Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Қаржылық инвестициялар есебі.

1. Инвестициялардын ұғымы және оның жіктелуі

2. Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің,           

                    еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициясының  

                    есебі.

3. Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктің 

          инвестициясының есебі.

4.       Қаржылық инвестициялардың есебі

5.       Қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы құнын және ұзақ 

          мерзімді қаржылық инвестициясын қайта бағалауын анықтау. 

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

Кіріспе

Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық кызметтің мақсаты — түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.

Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) құн немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны өзінің табысының (таратылған) қаражаттарының есебінен жұмылдырады. Негізгі капиталды жаңартуға арналған инвестиция кезі болып кәсіпорынның меншігінде қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген критерийлерін алдын ала айқындайды.

Қаржылық инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне қарай, қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.

Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша: қаржылық және нақты болып бөлінеді.

Нақты инвестициялар - бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және материалдық-өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар.

Қаржылық инвестициялар - бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивидендтер және жалға ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар (мысалға, коммерциялық мәміленің нәтижесі). Сондай-ақ, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы (құнды) қағаздар да саналады. Барлық бағалы (құнды) қағаздар екі топқа бөлінеді — ақшалай және күрделі (капиталды) болып. Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар және т.б. жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар өзінің номиналдық (атаулы) құнынан темен бағаға сатып алудың есебінен қалыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, кысқа мерзімге (бір жылдан аспайтын уақытқа) беріледі.