Мазмұны.

 

Тақырып: Бюджетпен есеп айырысу операцияларының есебі.

 

Кіріспе. ………………………………………………………………………………………....3                                  

I тарау. Бюджеттегі есеп айырысудың экономикалық мәні мен рөлі.

1.1. Бюджеттегі есеп айырысудың экономикалық мәні мен рөлі ...........................4

1.2. Ғалымдардың еңбегіндегі бюджетпен есеп айырысу есебін жетілдіру жолдары……………………………………………………………………….………5

 

II тарау. «Ақсайгазсервис» акционерлік қоғамның ұйымдық-экономикалық  және қаржылық есеп жұмысы.

2.1. Акционерлік қоғамның ұйымдық-экономикалық сипаттамасы.......................7

2.2.Акционерлік қоғамның есеп саясаты...................................................................11

 

III тарау. Бюджетпен есеп айырысу бойынша жүргізілетін операциялар

3.1. Төленетін ағымдағы табыс салығы.....................................................................13

3.2. Қосылған құнға салынатын салық.......................................................................15

3.3. Жеке тұлғалардан алынатын  табыс салығы......................................................17

3.4. Бюджетпен басқа да есеп айырысу.....................................................................19

 

Қорытынды

Қосымша.

Қолданылған әдебиттер.

 

 

Кіріспе.

 

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Бюджетпен есеп айырысу           операцияларының есебі».  Курстық жұмысым 3 тараудан тұрады.

I тарауда- Бюджеттегі есеп айырысудың экономикалық мәні мен рөлі және ғалымдар еңбегінде олардың жетілдіру жолдары туралы айтылған.

IIтарауда- «Ақсайгазсервис» акционерлік қоғамның ұйымдық-экономикалық  және қаржылық есеп жұмысы.

III тарауда- Бюджетпен есеп айырысу бойынша жүргізілетін операциялар туралы қамтып айтылады.

Мақсаты: бюджетпен есеп айырысу есебінің жолдары, жүйесі мен құрылысын, мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлін жан-жақты ашып көрсету,бюджетпен есеп айырысу есебі, бюджет туралы есеп,экономика ғылымдарының пікірін басты бағыт- бағдар ретінде ұстана білу.

Бюджет жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөлініп  немесе бекітіліп пайдалану, жұмсау үшін құрылатын қаржы қоры болып табылады. Бюджеттің қаржылық экономикасын дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын және мәдени деңгейін көтеруге, басқа да мақсаттарға пайдаланады.

Бюджет-бұл мемлекеттің, облыстық, аудандарының,қаланың әлеуметтік-экономикалық ахуалының айнасы. Бюджет -қандай құрылымның  да іргетасы, әрі халық дәулетінің қайнар көзі.Оны қалыптастыру және пайдалана білу шеберлік пен іскерлікті қажет ететіні белгілі.Өркениетті елдердің қай-қайсысында болсын,мемлекеттік бюджет, яғни халықтың ортақ қалтасының қаражаты салық арқылы құралатындығы белгілі.

Бюджет деңгейіне қарамастан бюджеттік мекемелердің бәрінде,ешқандай жеңілдік күтпей-ақ қаржы дағдарысынан шығудың бағдарламасы болуы тиіс. Мұның өзі салық жинау саласында турасын айтсам, «таяқтың екі ұшы бар» деген сөз болып шығады. Қарапайым сөзбен бейнелей  айтсам, Қазақстанда істің принциптерінде қанша салық жинауға болатыны жөнінде «алытны жұмыртқа туатын тауықты соймай-ақ» мәлімет алу  оңай емес.

Қорыта келгенде, «Қазақстанда салық жинау ісі қандай жолмен жүреді?» - деген ең  басты  мәселе әлі де  толық шешімін тапқан жоқ деп айтуға болады.

2002 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетпен есеп айырысу есебі»туралы заңы өз күшіне енген болатын.

Кәсіпорынның  бюджетпен есеп айырысу  операциялары 63 «Бюджетпен есеп айырысу» бөлімшесінің шоттарында есепке алынады. Бұл бөлімшеге 631(3110)  «Төленетін ағымдағы табыс салығы», 632(4310)  «Кейінге қалдырылған табыс салығы», 633  (3130)  «Қосылған құн салығы», 639 (3190)  «Бюджетпен басқа да есеп айырысу» шоттары кіреді.

Жеке және заңды тұлғаларға салынатын салықтар, мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады. Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін  басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын,әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік –аумақтық бірліктерді, заң шығарушы биліктерді, басқару апаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттердің мемлекет үшін маңызы өте зор.