АННОТАЦИЯ

Бухгалтерлік шығындарға өндірістің есеп беру кезеңіндегі нақты шығындары жатады және олар шығарылатын өнімнің өзіндік құнының құрамына кіреді. Оған мыналар жатады: шикізат пен материалдар құны, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы, амортизациялық өтемдер, жал төлемі, салықтар.

Дебиторлық қарыз халықаралық және Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес сатып алушылардың компанияға арналған сома ретінде анықталады.

Фирмамен келісімге қол қою жағдайымен бухгалтер бақылауында болатын болашақ мүмкін пайда бекітіледі.Тек бухгалтер ғана жағдайдың, фирма актив ретінде көрінісінде,толық немесе толық емес маңызы барын анықтайды. Көп жағдайда маңыздылық операцияның біткенін білдіреді. 

Курстық  жұмысты жазудың мақсаты – кәсiпорынның алдағы кезең шығындарының есебін жүргізуді зерттеп теориялық және әдiстемелiк негiздерi туралы мағлұмат алып, оларға талдау жүргізудегі дағдыларды қалыптастыру болып табылады. 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3

 

1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АЛДАҒЫ КЕЗЕҢ ШЫҒЫСТАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ 

 

1.1 Алдағы кезеңдердің шығыстары есебінің ұғымы, маңызы...............................5

1.2 Дебиторлық қарыздардың есебі ..........................................................................9

 

2  КәСІПОРЫНДАҒЫ АЛДАҒЫ КЕЗЕҢДЕРДІҢ ШЫҒЫСТАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ (««Омега Люкс» ЖШС МЫСАЛЫНДА)

 

2.1 «Омега Люкс» ЖШС операцияларының синтетикалық және аналитикалық есебі.............................................................................................................................12

2.2 «Омега Люкс» ЖШС алдағы кезеңдердің шығыстарын есепке алуды ұйымдастыруы...........................................................................................................16

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................28

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................30

 

 

КІРІСПЕ

Қазақстанда бухгалтерлік есеп жүйесін реформалау 1993 жылы бухгалтерлік есепті жүргізудің және қаржылық есепті дайындаудың халықаралық тәжірибесін зерттеуден басталды.  Бухгалтерлік есептің Халықаралық стандарттарын зерттеудің жолдарын таңдау жөнінде, ұлттық заңдылықтың өтпелі экономикасынының және еспті жүргізудің қалыптасқан тәжірибесінің ерекшеліктерін есепке ала отырып ұлттық стандарттар жүйесін құру туралы шешім қабылданды. Бухгалтерлік есептің жаңа жүйесін дайындау процесі 2 жылдан астам уақытты алды. Ал 1995 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті «Бухгалтерлік есеп туралы» заң күші бар Қаулыға [1] қол қойды. Ол есеп жүйесін, Қазақстанның резиденттері болып табылатын, сонымен қатар филиалдардың және Қазақстан Республикасында тіркелген бейрезиденттердің өкілеттіліктерінің кәсіпкерлік қызметті заңды тұлғаны құрусыз жүргізетін жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың ішкі бақылау және сыртқы аудит талаптарын анықтап берді.

Бухгалтерлік есеп реформасының мақсаттарының бірі мемлекеттің активтерді, міндеттемелерді және меншікті капиталды басқарудың қайсібір тәсілдерін меншік иесіне (басқарушыға) беру [3].  Бухгалтерлік есептің жаңа жүйесін іске қосу Қазақстан экономикасын шетелдік және отандық инвестициялар үшін ашық етеді. Жаңалықтармен бірге бухгалтерлік қызметтің жаңа бағыттары да пайда болды. Бухгалтер бұрындары кәсіпорында жалданып жұмыс істейтін жұмысшы болды, ол бухгалтерлік есептің әр түрлі сұрақтары бойынша кеңес беретін, салық салу және аудиторлық тексерулерді жүргізу бойынша тәуелсіз бухгалтерлік қызметпен айналыса отырып өз қызметін ұсынды. Осының бәрі есепшінің кәсібін маңызды етеді, сонымен қатар нарық жағдайындағы есептің ролін арттырады. 

Есепке алу мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп ел экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу үшін қолданылады. 

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі экономикалық тетігін нық, жақсы жолға қойылған есеп жүйесінсіз, сондай-ақ сенімді экономикалық ақпаратсыз басқару іс жүзінде мүмкін емес. 

Бухгалтерлік есеп мәліметтерінің ұлттық стандарттарына сәйкес жасалуы нәтижесінде пайдаланушыларға сенімді баланспен басқа да қаржылық есеп беру үлгілерін беретін «қаржы бухгалтериясы» деп алатын, бухгалтерлік есепке алуды ұйымдастыру мәселесі біршама қамтылған.

Меншік иелері мен экономиканың барлық салаларындағы кәсіпорын еңбек ұжымдары шикізаттар мен материалдарды тиімді жұмсап, өндіріс қалдықтарын азайтып, өнімнің сапасын жоғарылатып, оның өзіндік құнын кемітуді көздейді. Осыған орай, бухгалтерлік есеп тек шаруашылық қызметті көрсетіп қана қомай, оған ықпалын да тигізіп отыруына байланысты, оның мыңызы мен рөлі артпақ.

Бухгалтерлік есеп басқару процесінің бөлігіретінде, кәсіпорынның ағымдағы қызметін бақылау, оның стратегиясы мен тактикасын, жоспарлау, ресурстарын тиімді пайданалып, нәтижесін бағалауға, сонымен қатар дұрыс басқарушы шешім қабылдауға қажетті ақпараттармен қантамасыз етеді.                                                      Бухгалтерия қызметкерлері нарық жағдайында тез әрі дұрыс бағыт алу үшін, бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесін жақсы меңгеруі қажет. Сондықтан бухгалтерлік есептің теориялық негіздері мен әдістемелік қағидаларын жас мамандарың жақсы менгеруі олардың кәсіби дайындығы мен іскерлік қабілеттерін қалыптастыруда маңызы зор болмақ.

Қазіргі кезде кәсіпорынның алдағы кезең шығындарының есебін дұрыс жүргізуді жеілдіру бiреудiң орынсыз тiлегiнен емес, өмiрлiк аса қажеттiлiк салдарынан туындады. Кәсіпорынның алдағы кезең шығындарының есебін дұрыс  жүргiзбей, мүлiктiк жағдайы мен оған әсер ететiн себептердi бiлмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, бiрiншiсiнiң екiншiсiнен артық болуына қол жеткiзбей шаруашылықты ойдағыдай жүргiзу мүмкiн емес.

Сондықтан менiң курстық  жұмысымның мақсаты – кәсiпорынның алдағы кезең шығындарының есебін жүргізуді зерттеп теориялық және әдiстемелiк негiздерi туралы мағлұмат алып, оларға талдау жүргізудегі дағдыларды қалыптастыру болып табылады.