МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе3

1.Ұзақ мерзімді міндеттемелер түсінігі, мәні мен мазмұны4

2.Ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі6

2.1 “Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер есебі”6

2.2 “Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек есебі”12

2.3 ”Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері”19

2.4  4300 “Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер есебі”21

2.5 “Өзге  ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі”31

Қорытынды34

Қолданылған әдебиеттер тізімі37

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазіргі нарықтық экономикадағы  шаруашылық субъектілерін және олардың қандай салада қызмет атқаратындығында қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының да міндеттемелері, оның ішінде ұзақ мерзімді міндеттемелері болады. Кез келген өндіріспен айналысатын субъекті сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналысатын шарушылық субъектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші яғни жабдықтаушы субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де, саудамен де айналыспайтын субъектілердің өзінің қарамағында жұмыс істейтін жұмысшы қызметкерлерге олардың істеген еңбегі үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шетелдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан субъектілер көптеп кездеседі. Сондықтан да олардың мақсаты мен міндеттерін қарастыру қажет. Осыған байланысты ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелердің өзекті міндеттері мен мақсаттарын қарастырайық.

Курстық жұмыс тақырыбының негізгі өзекті мақсаты- қарыз ақша қаражаттары есебінен өндіріс тиімділігін арттыру және тағы да басқа алға қойған мақсаттарды орындау.

Курстық жұмысының тақырыбының міндеттеріне келетін болсақ, ол келесідей түрде болады:

- Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттеме бойынша: кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту, қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету;

- Ұзақ мерзімді кредиторлық борыштар байынша: жабдықтаушылардан қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, кәсіпорынның өз қаражаты жетпеген жағдайда жалгерлік арқылы белгілі бір ғимарат пен басқа да қажетті заттармен қамтамасыз ету және тағы да басқалар.

Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелерге келетін болсақ, салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі. Осының нәтижесінде уақытша және тұрақты айырмашылықтар, сондай-ақ уақытша айырмашылықтардан салықтық тиімділік туындайды.

Осы айтылғандар туралы толық түсінік беретін қаржылық есептің ең негізгілерінің бірі болып саналатын тақырыптардың бірі - ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі. Ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі қаржы-шаруашылық қызметінің бұрынғы бас шоттар жоспарында 6-шы “Міндеттемелер” – деп аталатын бөлімінде қарастырылған. Ал қазіргі ҚЕХС бойынша шоттар жоспарында 4-ші “Ұзақ мерзімді міндеттемелер”- деп аталатын бөлімінде көрініс табады.