МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

 

1 ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

1.1 Дебиторлық берешек түсінігі.................................................................4

1.2. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі.........8

1.3. Басқа дебиторлық берешектердің есебі.............................................11

 

3 ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР АУДИТІН ЖҮРГІЗУ

3.1 Дебиторлық борышты тексеру.............................................................15

3.2 Дебиторлық берешек аудитінің бағдарламасы...................................16

3.3 Сатып алушылардың өнім үшін төлем жасауын тексеру..................18

 

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................33

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................34 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін респаубликамыздың тәуелсіздігінің 19 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе анықтайды. 

Қазақстандық экономикалық жүйе толығымен нарықтық қатынастарға көшті. Елімізде нарықтық экономиканың қалыптасып, мұның тұрақты түрде дамуына байланысты бухгалтерлік есеп жүйесі де, жаңа сипатпен жаңа бағытқа, халықаралық мазмұн мен мағынаға ауыстырылып келеді. 

Жалпы курстық жұмыстың  тақырыбына сәйкес сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің ұйым алдындағы берешек қарыздары туралы қарастырылған. Яғни дебиторлық берешектер - кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ  аванс ретінде алдын-ала төлеген төлемдері үшін алашақ борыштары. Берешектер қарызы шартты түрде екіге : әдетті жағдайдағы және сенімсіз жағдайдағы болып бөлінеді. әдеттә жағдайдағы берешектер қарызы деп сатылған өнімдер, тауарлар, қызметтер және жұмыстар үшін екі жақты жасалған келісім-шарт негізінде, тиісті есеп апйырысу үлгілерін қолдану арқылы қалыпты жағдайдағы екі жақтың өзара есеп айырысуын айтады. Ал сенімсіз жағдайдағы берешектер қарызы ұйым қызметтері мен жұмыстарын дұрыс ұйымдастырып, бақыламаған жағдайда тауарлы-материалды құндылықтарды түгендеу барысында пайда болады. 

Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары талабына сай сатудан түскен табысты немесе тапсырысты орындаудан алынған табыстарды есепке алатындығын, берешектердің басқадай қарыздарының бухгалтерлік есебін жүргізу тәртібі мен күмәнді қарыздар резервін құру, қарыздарды жабу және алдағы кезеңдер шығындарының есебін жүргізу мен шығындарды жұмсау жолдары курстық жұмыстың арнайы бөлімдерінде толық қарастырылған.  

Сонымен қатар вексельдер қолданып  есеп айырысулар нарықтық экономика жағдайында келешекте кең таралған төлем құжаттарының бірі болып саналады. Вексельдермен есеп айырысу ҚР-ның Ұлттық Банкі белгілеген тәртіп бойынша есеп кеңселері арқылы жүзеге асырылады

Сатып алушылардың берешектерін есепке алуды ұйымдастырудың маңызды шарты ретінде мекеменің тиісті қызметтері жөнелтілген немесе сол жерде сатып алушыға босатылған тауарлық-материалдық  қорларға тауарлық ілеспе құжаттарды дұрыс рәсімдеу және оларды сатып алушыларға есеп айырысу шоттарын ұсыну үшін бухгалтерияға уақытында өткізу болып табылады.