МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

І. АУДИТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТІҢ ТЕОРИЯЛАРЫ

1.1 Аудиторлық қызметтің мәні, принциптері, түрлері......................................5

1.2 Аудитор, аудиторлық ұйымдар мен аудиторлар палатасы...........................7

1.3 Аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау және аудиторлық қызметті лицензиялау..............................................................................................................9

1.4 Аудиторларға және аудиторлық ұйымдарға лицензия беру.......................11

 

ІІ. АУДИТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

2.1 Аудит жүргізу шарты, аудиттің стандарттары..........................................12

2.2 Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі...................................................................................................14

2.3 Аудит жүргізу құқығын шектеу.................................................................15

2.4 Аудиттелетін субъектінің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі

2.5 Аудит жүргізу сатылары............................................................................16

 

ІІІ. АУДИТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ

3.1 Аудиторлық қызметті ұйымдастырудың алыс шетелдегі тәжірибесі...............................................................................................................21

3.2 Аудиторлық қызметті ұйымдастырудың жақын шетелдегі тәжірибесі...............................................................................................................24

 

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................30

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................31

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Курстық жұмыстың өзекітілігі. Аудит - салыстырмалы түрде біздің елімізде акционерлік қоғамдардың, серіктестіктер мен басқа да шаруашылық субъектілерінің қызметін тәуелсіз қаржылық бақылаудың жаңа бағыты. Бақылау немесе ревизиялық қызмет бұрын жүргізілмеген деген түсінік қате болып саналады. Ревизия мен аудит мағынасы бойынша жақын болса да, екеуі әр түрлі түсінік. Аудит - бақылаудың шығармашылық дамуы. Қаржылық бақылаудың нысандары мен түрлерін толыктырып отырады.

Аудит қызметі біздің түсінігіміздегі экономикалық талдауға, құжаттық кешендік ревизияға, баланстың есептік бақылауы мен соттық - бухгалтерлік сарапқа тән емес. Аудиторлар өз міндеттерін жүзеге асыру барысында басқа да есептік, бақылау - аналитикалық тәжірибені қолданады. Профессор Я.В. Соколовтың айтуы бойынша: ревизияның мақсаты - кемшіліктерді, залалды жою болса, аудит мақсаты - кемшіліктерді қысқарту мен залалды шектеу.

Қазақстан республикасының аудиторлық қызмет туралы заңында  Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті жүзеге асыру процесінде мемлекеттік оргаңдар, заңды және жеке тұлғалар, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар арасында туындайтын қатынастарды реттейді – деп көрсетілген.

Курстық жұмыстың мақсаты. Аудиторлық қызметтің пайда болуының тарихы және дамуын, аудиторлық қызметтің халықаралық тәжірибесін зерттеу арқылы тақырыптың мәнін ашу.

Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда аудиторлық қызмет туралы Қазақстан Республикасы зандарыңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттардың ережелері қолданылады.

  Аудиторлық қызмет - дегеніміз аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудит жүргізу жоніндегі кәсіпкерлік қызметі. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар, аудитке қоса, өз іс-әрекетінің бейіні бойынша өзге де қызметтер көрсете алады.

 Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудиторлық қызметті жүзеге асыруға құқығы бар.

 Оқытушылық, ғылыми және өзге де қызметті қоспағанда, аудиторлардың кәсіпкерлік қызметтің басқа түрлерімен айналысуына тыйым салынады.

  Курстық жұмыстың міндеттері. Жұмыс мақсатына байланысты мынадай міндеттерді қарастыруға болады:

- аудиторлық қызметтің мәні, принциптері, түрлерін;

- аудиторлық қызметті жүзеге асыруды;

- аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігін т.б. зерттеу.

        Зерттеу тәсілдері. Аудит жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге жағдайларда да міндетті болып табылады.

Аудит мынадай дәйекті тәсілдер бойынша жүгізіледі:

1) жоспарлау (тараптардың іс-қимылын іштей жүйелеумен);

2) аудитор объектісі туралы ақпарат алу және оны бағалау;

3) аудитор рәсімін жасау және бағдарламаны әзірлеу;

4) бақылау жүйелерін тексеру және оның тесттері;

5) аудит рәсімін жүргізу;

6) аудиторлық қорытындыны қалыптастыру.

сақтайды.

 

 

І. Аудиторлық қызметің теориялары

1.1 Аудиторлық қызметтің мәні, принциптері, түрлері

 

Аудит туралы шыққан басылымдарда "аудит" - деген түсінікке эр түрлі анықтамалар берілген. Әрбір автор өзінің анықтамасын өз тарабынан анықтаған. К.Ш. Дюсембаев "Теория аудита" деген кітабында әр автордың 13 түрлі анықтамасын келтірген. Біз соның төрт түрлісін келтірейік те мазмұнын қарастырып талдайық.