Мазмұны

 

 Кіріспе.......................................................................................................................

                        

1. Өндірістегі материалдар есебі.    

 

1.1 Өндірістегі материалдар есебін    ұйымдастыру және жетілдіру әдістері...

1.2 Тауарлы -материалдық қорларды бағалау түрлері және ХБЕС-да

 есептелуі  ерекшелігі мен кемшіліктері.............................................................

1.3.   Өнімнің өзіндік құнын калькулятциялау  есептеу  әдісі..........................

1.4. Өндірістік материал қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы 

есебі ........................................................................................................................

1.5. Өндірістегі материалдық   қорларды түгендеу............................................

 

2.  Кәсіпорын  өндірістегі материалдар есебінің аудиті

       

2.1.  Өндіріс материалдар аудиті.........................................................................

2.2. Кәсіпорындағы аяқталмаған өндіріс аудиті................................................

 

2. Өндірістегі материалдар есебін талдау және жетілдіру.

 

3.1.Өндіріс   материалдық қорлардың пайдалану тиімділігін талдау..............

3.2. Тауарлы - материалдық  қорлар   құрылымын талдау................................

3.3. Тауарлы-материалдық қорлардың қалыптасу көздері................................

 

 

 Қорытынды...........................................................................................................

 

Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................

    

Қосымшалар. 

                               

                                             

 Кіріспе.

    Менің дипломдық жұмысым тақырыбы «Өндірістегі материалдар есебін жетілдіру және талдау» деп аталады. Бұл тақырыпты таңдаудағы себебім; шикізаттан дайын дейін өтетін процестердің бухгалтерлік есепте жүргізілуі және талдауы мен аудитін тереңірек зерттеуім нәтижесінде қызығушылық пайда болды. Қазіргі жағдайда шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты талдап, оны дұрыс жолға қоймайынша сонымен қоса сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес. Бүгінгі таңда экономиканың барлық саласындағы жеке немесе заңды кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары материалдар мен шикізаттарды үнемді жұмсауға, нарықтық бәсекеге сай өнім өндіруге және өнімнің сапасын жоғарылатып өзіндік құнын төмендетуге сонымен қоса айналаға зиян келтірмеуге тырысуы тиіс. Бухгалтерлік есеп қаржылық есептілік туралы 8-і №234-III ҚРЗ)    заң  қабылданды. Бұл заңда бухгалтерлік есептің ХБЕС-на сай жүргізілуін керектігі жазылған. Жаңа заңға көптеген өзгерту енгізіліп бухгалтерлік есептің дұрыс, әділ, дұрыс ұйымдастыру реті қарастырған. Кәсіпорынның ең маңызды пайда көзі бұл өнімді өндіру мен сату жағдайы болғандықтан аса   зор роль атқарады.

     Кез-келген кәсіпорынның тауарлы-материалдық қорларды, ақша қаражаттарды және басқа да ресурстарды заңсыз немесе тиімсіз жұмсауға жол бермеуіміз керек. Осы қателіктерді болдырмауға бухгалтерлік есептің маңызы зор, өйткені кәсіпорынның шығындары жоғарылап тауар бағасы артатын болса онда ол кез-келген адамға немесе мемлекетке әсер етуі мүмкін. Сол себептен бухгалтерлік есеп материалдың сақталуы, шығындар нормасының төмендеуі, материалдарды тиімді қолдануы туралы мәліметтерді жинақтайды. Өнім сапасы халықаралық талаптарға сай болуы немесе ИСО 9000: 2001 сапа сертификатына сай өнім шығару. Өндірістегі материалдар есебін дұрыс жүргізілуі кәсіпорынның таза табыс табу мүмкіндігіне осы тұстан басталғандықтан жауапкершілік, ұқыптылық, ізденпаздық және басқару қабілетін өте жоғары талап етеді.

     Өндірістегі материалдар субъектісі айналымдық қорының негізгі бөлігі болып табылады. Оның құрамына шикізаттар мен материалдар, жартылай фабрикаттар, отын және аяқталмаған өндіріс, тауарлар кіреді. Тауарлы-материалдық қорлар есебінің жалпы принциптері бухгалтерлік есептің №:7 «Тауарлы-материалдық қорлар есебі» стандарты негізінде ұйымдастырылып, мұнда есептің негізгі бағыттары көрсетілген:

- Тауарлы-материалдық қорлар өзгерісі;

- Тауарлы-материалдық қорлардың өзіндік құны және бағалануы;

- Шығындардың есептелуі;

- Есеп берудегі айқындама. 

Нарықтық экономика жағдайында материалдық қорлардың айналымдылығын жоғарылату маңызды және нақты көрсеткіші болып табылады. Негізінен кәсіпорындарда материалдардың үлес салмағы өнеркәсіптерде 70-75% құрайды, яғни табыс түсірудің қайнар көзі болып табылады.  Менің негізгі мақсатым «Ақ-қаймақ»ЖШС-де жүретін тауарлы-материалдық қорлардың алатын орнын, оның ұйымдастырылу тиімділігін, оның дұрыс бағалануын анықтау қажет. 

  Дипломдық жұмысымдағы негізгі мақсатым төмендегі мәліметтерді қарастырып шығу:

- Тауалы-материалдық қорлардың бухгалтерлік есебі;

- Тауарлы-материалдық қорларды бағалау мен жіктеу;

- Қоймадағы материалдар есебінің ұйымдастырылуы;

Тауар мен қамтамасыз ету негізінде  құрылды. 2000жылы  21-қаңтар айында «Ақ-қаймақ » жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып  (№12421-1958-ЖШС) тіркелді.

   Елбасының аграрлық саясатты дамыту бағдарламасы сәйкес ауыл шаруашылығының өнімдерін дамыту керектігі жолдауда басып айтылған балатын. Бухгалтерлік есептің кәсіпорын экономикасының жоғары өркендеуіне зор үлес қосады. Өйткені бухгалтер міндеті, жауапкершілігі,  өнімнің бағасы мен сапасының жоғоры болуына үлкен үлес қосады.