МАЗМҰНЫ

Кіріспе.....................................................................................................................3

І. ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІ

1.1Еңбекақы бойынша есеп айырысуды тәртібі...................................................5

1.2Еңбекақы бойынша есеп айырысудың синтетикалық есебі...........................9

1.3Еңбекақыны кәсіпорын қызметкерлерінің құрамы бойынша есептеу........12

 

ІІ. ЕҢБЕКАҚЫДАН ҰСТАЛЫНАТЫН ҰСТАЛЫМДАР МЕН ШЕГЕРІСТЕРДІҢ ЕСЕБІ

2.1Еңбекақыдан ұсталатын сомалар есебі..........................................................20

2.2Еңбекақыдан шегерістердің сомалар есебі....................................................25

2.3 Жұмысшылыр мен қызметкерлерге еңбекақы есептегенде бухгалтерлі есепшоттары бойынша жүргізілетін операциялар.............................................27

 

Қорытынды..........................................................................................................29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................30

 

Кіріспе

Қазақстан Республикасы заңына сәйкес жұмыскердің еңбекақысынан: міндетті зейнетақы, жеке, табыс салығы, орындаушы қағаздар бойынша, сонымен бірге жұмысшының жазбаша келісім бойынша, немесе жұмыс берушінің бастамашылығымен жұмыскердің келісімінің еңбекақы есебінде төленген авансты қайтару үшін (артық төленген соманы қайтару үшін) және т.б. жағдайларда ұстап қалулар болады.

Жеке табыс салығын ұстау. Салық кодексінің 145-бап ставкасына сәйкес, еңбекақы, сонымен қатар жұмыс орындарынан төленетін төлемақылар, натуралды төлем ақыны қоса есептегендегі қызметкерлер табыстары, материалдық, әлеуметтік табыстарынан жеке табыс салығы ұсталады. Жеке табыс салығын есептеу, ұстау белгіленген заңдылықтар бойынша, ай сайын өспелі жиынтықтан жүргізіледі.

Салық - жыл аяқталғанға дейін қызметкер жұмыстан шығатын болса, оның алған табыстарына сәйкес, нақтылы істеген мерзіміне қарай, қайта есептеу коэффициентін пайдаланып  жеке табыс салығы қайта есептеледі.

Кез келген кәсіпорындар мен  ұйымдардағы жұмыстарды орындап, қызметтерді атқарып жүрген адамдардың еңбегін  дұрыс бағалап, олардың сіңірген еңбегіне қарай әділ еңбекақы төлеу, еңбек ақыдан ұсталымдар мен шегерімдерді әділ ұстау қай кәсіпорынның болмасын күрделі мәселелерінің  бірі. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып табылатын қызметкерлермен «Еңбек ақы бойынша есеп айырысу, еңбек ақыдағы ұсталымдар мен шегерімдер» тақырыбы өз алдына бөлек тарау болып қарастырылатындығы осыдан.

Курыстық жұмыстың  мақсаты - еңбек ақыға есеп жүргізу, есептің анықтығын тексеру, заңдылыққа сәйкес еңбек ақыдан ұсталып қалынатын ұсталымдары жүргізудің дұрыстығын сақтау және еңбек ақы бойынша шегерістің  әдістемесі, сонымен қатар жұмысшылыр мен қызметкерлерге еңбекақы есептегенде бухгалтерлі есеп шоттары бойынша жүргізілетін операциялар бойынша есептің есебін жүргізу жатады. 

Қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін келесі мәселелерді шешу қажет:

 Еңбекақыны экономикалық категория ретінде қарау;

 қазіргі таңда қолданылып келе жатқан еңбек ақының төлеу үлгілері мен түрлерімен танысу;

 еңбекақы төлеудің ұйымдастыруында негізгі талаптарды қарастыру;

 еңбекақы шығыстарына ықпал ететін динамика мен факторларды, еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін бағалау;

 еңбекақыдан ұсталатын сомалар есебімен танысу;

 еңбекақыдан шегерістердің сомалар есебімен танысу; 

 еңбекақы қаржысын тиімді пайдалану жөнінде негізгі бағыттарды әзірлеу және ұйымның шығындарын басқару. 

Жалпы осы курыстық жұмыста еңбек және еңбекақыны есептеу жолдарына тереңірек тоқталып, енбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар мен шегерімдердің  маңызын ашып көрсетемін.

Курыстық жұмысты дайындау барысында еңбек ақыдағы ұсталымдар мен шегерімдер бойынша заңдылық пен  нормативтік актілері, оқулық және тәжірибелік құралдары қолданылды. 

Курыстық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды, библиографиялық тізімнен тұрады.