МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ.................................................................................................................................................5

 

1БЮДЖЕТПЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1Бюджетпен есеп айырысудың   мәні мен мазмұны................................ ..............8

1.2Бюджетке төленетін міндетті төлемдерді есептеу ерекшіліктері...............14

1.3Салық есептілігі................................ ................................ ................................ ............................  23

 

2«ERK–TRUST» ЖШС–де БЮДЖЕТПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЕСЕБІ

2.1«ERK–TRUST» ЖШС–нің қаржылық–экономикалық  сипаттамасы...... 27

2.2Бюджетпен тікелей салықтар бойынша есеп айырысу есебі.........................33

2.3Бюджетпен жанама салықтар бойынша есеп айырысу есебі.........................  41

 

3«ERK–TRUST» ЖШС-де  БЮДЖЕТПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ

3.1Бюджеттік төлемдерді  талдау................................ ................................ ............................  45

3.2Бюджетпен қарым-қатынас есебін жетілдіру жолдары................................ ....47

 

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................ .................................................... 52

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗІ........................................................................ 55

Қосымша А. «ERK–TRUST» ЖШС– нің 2009 ж. Бухгалтерлік балансы............................................................................ .....................................................................

57

Қосымша Б. «ERK–TRUST» ЖШС– нің 2009 ж. Пайда мен залал  туралы есебі ..................................... ...................................................................... .......... .......... ....

58

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 КІРІСПЕ

 

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Мемлекет қоғамның әртүрлі ортада қызығушылығын білдіреді, сәйкес саясатты ұйымдастырады және іске асырады – экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, демографиялық және тағы басқаларды. Мемлекеттің реттеу қызметі экономика саласында бюджетті-қаржылық, ақша-несиелік, экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі объект пен субъектінің арақатынасы ретінде болатын бағалы механизм формасында көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болған соң өзінің салық жүйесін қалыптастыруға қажет болды. Мемлекет салықтар тек қана бюджеттік кіріс жағын құрып қоймай, сонымен қатар экономикаға реттеу жүргізіп отырады.

Бюджеттік-қаржылық жүйе мемлекеттің – бюджет пен бюджеттік емес қорларды,  қаржылық ресурстарын құрастыру мен қолдану жөні бойынша қатынасты өзіне қосады. Салықтар тауарлық өндіріспен, қоғамның класстарға бөлінуімен және әскер, сот және басқа қажеттіліктерді ұстау үшін қаражатты қажет ететін мемлекеттің пайда болуымен бірге қалыптасты.

Мемлекеттік бюджет –  жалпы мемлекеттік тұрғыдан бекітіп, пайдалану, жұмсау үшін құрылатын қаржы қоры болып табылады. Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл–ауқатын және мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланылады. Мемлекеттік бюджеттің негізгі көзі жеке және заңды тұлғалардан алынған салықтық түсімдерден құрылады. 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Дүние жүзінің экономикасын тұралатқан жа-һан-дық дағдарыс дауылы әлі басыла қойған жоқ. Алайда ол өзінің алғашқы алапат қуатынан айырылды. Біз тастүйін дайын болғандықтан, оның салдары біздің еліміз үшін соншалықты ауырға соққан жоқ. Дағдарысқа дейінгі кезеңде біз Қытай, Үндістан және өзге де экономикасы қа-рыш-тап алға басқан мемлекеттер қата-рын--да дамудың жоғары деңгейіне көтеріл-дік. Өйткені біз оған қалай қол жет-кізуге болатынын білдік. Бәрін дұрыс жоспарлап, сауатты іске асырғандықтан, біздің дамуымыз сәтті болды. Біз жасампаздыққа жұмыла кіріс-кен-діктен, дамудың даңғыл жолына түстік. Толағай табыстарымен дүние жүзін мойындатқан Қазақстанның әлеуеті артып, экономикасы серпінді бола түсті», - деп атап өтті /1/.  Бұл Қазақстан Республикасының салық саясатының ұтымды  құрылуы себебінен де болып отыр. 

Бюджет жүйесінің негізін салықтардың құрайтыны белгілі. Салық – қаржылық ғылымдарындағы негізгі түсініктерінің бірі. Сондықтан да оның мәнін, міндеттері мен мақсаттарын оқудың маңызы зор. 

Салықтар – мемлекет бiржақты тәртiппен заң жүзiнде белгiлеген, белгiлi бiр мөлшерде жүргiзілетiн, қайтарымсыз және өтеусiз сипатта болатын, бюджетке төленетiн мiндеттi ақшалай төлем. 

 

Салық кодексі салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік катынастарын, сондай–ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейді.

Қазақстан Республикасының салық зандары Салык кодексінен, сондай–ақ қабылдануы Салық кодексінде көзделген нормативтік құқықтык актілерден тұрады.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі Салық кодексінде көзделмеген міндет ешкімге жүктелуге тиіс емес.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер – Салық кодексінде белгіленген тәртіпте және жағдайларда белгіленеді, енгізіледі, өзгертіледі немесе күшін жояды.

Салық кодексі мен Қазақстан Республикасыньщ басқа да заң актілерінің арасында қайшылыктар болған кезде, салық салу мақсатында Салық кодексінің нормалары қолданылады. Салық кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, салық қатынастарын реттейтін нормаларды салыктық емес зандарға енгізуге тыйым салынады.

Салықтық міндеттемелердің пайда болуы – заңдылықтың әр түрлі фактілермен ара–қатынасынан пайда болады: мүлікті иемдену, тауар өткізу, қызмет көрсету, табыс алу және т.б. Салық пен басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу тәртібі нормативтік базалармен реттеледі. Кәсіпорынның салық есебі Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы Заңының ережелеріне сәйкес жасалынуы тиіс және де осы заң Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн реттейдi, бухгалтерлiк есептi жүргiзу мен қаржылық есептiлiктi жасаудың принциптерiн, негiзгi сапалық сипаттамалары мен ережелерiн белгiлейдi /2/.

Салық салудың негізгі мақсаты – белгілі бір территорияда заңда көрсетілген мөлшерлемеге сәйкес салық алу ғана емес, сонымен қатар салықтың барлық құраушы элементтерін (салық төлеуші, салық базасы, салық салу объектісі, салық кезеңі және т.б.) анықтау болып табылады.  Осы механизмнің дұрыс құрылуы салық қызметінің негіздері мен салық салудың принциптеріне негізделуі тиіс. Бұл салықтың қызметі мен мәнін, олардың қоғамдық өндірістегі ролі мен жалпы салықтың экономикадағы әсерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. 

Еліміздегі салық нормаларының өзіндік құрылу ерекшеліктеріне байланысты мемлекет өзінің нормативтік базасын құруға мәжбүр болды, бұл нормативтік базаның көмегімен салық жүйесінің құрылу мен салықтық қарым–қатынастардың құқықтық реттелуі, белгілі салық түрлері мен төлемдердің есептеу мен төлеу тәртібін бір жүйеге келтіру мақсатында Қазақстанда Салық Кодексі қабылданды. 

Салық пен бюджетке төленетін басқа төлемдерді есептеу мен төлеу тәртібі – бухгалтерия қызметтерінің бірі болып табылады. Бухгалтерия – әр кәсіпорынның жүрегі, осы салықтық өзгерістерге өте сезімтал келеді. Салық жүйесінің құрылымы ұйымның қызметін жоспарлау мен болжауда шешуші роль атқарады. 

Зерттеу жұмысының мақсаты – нақты кәсіпорын мысалында  бюджетпен есеп айырысуды талдау мен есебін жүргізудің негізгі аспектілерін оқу, оны жетілдіру жолдарын қарастыру. 

Осы қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу қарастырылды: 

–  салықтар мәні мен салықтың қызметтеріне түсініктеме беру;

–  салық  төлемдерінің жіктемесін зерттеу;

–  бюджетпен есеп айырысудың теориялық аспектілерін қарастыру;

–  кәсіпорында  салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу есебін талдау;

–  бюджетпен есеп айырысу есебін жетілдіру жолдарын зерттеу.

Жұмыстың  зерттеу объектісі – Астана қ. «ERK–TRUST» ЖШС.  

Зерттеудің ақпараттық базасын бюджетпен есеп айырысу есебі  бойынша Қазақстандық және шетел авторларының еңбектері; осы саланы реттейтін нормативтік–құқықтық актілер; «ERK–TRUST» ЖШС–нің жылдық қаржылық есептіліктері мен бюджетке төленетін төлемдердің  есебі құрайды. 

Дипломдық жұмысты орындау барысында экономика ғылымының баланстық, экономикалық–статистикалық, монографиялық және бухгалтерлік есептің өзіндік әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы қолданылды. 

Дипломдық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Дипломдық жұмыстың жалпы көлемі – 55 бет негізгі бөлімнен, 12 кестеден, 2 суреттен және  2  қосымшадан тұрады.

 

 

 

 

 

 1 БЮДЖЕТПЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

1.1 Бюджетпен есеп айырысудың   мәні мен мазмұны 

 

Мемлекет қоғамның әртүрлі ортада қызығушылығын білдіреді, сәйкес саясатты ұйымдастырады және іске асырады – экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, демографиялық және тағы басқаларды. Мемлекеттің реттеу қызметі экономика саласында бюджетті-қаржылық, ақша-несиелік, экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі объект пен субъектінің арақатынасы ретінде болатын бағалы механизм формасында көрсетіледі.

Бюджеттік-қаржылық жүйе мемлекеттің – бюджет пен бюджеттік емес қорларды,  қаржылық ресурстарын құрастыру мен қолдану жөні бойынша қатынасты өзіне қосады. Салықтар тауарлық өндіріспен, қоғамның класстарға бөлінуімен және әскер, сот және басқа қажеттіліктерді ұстау үшін қаражатты қажет ететін мемлекеттің пайда болуымен бірге қалыптасты.

Мемлекеттік бюджет – жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөліп пайдалану, жұмсау үшін құрылатын қаржы қоры болып табылады. Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын, мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланады. Оның негізін салықтар құрайды. 

Салықтың экономикалық мәні — шаруашылық субьектілерінен, азаматтардан ұлттық табыстың бір бөлігін алу жөніндегі өндірістік қатынастардың бір бөлігі болып табылатындығында.

Салықтың мәні мемлекет өз пайдасына жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) белгілі мөлшерін нақтылы жарна ретінде алып қалады.

Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырды /3/. 

Салықтарға экономикалық әдебиеттерде әр түрлі анықтама мен түсініктеме берілген. Мәселен, Салық Кодексінде «Салықтар – мемлекет бiржақты тәртiппен заң жүзiнде белгiлеген, белгiлi бiр мөлшерде жүргiзілетiн, қайтарымсыз және өтеусiз сипатта болатын, бюджетке төленетiн мiндеттi ақшалай төлемдер» деп атап көрсетілген /4/. 

Байболтаева Н.Ә. окулығында «Салық дегеніміз — бұл мемлекеттің және муниципалдық органдардың қызметін қаржылық жағынан қамтамасыз ету мақсатында мемлекет (өкілетті орган ретінде) заңмен белгілеген заңды және жеке тұлғалар төлейтін міндетті төлем». Яғни, ол ақшаның кайтарымсыз алынуы. Салықты төлеу кезінде ақшаның бір жақты қозғалысы жүзеге асырылады және ақша салық төлеушілерден мемлекеттік ақша қорына (бюджетке) түседі /5/.