МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ............................................................................................................ 3

 

1 АҚША ҚАРАЖАТЫ ЕСЕБІНІҢ НЕГІЗГІ НЫСАНДАРЫ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ ӘДІСТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Ақша қаражаттары есебінің теориялық және методологиялық негіздері..............................................................................................6

1.2 Кәсіпорынның  төлем қабілеттілін талдау әдістері................................. 21

1.3 ХҚБС сәйкес ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру...... 28

 

2 «КАЗАГРОӨНІМ» АҚ –НА СИПАТТАМА ЖӘНЕ ОНДА АҚША  ҚАРАЖАТЫ  ЕСЕБІНІҢ ЖҮРГІЗІЛУІ

2.1  «КазАгроӨнім» АҚ  –нің  экономикалық сипаты, оның қаржылық жағдайы және есеп саясаты..........................................................

34

2.2 Ақша қаражатының синтетикалық және аналитикалық есебі............... 45

2.3 Қоғамда  ақша қаражаты қозғалысының рәсімделуі...................... 52

 

3 «КАЗАГРОӨНІМ» АҚ –НЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ АҚША ҚАРАЖАТТАР  ЕСЕБІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1«КазАгроӨнім» АҚ-ның ақша қозғалысын талдау............................ 56

3.2«КазАгроӨнім» АҚ-нің төлем қабілеттілігін талдау.............................. 77

3.3 Ақша қаражаттар есебін жетілдіру жолдары.......................................... 82

 

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................ 90

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗІ 92

 

ҚОСЫМША А «ҚазАгроӨнім» АҚ   -нің 2010 ж Бухгалтерлік балансы.....................................................................................................94

ҚОСЫМША Б «ҚазАгроӨнім» АҚ   -нің 2010ж  Пайда мен зиян есебі.................................................................................................................96

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      КІРІСПЕ

 

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Нарықтық экономикада коммерциялық ұйымға экономикалық қызметін тиімді ету үшін осы ұйымның ақша қаражатының жағдайы және ақша қозғалысы туралы нақты және сенімді ақпараттың болуы. Мұндай ақпаратпен дұрыс таңдалған бухгалтерлік есеп, талдау және ақша қаражатының қозғалысын сенімді болжауы және жоспарлауын қамтамасыз ете алады.

Қазіргі таңдағы шаруашылық шарттарында көптеген кәсіпорындарда өз дамуының стратегиясы мен тактикасын жеке таңдау мүмкіндіктері бар. Кәсіпорынның өзін өзі қаржыландыруы басты мәселе болып табылады. 

Кәсіпорын қаржысы мемлекеттің қаржы жүйесінің негізі болып табылады, себебі кәсіпорындар халық шаруашылық кешенінің негізгі бөлігі. Кәсіпорын қаржысының жағдайы жалпы мемлекеттік және аймақтық ақша қорларының қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуіне әсер етеді. Мұнда тікелей байланыс орнайды: кәсіпорындардың қаржылық жағдайы неғұрлым тұрақты болса, соғұрлым жалпы мемлекеттік және аймақтық ақша қорлары қаржы ресурстарымен қамтамасыз етіледі, әлеуметтік-мәдени және басқа да қажеттіліктер қанағаттандырылады.

Ақша қаражаттары нарықтық экономикадағы ең дефицитті ресурстар болып табылады. Кәсіпорыннның қызметінің табысқа жетуі ең алдымен оның басшыларымен ақша қаражаттарын тарту  және оларды тиімді мақсаттарда бөлуне байланысты. Кәсіпорынның тұрақты қызмет етуі үшін негізгі шаруашылықтың бірі ақша қаражаттарымен қамтамасыз етілу деңгейі болып табылады.

Кәсіпорынның белгілі бір уақытқа алынған жалпы капиталы тұрақты, алайда уақыт өте келе өзгеріске ұшырайды. Кәсіпорынның капиталы үнемі қозғалыс үстінде. Кәсіпорындар арасындағы бәсекелестік үнемі өзгерістегі шарттарға тез бейімделуді қажетсінеді. Мұндай шарттарға: біршама капитал салымын қажет ететін технологиялық жетістіктер, инфляция, пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісі, салықтық заңдылықтар – бұлардың барлығы кәсіпорын капиталының қозғалысына үлкен әсер етеді. Сондықтан да кәсіпорын аясындағы капитал қозғалысын тиімді басқара білу қажет.[2; 30]

Ақша қаражатының негізін, бөліну механизімін, оны жоспарлай және болжай білу, кәсіпорын қызметінің күтілетін нәтижеге жету, яғни пайда табудағы басты құралы болып табылады. Зерттеу тақырыбы осындай шарттарға негізделген.

Ақша қаражаттары – бұл кәсіпорынға жоғарғы өтімділікті қалыптастыратын және қызметті таңдаудағы еркіндік беретін активтердің ең өтімді категориясы.

Ақша туралы ғылым-негізгі ғылымдардың бірі болып табылады. Оның негізгі экономикалық, ақша қатынасын қарастыратын және ақша ағынын дұрыс пайдалану туралы ғылымдар жатады. Ақша жүйесінің негізгі пайыздары мен функцияларын жетік білу және оларды дұрыс пайдалану мемлекеттің қаржы жүйесінің дұрыс жұмыс жасауының алғы шарттары болып табылады.

   Дипломдық  жұмыстың мақсаты ақша қаражаттары есебін ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік ережесін анықтап, ақша есебінің экономикалық категория ретінде мазмұнын, мақсатын және мүдделі міндеттерін ашу үшін әдебиет көздерін зерттеу және мәліметтер мен деректерді, заңнамаларды елеу негізінде, оның қызметінің теориялық сипатын беру, ақша қаражаттары есебін ұйымдастыруды жетілдіруге, тиімділігін арттырудың жолдарына әдістемелік және іс тәжірибелік ұсыныстарын жасау және «ҚазАгроӨнім» АҚ    – дағы  ақша қаражаты есебінің, есеп берулердің жағдайын, халықаралық есеп беру стандарттарына сәйкес құру және ұсынылу тәртібін және оларды жетілдіру жолдарын ұсыну болып табылады.

Әлемдегі көптеген экономист ғалымдардың еңбектерінде ақша есебі тақырыбы, оның маңыздылығы, қоғамның дамуындағы рөлі, экономикадағы алатын орны кең және терең зерттелген. Сонымен бірге тәжірибеде теориялық жағынан қамтылған және Батыс елдердің үлкен тәжірибесіне негіз болған ғылыми зерттеулер жарияланып жүр. Ғалымдар мен практиктердің жұмыстарында қаржылық бақылау тақырыбы кеңінен қамтылғанымен ақша есебі туралы өте аз зерттелген. 

Деректер базасының уақытша шектелуі үш жыл бойы қолданылған, яғни,  2007, 2008, 2010 жылдары. Қазақстандық - Дүйсенбаев К.Ш., Радостовец В.К., Нурсеитов Э.О., Абишева Ж.А., Раимбекова Р.М., Сейитқасымов Ғ.С., Нуреев Р.М., авторлары әдебиеті ғана емес,  сонымен қатар,  шетел – Хэндриксен Э.С., Ван Бреда М.Ф., Мэтьюс М.Р., Перера М.Х. сонымен қатар ресейлік авторлар – Королева Е.,стоянова Е.С., Савицкая Г.В., Шеремет А.Д.,  “Бухгалтер мен кәсіпкер кітапханасы” журналдары,   Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі туралы стандарты. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының бухгелтерлік есебіне сәйкес заңдар және сайттар қаралған.

Осы жоғары келтірілген мәселелер зерттелетін тақырыптың таңдалуына, мақсатына және қарастырылатын мәселелер шеңберіне негіз болып отыр.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі болып «ҚазАгроӨнім» АҚ   – сы табылыды.

Дипломдық жұмысты жазу барысында ҚР ақша қаражатының есебін жүргізуге қолданылатын нормативтік құқықтік актілер және ақша айналымын ұйымдастыру туралы заңдар, оқулықтардан алынған ақпараттар, басылымдар және кәсіпорынның қаржылық есеп беру құжаттары қолданылды. Қаржылық зерттеудің ақпараттық базасы балып қаралған кезеңдегі  «ҚазАгроӨнім» АҚ   – ның қаржылық есеп беру құжаттары, аналитикалық және синтетикалық есеп регистірлері табылады. 

Зерттеу әдістері: зерттеу барысында кәсіпорынның экономикалық ұйымдастырылу сипаты қарастырылады, қаржылық есеп берудің негізгі формаларының бірі- қаржылық есепті құрылу тәртібіне ерекше мән беріліп, соның негізінде кәсіпорынның табыстылығы, іскерлігі мен төлем қабілетілігі бағаланады. Зерттеудің логикалық,  экономикалық статистика, экономикалық талдаудың классикалық әдістері мен тәсілдері негізге алынған. Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері болып, бухгалтерлік есеп жөніндегі заңды-нормативтік құжаттар, зерттеу мәселесі бойынша арнайы және ғылыми әдебиеттер табылады.  

Бірқатар теориялық шешімдерді практикалық талдауларды негізге ала отырып ақша қаражаттарының есебін экономикалық категория ретінде оның әрі қарай құзыреттік құқықтық қызметтерін жетілдіру және халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес құру бойынша ұсыныстар жасайтындығында болып отыр.

Өткізілген зерттеуді топшылай отырып, бірқатар жаңалық ретінде мынадай нәтижелер алынды:

 ақша есебін құру және ұсынудың тиімділігін арттыру мақсатында,

ХҚБС – тің сақталуын қадағалау, жаңа технология мен әдістер мүмкіндіктері және бағыттары анықталған;

 халақаралық бухгалтерлік есеп стандарттарын шағын кәсіпкерлерге

жеткізу мақсатында кеңінен ақпарат тарату, үйрету, кеңестер беру мәселелері ғылыми негізделген;

 жұмыс тақырыбын толықтай ашу негізінде ақша қаражатының мәнін,

түрлерін, негізгі қалыптасу көздерін,олардың бөліну механизімін, ақша қаражаттарын жоспарлай және болжай білу тәртібін, кәсіпорын қызметінің күтілетін нәтижеге жету, яғни пайда табудағы басты мақсаттары мен қызметтерін, сондай-ақ ақша қаражаттарының дифициті және бос ақша қаражаттарын тиімді жұмсау, яғни ақша қаражаттарын оңтайландыру мәселелері қарастырылған;

 ақша есебі қатынастарын басқару жүйесіндегі ақша механизмін

функционалды элементі ретінде қолдану ұсынылған.

Дипломның құрылымы мен көлемі. Дипломдық  жұмыс компьютерде терілген  90 бетте (оның ішінде 19 кесте, 10 сурет, 2 қосымша) баяндалған, ол кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Сандық материалдар кестелерде, суреттерде және қосымшаларда келтірілген.

 

 

 

 

 

1 АҚША ҚАРАЖАТЫ ЕСЕБІНІҢ НЕГІЗГІ НЫСАНДАРЫ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ ӘДІСТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

      1.1 Ақша қаражаттары есебінң теориялық және методологиялық негіздері

 

Кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті көлемде меншікті капиталы болуы керек. Бұл үшін кәсіпорын табысты қызмет атқаруы тиіс. Осы мақсатқа жетуде ең маңыздысы ақша қаражаттарының келіп түсуі мен кетуін тиімі басқару, яғни ақша қаражаттарын мақсатты бағыттарда бөлу. 

  Ақша қаражаттары транзитті экономикадағы ең дефицитті ресурстар болып табылады және кәсіпорынның жеңісі көп жағдайда басшылардың қаражаттарын жинақтап оларды тиімді пайдалануында.

  Кәсіпорынның ақша қаражаттарын басқару кәсіпорын қарекетінің басты бөлігін қамтиды. Олардың қатарына айналым және айналымнан тыс активтерді, меншікті және қарыз капиталын басқару кіреді.

Ақша ағымдарын басқару кәсіпорынның капитал айналымын жеделдетуді қамтамасыз ететін қаржылық тетік болып табылады. Оған ақша ағымдарын нәтижелі басқару процесінде қол жеткізілетін өндірістік және қаржылық циклдардың мерзімі азайту және кәсіпорынның шаруашылық қырекетіне қызмет ететін капиталға деген қажеттілікті төмендету әсер етеді. Ақша ағымдарын тиімді басқару арқылы капитал айналымдылығын жеделдету негізінде кәсіпорын пайда сомасын ұлғайтуды қамтамасыз етеді.

  Ақша ағымдарын басқару арқылы ішкі көздерден қалыптасатын меншікті қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануды, тартылатын несиелерден кәсіпорынның тәеуелділігін төмендетуді жүзеге асыруға