу;

- талдау нәтижелері бойынша қорытынды жасап, Қазақстан Республикасында жоба несиесін ендіру туралы тәжірибелік қағидаттарды жетілдіру;

- инвестициялық жобаларды несиелеу мен өткізу кезінде пайда болатын, тәеукелді басқару әдістері мен құралдарын дайындау.

          Зерттеу пәні инвестициялық жобаларды дайындау, қаржыландыру мен өткізу кезінде пайда болатын өндірістік – экономикалық қатынастар жиынтығы болып табылады.

Зерттеу объектісі инвесттициялық несиелендірудің әлемдік тәжірибесі мен АҚ «ТұранӘлемБанкінің» инвестициялық жобаларды ұйымдастыру, қаржыландыру және өткізуі туралы қызметі болып табылады.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік базасы инвестицияларға, оларды қаржыландыру мен өткізуге арналған отандық және шет ел авторларының ғылыми еңбектері, Қазақстан Республикасы мен басқа елдер заңдары, үкіметтің, министрліктердің және Қазақстан Республикасы ведомстволарының, әлемдік банктердің, ЕД және ЖБ, Базель комитетінің және ҚР Ұлттық Банкінің банктік тәуекелдерді, инвестициялық жобаларды қаржыландыру барысында басқаруы туралы ресми құжаттар болып табылады.

Зерттеу үдерісі барысында, ғылыми жаңалықтар болып саналатын, келесі жаңалықтар алынды:

- инвестициялардың, инвестициялық қызмет көрсетулердің, инвестицияландырудың, инвестициялық жобаның, несиені банк арқылы жүзеге асыру мәнін анықтау бойынша теориялық жетілдірулер тереңдетіліп қарастырылуы және дамуы керек;

- спецификалық ерекшеліктері арқылы дәстүрлі банк арқылы несиелеу мен негізін алудан басқа жобалық несиенің мәні ашылып, оны Қазақстандағы инвестициялық қызмет белсенділігін арттыру үшін енгізу міндетті түрде қажет;

- АҚ «ТұранӘлемБанкі» материалдары негізінде ҚР инвестициялық жобасына банк арқылы несиелеу жобасын бейімдеу;

- жоба кезеңі кезеңдер бойынша жоба тәуекелдіктері жіктемесін жетілдіру;

- жобаны несиелеу барысында туындайтын инвестиция тәуекелдерін басқару әдістері мен құрал – жабдықтарын жетілдіру; сонымен қатар инвестициялық несиені қамтамасз ету түрлерін жіктеу.

     Жұмыстың тәжірибелік мәні жетілдірудің өз тәжірибелік бағытынан тұрады, мұның мақсаты жобаны банк арқылы несиелеудегі инвестициялық қызметті ұйымдастырудың жаңа түрін енгізу.