АННОТАЦИЯ

 

 

Күмәнді талаптар бойынша резерв онда күмәнді талаптар бойынша резервтерді құруға және оның қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі.

Бухгалтерлік шығындарға өндірістің есеп беру кезеңіндегі нақты шығындары жатады және олар шығарылатын өнімнің өзіндік құнының құрамына кіреді. Оған мыналар жатады: шикізат пен материалдар құны, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы, амортизациялық өтемдер, жал төлемі, салықтар.

Дебиторлық қарыз халықаралық және Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес сатып алушылардың компанияға арналған сома ретінде анықталады.

Курстық  жұмысты жазудың мақсаты – кәсiпорынның күмәнді талаптар бойынша резервтерді құрудың есебін қарастырып, оларға талдау жүргізудегі дағдыларды қалыптастыру болып табылады.

Курстық  жұмыс екі бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімде күмәнді дебиторлық қарыздардың есебі ұғымы, кәсіпорынның күмәнді қарыздарын бағалау әдістері қарастырылған.

Екінші бөлімде   күмәнді қарыздардың күмәнді қарыздарды есепке алудағы  «Оңтүстік құс» АҚ есеп саясаты, «Оңтүстік құс » АҚ  күмәнді қарыздары  есебін  жүргізу ерекшеліктері қарастырылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

 

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3 

 

1 КҮМәНДІ ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАРДЫҢ ЕСЕБІ 

 

1.1 Кәсіпорынның күмәнді дебиторлық қарыздары  ұғымы...................................4

1.2  Кәсіпорынның күмәнді қарыздарын бағалау әдістері......................................7

 

 

2  КҮМәНДІ ҚАРЫЗДАРДЫҢ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ  («ОҢТҮСТІК ҚҰС» АҚ МЫСАЛЫНДА)

 

2.1 Күмәнді қарыздарды есепке алудағы  «Оңтүстік құс» АҚ есеп саясаты.......9

2.2 «Оңтүстік құс » АҚ  күмәнді қарыздары  есебін  жүргізу ерекшеліктері......12

2.3  Қаржы секторында бухгалтерлік есепке алуды дамыту проблемалары мен перспективалары ......................................................................................................15

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................26

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................28

 

 КІРІСПЕ

 

 

Әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру міндетін алға қойған Елбасы Жолдауында атап көрсетілгеніндей, еліміздің қаржы жүйесін, соның ішінде қаржы есептілігін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру ашық нарық экономикасын қалыптастырудың сенімді тетіктерінің бірі болып табылады. Есеп жүргізудің дамыған елдер қолданатын соңғы тәсілдерін меңгеру. 

Нарықтық экономикасы жағдайында, бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде алатын орны ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу мен тұтыну және кәсіпорын қаржы жағдайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім қабылдаудың негізі болып табылады.

Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік есеп стандарты, кәсіпорын қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп Бас шот жоспары мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бұйрығы бойынша бекітілген.  Бухгалтерлік есеп Типтік шот жоспарында белгіленген жалпы принциптер мен ережелер және Қазақстан Республикасының  «Бухгалтерлік есеп жөніндегі» Заңына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі өкілетті ұйымдары қабылдаған қаулылар мен ұсыныс, талаптарға сай жүргізіледі.

Меншік иелері мен экономиканың барлық салаларындағы кәсіпорын еңбек коллективтері шикізаттар мен материалдарды тиімді жұмсап, өндіріс қалдықтарын азайтып, өнімнің сапасын жоғарылатып, оның өзіндік құнын кемітуді көздейді. Осыған орай, бухгалтерлік есеп тек шаруашылық қызметті көрсетіп қана қомай, оған ықпалын да тигізіп отыруына байланысты, оның мыңызы мен рөлі артпақ.

Бухгалтерлік есеп басқару процесінің бөлігіретінде, кәсіпорынның ағымдағы қызметін бақылау, оның стратегиясы мен тактикасын, жоспарлау, ресурстарын тиімді пайданалып, нәтижесін бағалауға, сонымен қатар дұрыс басқарушы шешім қабылдауға қажетті ақпараттармен қантамасыз етеді.   

Курстық  жұмысты жазудың мақсаты – кәсiпорынның күмәнді талаптар бойынша резервтерді құрудың есебін қарастырып, оларға талдау жүргізудегі дағдыларды қалыптастыру болып табылады.

Курстық  жұмыс екі бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімде күмәнді дебиторлық қарыздардың есебі ұғымы, кәсіпорынның күмәнді қарыздарын бағалау әдістері қарастырылған.

Екінші бөлімде   күмәнді қарыздардың күмәнді қарыздарды есепке алудағы  «Оңтүстік құс» АҚ есеп саясаты, «Оңтүстік құс » АҚ  күмәнді қарыздары  есебін  жүргізу ерекшеліктері қарастырылған.