Мазмұны

 

Кіріспе......................................................................................................................4

 

1.Кәсіпорындағы  қызметкерлердің құрамы  және  еңбекақы  есептеу  бойынша ҚР нормативтік  актілер. 

1.1.Кәсіпорын  мен  қызметкерлерінің құрамы.................................................5-6

1.2.Еңбекақы есептеу бойынша ҚР нормативтік актілер...............................7-12

2.Еңбекақы есебін ұйымдастырудағы  ерекшеліктер мен  еңбекақы  есептеудің құжатпен рәсімделуі. 

2.1.Еңбекақы  есебін  ұйымдастырудағы ерекшеліктер...............................13-18

2.2.Еңбекақы  есептеудің  құжатпен  рәсімделуі..........................................19-22

2.3.Еңбекақыдан  ұсталатын ұсталым түрлері  мен  еңбекақыны  төлеу 

      реті...............................................................................................................23-28 

 

Қорытынды..........................................................................................................29

 

Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі.............................................................30-31

 

 

 

Кіріспе.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында, яғни  елімізде  нарықтық қатынастардың  қалыптасуына байланысты, бірлескен  кәсіпорындардың, меншікті  кәсіпорындардың, шағын  кәсіпорындардың  жалпы шаруашылық субъектілері  мен іс - әрекет етушілердің, яғни кәсіпорын еңбеккерлерінің саны  жылдан – жылға көбеюде.  Осы орайда  бухгалтерлік  есеп  қызметін  атқарушы мамандардың, яғни  бухгалтерлік  есеп қызметінің  негізгі міндеті – бұл бастапқы құжаттардың дұрыстығын  тексеру мен құжат  айналысын қадағалау, тиісті қаржылық  қорытынды құжаттарды  дұрыс жасау, салық жөніндегі  заңдылықты, жылдық жинақ  табыс жөніндегі  декларацияның дұрыстығын қадағалау, ал түпкі мақсаты  басқару  жүйесін  керекті  ақпараттармен қамтамасыз  ету болып табылады. 

Демек, бірінші кезекте  бухгалтерлік  есепке  алудың  және есеп берудің  барлық қызметтерін  жақсы  меңгере білулері, оларды  оңай шешу жолдарын  қарастырулары қажет, субъект  қызметін бухгалтерлік   және салықтық  есепке алуды  ұйымдастырудың  ережелерін, нұсқауларын және басқа  нормативтік  актілерін қатаң  сақтаулары керек. 

Бұл курстық жұмысым екі бөлімнен тұрады: «Кәсіпорындағы  қызметкерлердің  құрамы және  еңбекақы  есептеу бойынша  Қазақстан Республикасының  нормативтік актілер» және «Еңбекақы есебін  ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен еңбекақы есептеудің  құжатпен рәсімделуі». 

Бірінші бөлімде  қызметкерлердің  құрамы және  Қазақстан Республикасының  «Еңбек туралы»  заңының 4,5,6 және 7,8  тараулар  қарастырылады. 

Екінші бөлімде еңбекақы  есебінің түрлері мен  олардың, яғни  еңбекақының  құжатпен  рәсімделуі және осы еңбекақыны қызметкерлерге  тарату  жөніндегі  мәселелер қарастырылады. 

Жалпы  бұл курстық жұмыстың орындалу барысында  екі  негізгі бөліміде керекті  мысалдар мен және  сызбанұсқалармен түсіндіріледі.