МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ3

I ДАЙЫН ӨНІМДЕРДІҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ5

1.1. Дайын өнімнің өзіндік құны жөнінде түсінік, шығындардың жіктелуі5

1.2. Өндіріс шығындары есебі мен өнімнің (жұмыстар, қызметгердің) өзіндік құнын калькуляциялау әдістері14

II МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР, ДАЙЫН ӨНІМДЕР,АЯҚТАЛМАҒАН ӨНДІРІСТІҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ19

2.1 Материалдық қорлар есебінің жүйелері19

2.2. Дайын өнімдер (жұмыстар, қызметтер) мен аяқталмаған өндіріс есебі22

2.3 Дайын өнiмдi бағалау24

2.4 Дайын өнiмнiң синтетикалық есебi26

ҚОРЫТЫНДЫ27

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР29

 

КІРІСПЕ

 

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының экономикасы әртүрлі меншіктік-құқықтық нысандарындағы қызмет атқарушы ұйымдардың көптүрлілігі ретінде сипатталады. Кәсіпкерліктің жаңа түрлерінің пайда болуы жалпы халық шаруашылығының барлық салаларын қамтиды. Нарықтық қатынастардың дамып, нығая түсуі мен өзара бәсекелестіктің ерекше қарқын алуы кәсіпкерлерге қойылатын талаптарды күрделендіруде. Қазіргі кезең талабына сәйкес ақпараттың уақыттылығы, сенімділігі, мәнділігі, маңыздылығы шешуші роль атқарып отыр. Кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асырылуы мен оның нәтижелері жөніндегі мәліметтерді жинап, өңдеп, пайдаланушылардың ақпараттық қажеттілігін қамтамасыз етуші бірден-бір жүйе — бухгалтерлік есеп.

Бухгалтерлік есеп жүйесі дегеніміз – кәсіпкерлер мен ұйымдардың операциялары мен жағдайлары жөніндегі ақпаратты жинау, тіркеу және топтастыру жүйесі болып табылады. Қазақстан Республикасының резиденттері болатын міндеттегі тіркеуден өтуі қажет заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер және де Қазақстан Республикасында тіркелген, бірақ резиденттер болып саналмайтын заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілеттіліктері бухгалтерлік есеп жүргізуге және қаржылық қорытынды есепті құрастырып, сәйкес орындарға тапсыруға міндетті. Бұл кәсіпкерлер мен ұйымдар бухгалтерлік есепті жүргізуде және қаржылық қорытынды есепті құрастыруда заңдық және әртүрлі нормативтік-құқықтық негіздерге сүйенеді. Олардың қатарында Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлік есеп және қаржылық қорытынды есеп жөніндегі" заңын, Халықаралық қорытынды есеп стандарттарын, Ұлттық есеп стандарттарын, Бухгалтерлік есептің Типтік шоттар жоспарын атауға болады.

Бухгалтерлік есеп - экономикалық ғылымдар ішіндегі өз алдына бөлек зерттеу пәні бар, оны зерттеп, талдайтын, даму жолдарын анықтайтын, шаруашылық есептің ұйымдастырылуы мен орындалуын жүйелендіретін әдіс-тәсілдері бар ерекше ғылыми сала. Мұндағы зерттеудің негізгі объектілері - шаруашылық қорлары мен олардың қорлану көздері. Яғни, бухгалтерлік есеп жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі - әрбір ұйымның шаруашылық қорлары мен қорлану көздерінің нақты қалдықтары мен олардың қозғалысының есебін қажетті талаптар көлемінде ұйымдастыру.

Ұйымдардың өнімдер өндірудегі (қызметтерді атқару, жұмыстарды орындаудағы) аса маңызды объектілері - шаруашылық қорлары болып табылады. Шаруашылық қорлар құрамына негізгі құралдар, материалды емес активтер, тауарлық-материалдық игіліктер, ақша қаражаттары, инвестициялар, дебиторлық қарыздар кіреді. Тауарлық-материалдық құндылықтар олардың ішіндегі ең бір көлемдісі болып табылады, себебі, бұл игіліктер өндірілетін өнімнің материалдық негізін құрастырады, өндіріліп шығарылатын дайын өнімдердің өзіндік құнының басым бөлігі ретінде олардың бағасын анықтауға негіз болады. Дайын өнімдерді (жұмыстар, қызметтерді) сату нәтижесінде алынған табыс сомасы қандай да болмасын шаруашылық субъектісінің негізгі табыс көзі болып табылады. Яғни, өндірілетін дайын өнімдер (жұмыстар, қызметтер) өзіндік құнын азайту кәсіпорын ерекше маңызға ие болады. Дайын өнімдер (жұмыстар, қызметтер) сатудан алынған табыс сомасы мен оларды өндіруге жұмсалған шығындар кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық нәтижесінің қалыптасуына тікелей әсер ететін элементтер болып табылады.

Қазіргі нарықтық қатынастардың дамуы барысында халықаралық сауда қатынастарының жоғарғы деңгейде дамуына байланысты елімізге импортталынатын тауарлық-материалдық игіліктердің түрлері көбейе түсті. Өндірілетін өнімнің санына ғана емес, енді бірінші кезекте сапасына көбірек көңіл бөлінеді. Мұның барлығы бүгінгі күні бухгалтерлік есеп жүйесінен тауарлық-материалдық құндылықтар есебін ұйымдастыруда ерекше мұқияттылықты талап етеді.

Бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесінің халықаралық стандарттарға сәйкестендірілуі бірнеше кезеңдерге бөлініп жүзеге асырылатын болса да биылғы жылдың өзінде бірінші кезекте халықаралық стандарттарға көшуге тиісті шаруашылық субъектілері үшін кезек күттірмес мәселелер өте көп. Яғни, есеп жүйесінің маңызды бір бөлігі ретінде дайын өнімдер (жұмыстар, қызметтер) есебін халықаралық талаптарға сәйкес жүргізу қажеттігі туындайды.

Жоғарыда аталған жағдайлардан дайын өнімдердің (жұмыстар, қызметтердің) ұйымдардың негізгі қызмет түрінің нәтижесі болып табылатыны көрінеді. Яғни, дайын өнімдердің (жұмыстар, қызметтердің) бухгалтерлік есебінің дұрыс ұйымдастырылуы және олардың дұрыс бағаланылуы мен ұтымды қолданылуы мәселелері өзекті тақырыптардың бірі болады.