Жоспары:

 

Кіріспе..........................................................................................................................3

Негізгі  бөлім

 

I бөлімКәсіпорын табыстылығын  талдаудың  міндеттері.......................5

1.1Нарықтық  экономика  жағдайындағы  табыстың ролі.........................5

1.2Кәсіпорынның  негізгі  және  негізгі  емес  қызметтерінен  түсетін табыс............................................................................................................................9

 

II  бөлімКәсіпорынның  шаруашылық қызметінің  көрсеткіштері.........12

2.1Табыстылықтың   абсолютті  көрсеткіштерін талдау...........................12 

2.2Табыстылықтың   салыстырмалы  көрсеткіштерін  талдау................16

Қорытынды..................................................................................................................

Пайдаланылған  әдебиеттер......................................................................................

 

 

Кіріспе

 

Кәсіпорынның табыстары - деп Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есебінің № 6 «Табыс»- деп аталатын стандартына сәйкес есепті кезеңдегі активтердің көбеюін және міндеттемелердің азаюы негізінде капиталдың көбеюін яғни экономикалық пайда табуды айтамыз.

Мұндай табыстарға:

 Дайын бұйымдар мен тауарларды сатудан алынатын табыстар;

 Қызмет көрсетуден алынатын табыстар;

 Дивиденттер, ролятилер және пайыз түрінде алынатын және тағы басқа табыстар жатады.

Бұл  жоғарыда  аталған  табыстар қатарына  кәсіпорынға  келіп  түскен, кіріс етілген және  кәсіпорынның  төлеген  сомалары  мына  жағдайлар да  жатқызылмайды: 

 Алдын  ала  аванс  ретінде  алынған  табыстар;

 Алынған  несиелердің  және  қарыздардың  қайтарылуы. Сондай-ақ  

қызметтер  көрсету  жөніндегі  мәміленің  нәтижесін  барынша  дұрыс  бағалау   мүмкін  болмаған  уақытта  табыс  жұмсалған  шығындар  мөлшерінде  ғана  танылады. 

Алынған  табыстар  кәсіпорынның  қызметінің   түріне  және  бағытына  байланысты  мынадай  түрлерге  бөлінеді:

 Негізгі  қызметтен  алынған  табыстар;

 Негізгі  емес  қызметтен  алынған  табыстар;

Кәсіпорынның  негізгі   қызметтен алынған  табыстары  мен негізгі  емес   қызметтен  алынған  табыстарының  қосындысы   оның  жиынтық  табысын  құрайды.  Ал  бұл  табыс  сатылған  өнімнен,  көрсетілген  қызметтен  алынған  немесе   алынуға  тиісті   өткізу  құны  бойынша  бағаланады.  Өткізу  құны  кәсіпорынның   активті  сатып  алушының   немесе  пайдаланушының   арасындағы  келісім-шарт   бойынша  анықталады. 

Кәсіпорынның   табыстары  мынадай   шарттар   қанағататдырылған  кезде  танылады:

 Табыс  сомасы  дұрыс  бағаланған  жағдайда;

 Кәсіпорының   экономикалық  пайдаларды  алу   ықтималдығы  

болған  жағдайда;

 Кәсіпорын   сатып  алушыға  меншік  құқығын  берген  жағдайда;

  Мәміле  бойынша  нақтылы  жұмсалған  немесе  күтіліп  отырған  

шығындар  дұрыс  бағаланған  жағдайда;

Қаржы  есеп беру  кезеңде  кәсіпорынның   түсініктеме  жазбахатында   мыналарды  ашып  көрсетулері  тиіс:

a) табысты  тану  үшін  қабылданған  есеп  жүргізу саясатын, соның  ішінде  қызметтер  көрсету  жөніндегі  келісімдердің  аяқталу  кезеңдерін  айқындау  тәсілін. 

б)  есепті  кезең  үшін  танылған  табыстардың  әрбір  маңызды  түрінің  сомасын, соның  ішінде: 

 тауарлар  өткізу;

 қызметтер  көрсету;

 пайыздар;

 роялти;

 дивиденттер  нәтижесінде  туындайтын  табыстарды,  олардың  

ішінде  тауарлар  немесе  қызметтер  алмасу  нәтижесінде  туындайтын, табыстардың   әрбір  маңызды  түріне  енгізілген  табыстар  сомасын.