МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе2

1 Жарғылық қор: қалыптастырылу және оның өзгеру тәртібі4

2 Жарғылық капитал мөлшерінің өзгеруі19

3. Резервтік капитал: қалыптастыру негізі және тәртібі23

4. Кәсіпорынның жиынтық табысы немесе зиянының есебі29

Қорытынды34

Пайдаланылған әдебиеттер36

 

Кіріспе

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады. Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексте шаруашылық серіктестікті қалыптастыру, құқық және міндеттерінің тәртібі анықталған. Азаматтық кодекстің 58-бабында шаруашылық серіктестігі жарғылық капитал құрылтайшыларының үлесіне бөлінген коммерциялық ұйым ретінде сипатталады, ал өзінің қызмет процесінде жасаған, жинаған немесе құрған мүлік жеке меншігіне жатады. Шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталындағы салым ақшаға ақшалай қаражат, құнды қағаздар, заттар, мүліктік құқық, оның ішінде ақыл-ой меншігі және басқа нәрселер жатуы мүмкін.

Жарғылық капитал – «жарғы» деген сөзден алынған – ұғымды анықтайтын ережелердің жиынтығы, белгілі бір ұйымның атқаратын қызметінің тіртібі, немесе актив құндарының екінші жағынан көрінуі, яғни жарғылық қорға салынған активтердің жалған және номиналдық құны.

Әр бір шаруашылық жүргізуші субъектіні құру үшін құрылтайшылық құжаттары болуы керек, бұл құжаттың ең негізгісі Жарғы болып табылады. Құрылтайшылық құжаттар нотариалдық тұрғыда расталып, заң органдарында мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жарғыда субъект серіктестік құрылтайшыларының салым ақшаларынан тұратын жарғылық капиталды жариялайды. Салым ақшаны бағалау тараптардың келісімі бойынша жүргізіледі және тәуелсіз аудиторлық тексеруге жатады.

Резервтік капитал құрылтайшылық құжаттарға сәйкес акционерлік қоғамды өз қалауынша құрады. Оны басқа ұйымдар да құруы мүмкін. Акционерлік қоғамдағы резервтік капитал залалдарды жабуға, сондай-ақ қоғамның облигацияларын жабуға және басқа қаражат болмаған жағдайда акцияны сатып алуға арналған. Серіктестікте резервтік капиталды пайдалану бағыттары жарғы бойынша анықталады.

Резервтік капитал жыл сайынғы таза табыстан аудару жолымен құрылады. Жыл сайынғы аудару мөлшері акционерлердің жалпы жиналысында белгіленеді. Резервтік капиталды пайдалану жағдайында көрсетілген шамаға дейін оны толтыру үшін аударым жаңғыртылады.