МАЗМҰНЫ

 

        Кіріспе..............................................................................................................3

 

1.     Өндірістік есептің ұйымдастырылуын теориялық 

         тұрғыдан        зерттеу.

1.1    "Шымкентсыра" АҚ сыра өндірісініңтехнологиясы..........................5

1.2    Шығындар түсінігі, олардың жіктелуі мен есептеудің  

         маңыздылығы......................................................................................8

1.3 Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру......................................15

 

2.   Шығындар есебін жүргізу мен өнімнің өзіндік құнын 

       калькуляциялау әдістері

2.1.    Өнімнің, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнын 

          калькуляциялаудың жалпы ережелері..........................................................22

2.2     Өндірістік шығындарды есепке алу және өнімнің

          өзіндік құнын калькуляциялау әдістері........................................................28

2.3     "Шымкентсыра" АҚ-да өндіріс пен өндірістік

          есепті ұйымдатыру ерекшеліктері.................................................................38

 

3.    Өндірістік шығындарды талдау және оларды есепке алу 

        әдістерін жетілдіру жолдары

3.1.  Кәсіпорын бойынша өндірістік шығындарды талдау................................49

3.2.  Тауарлық өнімнің бір теңгесіне жұмсалған шығындарды талдау

       әдістерін жетілдіру жолдары...........................................................52

3.3  Өнім өндіру мен өткізу барысында талдаудың міндеттері мен     

        ақпараттық   қамтамасыз етуі......................................................................55

 

            Қ о р ы т ы н д ы................................................................................................65

        Пайдаланган әдебиеттер............................................................................66

 

 

 

Кіріспе

 

         Қазіргі таңда кәсіпорынды басқарудың ғылыми тәсілін дамыту қажеттілігі туындап,  ақпараттық жүйелер кеңінен дамып,  бухгалтерлік есеп және аудит мәліметтеріне талап күшеюде. Соның ішінде өндірістік шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнының калькуляциясына басты назар аударылуда. Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі кәсіпорындар мен фирмалардың   жұмысында аталған учаскелердің бухгалтерлік есеп жүйесінде "басқару есебі" деп бөлінуі жай емес.

         Басқармалық ақпарат қазіргі жағдайда өндірісті басқарудың ажырамас бөлігі, ал басқару есебі басқарманың барлық деңгейін жеткілікті түрде қажет ақпаратпен қамтамасыз етуге жағдай жасайды.Шығарылған өнімнің нақты өзіндік құнына және өндірістің рентабельділігіне  өндірістік шығындардың құрамы, өндірістің технологиясы мен ұйымдастырылуы, салалық ерекшеліктері үлкен ықпал етеді. Сондықтан өнеркәсіптің  барлық салаларында басты назар капиталдық, еңбек, қаржы ресурстарын, табиғат байлықтарын дұрыс және тиімді пайдалануға, артық шығындарды жоюға аударылуы тиіс. Аталған мәселелердің қазіргі уақыттағы өзектілігі дипломдық жұмыс тақырыбын таңдауға негіз болды.

Дипломдық жұмыс Шымкент сыра зауытының нақты материалдары негізінде орындалды. Шымкент сыра зауыты эксплуатацияға 1976 жылы желтоқсан айында енгізілді. Бұған дейін Шымкент қаласында сыра 1974 жылы салынған "Южказпиво" зауытында өндірілетін еді.

1978 жылы ақпан айында жаңадан салынған сыра өндіру зауытының базасында алкагольсіз сусындар өнеркәсібінің Шымкент өндірістік бірлестігі құрылды. Оның құрамына Қызыл-Орда, Кентау қалаларының алкагольсіз сусын зауыттары және Шымкенттегі бұрынғы "Южказпиво" зауыты кірді.

1986 жылы Қазақ ССР тамақ өнеркәсібі министрлігінің бұйрығымен Қызыл-Орда зауыты дербес өндірістік бөлім ретінде бөлініп шықты. Қазіргі кезде зауыт "Шымкент сыра" акционерлік қоғамы ретінде тіркелген.                 

         Дипломдық жұмыстың басты мақсаты "Шымкентсыра" АҚ өндірістік шығындар есебін жүргізу және өзіндік құнды калькуляциялаудың ерекшеліктерімен танысып, алдыңғы қатарлы шетелдік әдістермен салыстыру негізінде сыра өнімдерінің  өзіндік құнын  бақылау мен шығындар есебін ұйымдастыруды жетілдіруге бағытталған кейбір мәселелерді зерттеу болып табылады.

         Өндірістік есептің ұйымдастырылуы өндіріс ерекшеліктеріне             тікелей байланысты болғандықтан жұмыстың бірінші тарауында  зерттеліп отырған кәсіпорындағы сыра  өндірісінің технологиясы қарастырылып, шығындардың жіктелуі мен олардың есебін жүргізу тәртібі зерттелді.

         Дипломдық жұмыстың екінші тарауы шығындар есебін жүргізу әдістеріне қысқаша сипаттама беріліп, "Шымкентсыра"  АҚ өндірістік шығындар есебін жүргізу және сыраның өзіндік құнын калькуляциялау ерекшеліктерін қарастыруға арналды.

         Дипломдық жұмыстың үшінші тарауында сыра өндірісіне жұмсалатын шығындар жан-жақты талданып, шығындар есебін ұйымдастыруды жетілдіру және өзіндік құнды төментету жолдары ұсынылды.Дипломдық жұмысты орындау барысында отандық және шетелдік ғалымдардың  озық еңбектері, заң және нормативтік актілер,  статистикалық ақпараттар, баспа материалдары және "Шымкентсыра" АҚ есептік мәліметтері қолданылды. Жұмыс  нақты мысалдарға, есептеулерге негізделген сипатта орындалғандықтан, практикалық құндылығы жоғары деп есептейміз.