Жоспар

 

I. Кіріспе...............................................................................................................3

II. Негізгі бөлім

 

1.Жарғылық капитал есебі

1.1. Жарғылық капитал есебін жүргізу тәртібі.................................................5

1.2. Жарғылық капитал есебінің құжатталуы.................................................16

1.3. Жарғылық капитал есебінің шоттар корреспонденциясы......................17

 

2. Жарғылық капитал  аудиті

2.1. Аудиторлық тексеру бағдарламасы.........................................................19

2.2. Аудит жүргізу сатылары...........................................................................21

2.3. Аудиторлық қорытынды...........................................................................23

 

III.Қорытынды................................................................................................25

Қолданылған әдебиеттер...............................................................................27

 

 

                                                      Кіріспе

 

          Кез келген іс -әрекет ету аясында бизнес ақша қаражаттарының  нақты бір сомасымен басталады, яғни сол қаражатқа өнімді өндіру және сатуға  қажетті ресурстар алынады. Капитал айналым шеңберінің үш сатысынан  өтеді: дайындық, өндірістік және өткізу. Бірінші сатысында кәсіпорын өзіне қажетті негізгі қорлар мен өндірістік запастарды сатып алады. Екінші сатыда қаражаттардың бір бөлігі өндіріске запастар түрінде түссе, екінші  бөлігі еңбекақыға, салық  төлеуге, әлеуметтік сақтандыру төлемдеріне  және  басқа да шығындарға  жұмсалады. Бұл саты дайын өнім  өндірумен  аяқталады.Үшінші сатыда дайын өнім сатылып, кәсіпорынға алғашқы сомадан  алынатын  пайда  мөлшеріне артық сома келіп түседі. Бұл неғұрлым капитал тезірек айналса, соғұрлым кәсіпорын  көп өнім сатып, белгілі  бір кезең ішінде  жұмсалаған  капитал мөлшерінде өнім өндіріп пайда табады  дегенді білдіреді. Қаражаттардың кез-келген  сатылардың  біреуінде кідіріп қалу капитал айналымын тежеп,қосымша қаржы тартуды талап етеді және кәсіпорынның қаржылық жағдайының нашарлауына әкеледі.

         Капитал – бұл пайда табу мақсатымен өз қызметін жүзеге асыру үшін шаруашылық жүргізуші субъектінің қолында бар қаражаттары.

Кәсіпорынның капиталы меншікті ( ішкі) және тартылған (сыртқы) көздерден қалыптасады.

        Қаржыландырудың  негізгі көзі меншік капитал болып табылады.

Оның құрамында кіреді:

§     Жарғылық капитал ;

§     Жинақталған капитал (резервтер капитал, қосылған капитал, жинақ қоры, бөлінбеген пайда);

§    Басқа да түсімдер (  мақсатты қаржыландыру, қайырымдылық жарналары және т.б.)

  Жарғылық капитал деп жарғылық  іс- әрекетті жүзеге асыруға арналған құрылтайшылардың салған ақша қаражаттарын түсінеміз.

 Мемлекеттік кәсіпорындарда жарғылық капитал деп мемлекет бекіткен, бірақ толық шаруашылық жүргізуге өкілеттік берілген мүліктердің құнын айтамыз. Акционерлік кәсіпорындардағы жарғылық капитал- бұл  акцияның  барлық түрлерінің  номиналды құны. Жауапкершілігі шектелген  серіктестіктер үшін жарғылық капитал болып меншік иелерінің үлесі сомалар, ал жалға алынған кәсіпорындар үшін –оның қызметкерлері салымдарының сомасы  саналады. Құрылтайшылардың салымдары ақшалай, мүліктік және материлдық емес активтер түрінде де болуы мүмкін.