Жоспары

Кіріспе2

І Негізгі бөлім4

1.1Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу есебі4

1.2 Фактураланбаған жабдықтар есебі11

1.3 Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысуда жүргізілетін проценттік және процентсіз вексель20

1.4 Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу аудитінің бағдарламасы21

Қорытынды24

Пайдаланылған әдебиеттер26

 

Кіріспе

 

       Кез келген кәсіпорын үзіліссіз және ырғақты жұмыс істеп тұруы үшін оны уақтылы керекті материалдармен жабдықтап отырудың маңызы зор болып табылады Ұйымды материалдық қорлармен жабдықтау эканомикалық және әлеументтік дамыту жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өнім өндіруші ұйымдармен, сондай-ақ делдалдық ұйымдармен өзіне керекті материалдық қорлармен және техникалармен қамтамасыз ету жөнінде келісімшарттар жасалады немесе өзінің делдалдары арқылы биржадан сатып алады.

       Кәсіпорын өз өндірісінің тиімді және ырғақты жұмысын қамтамасыз ету үшін өзінің материалдық–техникалық базасын жасайды,яғни өндіріске қажет қорларын құрайды. Кәсіпорынды жабдықтау экономикалық даму жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өзінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ету үшін өнім шығарушы кәсіпорындармен немесе делдалдық ұйымдармен шартқа отырады.

       Жабдықтаушы мердігер - бұл жеткізіп беруші,жеткізіп тұрушы қамтамасыздандырушы. Белгілі бір бұйымды,тауарды жеткізіп тұрушы адам немесе мекеме. Жабдықтаушылар мен мердігерлерге шикізат,материал және тауарлы материалдық қорды жеткізушілер жатады,сондай-ақ әр түрлі қызмет түрлерін көрсетушілер (электр қуатын,буды,суды,газды және т.б.босатушы) және әр қилы жұмыс орындаушылар (күрделі жөндеу, жай жөндеу және т.б.) жабдықтаушылар мен мердігерлер болып саналады. Жабдықтаушы-мердігерді кәсіп орынның төмен қабілеттілігімен шоттарды уақтылы төлеу мүмкіндігі жайлы ақпараттар қызықтырады. Жабдықтаушы ұйымдар өз өнімдерімен тауарларын жөнелте отырып ,жұмыстар орындап, қызметтер көрсетіп, жөнелтілген өнімдер,т.б үшін ақшаның түсетіндігіне толық сенім білдіре алмай тәуекелшілікке түсуі де мүмкін. Осыған байланысты ұйымдар дайын өнімдерді (тауарлар,жұмыстар,қызметтер) сату есебінен болашақтағы күмәнді қарыздарды жабу резервін құруына болады.

      Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу-не тауарлы материалдық құндылықтарды тиеу жұмысын орындағаннан кейін немесе қызмет көрсеткеннен кейін, не олардың кәсіпорынмен келісуі арқылы бір мезгілде немесе олардың тапсырмасы бойынша, не алдын ала төлеуі бойынша жүзеге асырады. Кәсіпорынның  келісімінсіз ризалықсыз тәртіппен газды, суды, жылуды, электрэнергиасын есептеу шотының көрсеткіштері негізінде және т.б. есептен шығару арқылы олардың босатылуы үшін есеп айырысу құжатымен төленеді. Есеп айырысу, сонымен қатар,сенкассо, аккредетивтер,чектер тәртібімен жүзеге асырылады .Жабдықтаушылар мен мердігерлерден алынған тауарлы материалды құндылықтар және айналыстан тыс активтер, қабылданған жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін (бұларды тасмалдап жеткізу және өңдеу шығындарын қосып есептегендегі) ұйымның берешек қарыздары болып саналады. Кәсіпорын жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу үшін 671 «Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу» шотын пайдаланады Өнім жеткізушілермен есеп айырысулар есебі арнайы нысандағы журналда, машинограммада немесе тізімде әрбір шот фактурасы немесе төлем талап тапсырмасы бойынша жүргізіледі.