Жоспар

 

Кіріспе -----------------------------------------------------------------------1.Бөлім. Аудиттің теориялық негізі мен ерекшеліктері 1.1.Аудиттің мәні және түрлері  -------------------------------------------

1.2.  Аудиттің  әдістері мен принциптері------------------------------

 

2. Бөлім.  Шығыстармен табыстардің экономикалық маңызы  2.1.  Табыстар,  шығыстардың экономикалық мәні---------------

2.2.  Табыстылық көрсеткіштерді (салыстырмалы, абсолютті)--

 

 

3.Бөлім.  Шығыстармен табыстардің аудиті

3.1. Шығыстардың аудиті -----------------------------------------------

3.2.  Табыстардың аудиті ------------------------------------------------

 

Қорытынды----------------------------------------------------------------

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі ----------------------------------------

 

Қосымшалар ----------------------------------------------------------------

 

Кіріспе

 

Қазіргі нарықтық жағдайда қаржы, ұйымдарда маңызды орын алады. Республикамыздағы қаржы жүйесі  максималды түрде халықаралық қаржы стандартқа жақын қарастырылған.

Қаржының тұрақтылығы мен рентабельділікке талдау жүргізу мәліметтері ұйымдардың жедел басшылық жұмысы және олардың құрылымдық бөлімдері үшін қолданылады, мемлекеттік қаржылық есеп беруді құрастыру үшін, экономикалық болжамды және ағымдағы жоспарды, қорыта келе, еліміздің экономикасын дамыту заңдылықтарын оқып білу және зерттеу қажет.

Қазіргі заман шартында шаруашылықпен айналысатын ұйымның қаржы жүйесі заманға сай, толық және дұрыс экономикалық ақпараттарсыз күрделі экономикалық механизммен басқару тәжірибелі түрде жүргізу мүмкін емес.

Курстық жұмыстың мақсаты табыс және шығысты танып білу және алдағы кезеңдегі жағдайын қарастыру болып табылады.

Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Әр бөлім атауларына сай толық ашылады. 

1-бөлім Аудиттің экономикалық сипаттамасы жазылады.

2- бөлім Табыс пен шығыстарға жалпы түсінік

3-бөлім Табыстармен шығыстардың аудиті 

Осы бөлімдер  бөлімшелерден тұрады. Осы жұмысты жазу кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулылары және заң актілері білімді экономистердің теориялық және тәжірибелік бағыттары, жұмыстары қолданылды. Бұл жұмыста статистикалық экономика-математикалық және жеке ауқымды зерттеу әдістерін қолдана отырып, кәсіпорынның қаржылық есеп беру мәліметтеріне талдау жасалған.

Бірінші бөлімінде аудиттің экономикалық сипаттамасы жазылады қарастырылады. Яғни, көптеген білімді экономистердің теориялық, тәжірибелік бағыттары және жұмыстары қолданылады. Сонымен қатар, қарастырып отырған мекеменің экономикалық сипаттамасы қаралады.

Екінші бөлімінде Табыс пен шығыстарға жалпы түсінік, оның ішінде өндірістік рентабельділік, табыс есептері қарастырылады.

Үшінші бөлімінде Тек табыстармен шығыстардың аудитін қарастырылады.

Қаржылардың келіп түсуінен және жұмсалуынан қаржы нәтижесі орныдалады. Мұнда қаржы көрсеткіштерінгің деңгейін және өсіңкілігін талдау, рентабельділік көрсеткіштеріне кестелер түрінде талдау жасалған. 

Бизнестің кәсіби аудит проблемасын зерттеудің көкейтестілігі мүмкіндігінше аз шығынмен аса жоғары экономикалық тиімділікке қол жеткізуді оңтайлы ұйымдастыруға ұмтылатын барлық қатысушылардың мүддесінен білінеді. Аудит жоспарлау, талдау, үйлестіру, есеп, ұйымдастыру, бақылау және реттеу сияқты басқару қызметтерімен тығыз байланысты. Егер есептің көмегімен ақпарат көздері қалыптасатын болса, онда оның кешенді аудиті шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық процестерін жоспарлау, ұйымдастыру және реттеу барысында жіберілген кемшіліктер мен қателіктерді анықтауға және оны қайтадан болдырмауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасында индустриясы дамыған елдердің озық тәжірибесіне сәйкес бизнестің жаңаша кешенді тәуелсіз кәсіби аудиті жүзеге асырылуда. Операциондық аудит пен қаржылық есептілік аудит және оның басқа да маңызды түрлері посткеңестік аумақтарда нарықтық экономиканың қалыптасуындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ғылыми негізделген ұсмыныстармен және шындыққа жанасымды ақпараттармен мүдделілік танытатын пайдаланушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.