МАЗМҰНЫ

 

І  Кіріспе..................................................................................................................3

1.1. Есеп саясаты туралы түсінік және оған қойылатын талаптар.....................5

1.2. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру түрлері мен техникаларын таңдау.......7

 

 

ІІ  Кәсіпорынды ұйымдастыру аспектілеріндегі есеп саясаты....................8 

2.1. Есеп саясатының мазмұны..............................................................................8

2.2. Есеп саясатын дайындау................................................................................10

2.3. Есеп саясатының әдістемелік аспектілері....................................................11

2.4. Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру түрі...................................................12

2.5. Бастапқы құжаттама және бухгалтерлік есеп формалары.........................13

2.6. Есепті орталықтандыру деңгейі....................................................................18

2.7. Ішкі өндірістік бақылау.................................................................................19 

 

ІІІ Қорытынды....................................................................................................32 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................33

 

 

 

 

 

І  Кіріспе 

 

Есеп саясаты – бухгалтерлік есепті жүргізу тәсілдерінің жиынтығы.  Бухгалтерлік есеп – ағымдық топтастырудағы және шаруашылық қызметіндегі деректерді жинақтап қорытудағы құндық өлшем, бастапқы бақылау. 

«Есеп саясатын» ұғымы барлық нормативтік актілерде теңдей  түсіндірілген. Ұйымның есеп саясаты бойынша «ағымдық топтастырудағы және шаруашылық қызметіндегі деректерді жинақтап қорытудағы құндық өлшем, бастапқы бақылау – бухгалтерлік есепті жүргізу тәсілдерінің жиынтығы ретінде қабылданған» деген ұғым қалыптасқан.  

Реформалау кезеңінде қарастырылғандай ұйымның есеп саясатын құру барысында пайдаланылатын жорамалдар өзгерісі байқалмады, оған қатыстылар:  

• мүліктік жекелеу жорамалы (ұйымның активтері мен міндеттемелері осы ұйымдағы меншік иесінің активтері мен міндеттемелерінен және басқа да ұйымдардың активтері мен міндеттемелерінен жекелеу есебінен болады); 

•    қызметтің үздіксіздік жорамалы (ұйым өз қызметін келешекке көз жеткізе отырып жалғастыратын болады, мұнда өлшем мен таратуға қажеттілік немесе қызметті қысқарту болмайды, олай болса, міндеттемелер белгіленген тәртіппен өтелетін болады); 

•    есеп саясатын қолданудағы жүйелілік жорамалы (ұйымда қабылданған есеп саясаты бір есеп жылынан келесіге қарай жүйелі қолданылады); 

•   шаруашылық қызметіндегі деректердің уақытша айқындылық жорамалы (ұйымның шаруашылық қызметіндегі деректер осы деректермен байланысты ақшалай қаражаттың келіп түсу немесе төлем кезіндегі деректерге тәуелсіз орын алған есептік кезеңге қатысты). 

Ұйымның есеп саясатын пайдалану нәтижесінде бухгалтерлік есептен алынған ақпараттардың сапасына қарай ұсынылған талаптар өзгеріске ұшыраған жоқ. 

Бухгалтерлік есеп жөніндегі ережеде ақпараттардың сапасына мынадай талаптар қойылады: 

• толықтылық талабы  (шаруашылық қызметіндегі барлық деректерді бухгалтерлік есепте толығымен көрсету);

• уақыттық талабы (шаруашылық қызметіндегі деректерді бухгалтерлік есепте және бухгалтерлік есептілікте өз мерзімінде көрсету);

• сақтық талабы (құпия резервтерді құруға жол бермей, мүмкін болатын табыстар мен активтерге қарағанда, бухгалтерлік есептегі міндеттемелер мен шығындарды мойындауға зор дайындық);

• форма алдындағы мазмұнның басымдылығы талабы (олардың құқықтық формаларымен қатар шаруашылық жағдайы мен экономикалық мазмұнынан келіп шығатын шаруашылық қызметіндегі деректердің бухгалтерлік есепте көрініс алуы);

• қарама-қайшылықсыздық талабы (әр айдың соңғы күнтізбелік күніне арналған жинақтау есебіндегі есеп бойынша қалдық айналымға талдау есебі деректерінің тепе-теңдігі);

• ұтымдылық талабы (ұйымның аумағы мен шаруашылық жағдайына қарай бухгалтерлік есепті ұтымды жүргізу). 

Осы Ережеге сәйкес «ұйымда жүргізілге барлық шаруашылық операциялары растау құжаттарымен ресімделуі тиіс. Бұл құжаттар бастапқы есеп құжаттары қатарына жатады, соның негізінде бухгалтерлік есеп жүргізіледі». Осылайша, форма алдындағы мазмұнның басымдылығы талабы қазақстандық ұйымдарда көп қолданылмаған, соған сәйкес жоғарыдағы ереже ведомстволық нормативтік актілерден басым тұрады. Сонымен, бухгалтерлік есеп жүргізуге қойылатын талаптар – экономикалық мазмұнның емес, мәмілелерді заңды түрде ресімдеудің жалғыз жолы. 

Курстық жұмыстың мақсаты – бухгалтерлік есепті жүргізу тәсілдерінің көрсеткіші ретіндегі есеп саясаты түсінігін жан-жақты ашып көрсету, оның басты белгілерін айқындау.  

Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі керек:

- есептілік тенденцияларын үйрену;

- еліміздің кәсіпорындарындағы бухгалтерлік есепті жүргізу ісіне талдау жасау.

Зерттеу обьектісі: Есеп саясаты.

Бұл жұмыста зерттеудің теориялық және тәжірибелік негізі ретінде заң актілері, ҚР Президентінің Жолдаулары, отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектері пайдаланылды.  

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

Кәсіпорындағы, ұйымдағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру түрлері мен техникаларын таңдау, бухгалтерлік есеп формаларын таңдау жөніндегі ұсыныстар жұмыстың ғылыми жаңалығын қамтиды.

Осы реттегі қол жеткізген жаңалықтар:

- теориялық сараптама негізінде есеп саясатының ерекшеліктері, әдістемелік аспектілері терең талданып, қорытылды;

- есеп саясатына қойылатын талаптар, оның артықшылықтары анықталды;

- еліміздегі есеп саясатының заңнамалық құжаттарын жетілдіру перспективасына болжам жасалды.

Зерттеудің өзектілігі негізінен есеп саясатын халықаралық стандарттарға сәйкес етіп құру жолындағы оның механизмдерін жетілдіру осы курстық жұмыста қолданылатын әдіс-тәсілдер мен ұсыныстар арқылы айқындалады. Зерттеу құжаттарын экономика, заң, қаржы саласында, есеп саясатын қалыптастыру мақсатындағы жобаларды жасауда пайдалануға болады. 

Жұмыс құрылымы мен көлемі:

Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.